Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 2 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Максим Иванович Милевский (қазақша)

Максим Милевский 1923 жылы Павлодар облысы, Лозов ауданы (қазір Успенка ауданы), Павловка ауылында шаруа отбасында дүниеге келеді. Ұлты украин, КОКП мүшесі. Орта мектепті аяқтаған соң туған селосында еңбекке араласты. 1942 жылы ақпанда Лозов райвоенкоматымен Қызыл Армия қатарына шақырылады. Кіші командирлер мектебін бітірген соң, Сталинград, Оңтүстік, 4-ші Украин, І-ші Балтықмаңы, 3 – ші Беларус майдандарына қатысқан.

Жау күшін қайта топтастырып, екінші рет алғашқысынан да қатты өршелене түсті.
Ақпанның қытымыр аязына қарамастан артиллеристер қызулы-ақ: олар шинельдері мен сырмаларын сыпырып тастап, түйдек-түйдек оқ атуда. Неміс автоматшылары жата-жата қалысты. Сол кезде гвардияшы аға сержант Милевский зеңбіректің жанына нысанашы мен оқ атушыны қалдырып, екі жауынгерді қасына ерітті де, алға шығып гитлершілерге граната лақтыра бастады.

Осылай кеңес артеллерисі мен оның жауынгер жолдастары арқасында жаудың төрт тұтқиыл шабуылын қайтарған олар, көздеген рубежді алып, 60 гитлерліктерін мерт қылады. Біздің өзге атқыштар бөлімдерінің бағытын қалпына келтіріп берді.