«Абай жолы» романындағы антропонимдер
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу тарихынан 5
2 «Абай жолы» романындағы араб-парсы тілдерінен енген антропонимдер 10
3 «Абай жолы» романындағы орыс антропонимдері 13
4 Қазақ тіліндегі жалқы есімдердің морфологиялық құрылысы 16
5 «Абай жолы » романындағы антропонимдердің жасалу жолдары түбір тұлғалы есімдер 20
6 Араб – парсы тілінен енген түбір есімдер 21
7 «Абай жолы » романындағы біріккен тұлғалы есімдер 22
8 « Абай жолы» романындағы антропонимдердің сөз таптарына қатынасы 26
9 «Абай жолы» романдағы сан есімдерге байланысты антропонимдер 27
10 «Абай жолы » романындағы антропонимдердің мағыналық топтары 28
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер 35
Кіріспе
Қазақстанда жалқы есімдерді зерттеу мәселесі 1945 жылдан кейін басталды. Бұл пікірімізге мысал етіп Г.Конкашпаев, Н.Баяндин, С.Алиев, Д.Ж.Кармышева т.б ғалымдардың топономикалық атауларға арналған еңбектерін атауға болады. 1955 ж. бастап қазақ антропономикасы ғылыми зерттеудің тұрақты нысанына айналды.
Қазақ тіл біліміндегі бұл саланың басында Т.Жанұзақов тұрды.
Антропономика - ономастиканың бір саласы болып, ол адам аттарының құрамын, құрылысын олардың келіп шығу заңдылықтарын, мағыналық ерекшеліктерін т.б. жақтарын лингвистикалық тұрғыдан зерттеп үйренеді.
Адам аттары, бірінші кезекте, адамның қоғамдағы орнын ажыратып көрсету үшін қойылады. Адам аттары қоғам үшін өте қажет. Олардың қоғамдағы рөліне қалай болса, солай қарауға болмайды. Антропонимдер басқа сөздер сияқты тілдердің заңдылықтарына бағанады, сондықтан тіл жүйесінің негізгі бір бөлімін құрайды және этнография, тарих, социология және құқықпен бірге лингвистикалық байланыста зерттеледі.
1. Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу тарихынан
Қазақ ономастикасы бүгінгі таңда өз нысанын кеңейтіп, өз алдына тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып, біршама жетістіктерге жетті. Қазақ ономастикасына арналған ғылыми еңбектер саны жағынан да, сапасы жағынан да өсіп одақтық дәрежедегі зерттеулерге жетіп қалды деп айтуға болады[1].
Қазақ ономастикасының тек қана бүгінгі жайы зерттеліп қоймай, оның ертедегі орта түркі дәуіріне тән жазба ескерткіштердегі ономастикадағы ғалымдардың зерттеу объектісі болды. Бұл жөнінде тілші ғалымдар А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақов, Ә.Нұрмағамбетов, Ә. Қайдар. В.У. Махбиров, А.Ибатов т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерін атап көрсетуге болады [2; 2-1]
Қазақ тіліндегі «Қазақ антропонимикасы» Т.Жанұзақовтың еңбектерінде жан-жақты зерттеліп бірнеше ғылыми мақалалар мен көлемді еңбектердің жарық көргенін айтсақ болады [3]. Сондай-ақ, қазақ антропонимикасы Е.Б.Бекмұхаметов, Н.Оңдасынов, Л.З.Рүстемов, Ә.Қайдаров, Ә.Мұқатаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз болды [4].
2 «Абай жолы» романындағы араб-парсы тілдерінен енген антропонимдер
Өзінің атын әлемге әйгілі еткен «Абай жолы» роман –эпопеясын жазуға М.Әуезов зор шығармашылық әзірлікпен келгені әртараптан-ақ көрінеді.
«Абай жолы» романының мақсаты ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ауылындағы тап қайшылығы мен тартысының жайы. Ескі рулық феодалдық засан көрінісін, үстем таппен езілуші таптың сан қилы қайшылық тартысын біз «Абай» романдарынан нағыз табиғи, шыншыл өмірдегідей қалпында оқып білдік.
«Абай» жолында жазықсыз өлім жазасына кесілген Қодардан бастап. «Абай жолы» романындағы тағы бір мәселе боранда жылқымен бірге үсіп өлгені суреттелген Алтыбай жылқышыға дейінгісінің барлығы ескі қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің жанды суреттері.
«Абай жолы» романынан біз ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының барлық өкілдерінің: байдың да, кедейдің де, молданың да, тілмаштың да өмірін танимыз.
3 «Абай жолы» романындағы орыс антропонимдері
Қазақ тілі сөздік құрамында көптеген орыс тілінен енген сөздер сөздік құрамның едәуір бөлігін құрайды.Мұның алғашқы дәуірі ХҮІІ ғасырдан басталады да алғашқы сөздер сауда –саттыққа, шаруашылыққа байланысты болып келеді де, кейін ХІХ ғ. Екінші жартысында Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты бұл процесс күшейе түседі.
1861 жылы крепостнойлық праводан азаттық алған орыстар Қазақстан территориясына лек-легімен ығыса бастайды.Қала берсе орыстың алдыңғы қатарлы демократиялық идеялы адамдары қазақ жеріне аударылды. Қазақ еліндегі мұндай әлеуметтік құбылыстар романда кең және жан-жақты суреттелген. Осыған байланысты романда толып жатқан орыс есімдері өте көп.
Бірінші топта жиі кездесетін, айтылатын есімдер орыстың классик ақындарының есімдері.
4 Қазақ тіліндегі жалқы есімдердің морфологиялық құрылысы
Жалқы есімдердің марфологиялық құрылысын Лингвистикалық бағдарда зерттеу өзекті мәселелердің бірінен болып саналады. Сондықтан да адам аттарының грамматикалық құрылысы бірқатар тілші ғалымдардың ғылыми еңбектерінде әр түрлі тілдердің материалдарында ашып көрсетілген.
Э. Бегматов өзбек тіліндегі жалқы есімдерді марфологиялық құрылысы бойынша дара, күрделі және қысқарған жалқы есімдер,- деп үшке бөледі [25; 120-125]. Ол өзбек тіліндегі жалқы есімдерді морфологиялық, лексикалық, синтаксистік тәсілдерден жасалатыны дәлелді мысалдар арқылы сипаттаған.
5 «Абай жолы » романындағы антропонимдердің жасалу жолдары
түбір тұлғалы есімдер
М.Әуезовтің «Абай жолы » романындағы кездесетін антропонимдердің жасалу тәсілдері қазақ тілінің грамматикалық құрылысы мен тілдік нормаларына байланысты болып келеді.
Әдетте, сөз жасалу тәсілі және сөздің тұлғалары тіл білімінің морфологиялық саласының объектісі. Түркі тілдеріндегі бұл сөз жасаушы тәсілдер ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан тәсіл.
Романда түбір тұлғалы да, біріккен тұлғалы да ,туынды тұлғалы да есімдер мол кездеседі.
Романдағы кездесетін түбір тұлғалы есімдер бұл өте ертеден келе жатқан есімдер болып саналады.
10 «Абай жолы » романындағы антропонимдердің мағыналық топтары
Романдағы төрт түлік малға байланысты антропонимдер ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда қазақ халқының ауыз әдебиетінің түрлі жанрларында төрт түлік мал көбірек айтылып отырады. Сондықтан да төрт түлік мал атауына байланысты ат қою кеңінен етек жайғаны мәлім [19;201]. Мысалы, романдағы төрт түлік малға байланысты есімдерден: Аққозы, Байтұяқ, Бурақан, Жамантай , Серке, Қаратай, Құлжатай, Құнанбай, Құлыншақ , Марқа.
Қорытынды
М. Әуезовтің «Абай жолы» романы өзінің көлемі жағынан да, қамтитын дәуірі жағынан да қазақ әдебиетіндегі ең бір құнды туындылардың бірі. Романда оқиғада көп және оған қатысатын кейіпкер де көп. Романда 450-дей адамның аты, 200-ден астам топоним толып жатқан этнонимдер бар. Ғалымдардың айтуына қарағанда романда антропоним, этнонимдер, топонимдер 101923.
Антропонимдерді лингвистикалық тұрғыдан зерттеу тіл біліміндегі маңызды мәселелердің бірі. Себебі, антропонимдердің тұлғаларында тек қана лингвистикалық мағына емес сол тілдің синтаксистік құрылысы да көрінеді. Антропонимдерде сол халықтың тарихы, әдет-ғұрпы сақталады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1971ж.
2. С. Аманжолов Вопросы диалектология и история казахского языка. Алма-ата, 1959 г.
3. Қ. Жұбанов . Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966 ж.
4. Ә. Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988ж.
5.Е. Бекмұхаметов . Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. Алматы,1977 ж.
6. М. Балақаев. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. Алматы, 1963 ж.
7. Б. Әбілқасымов. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы,1971 ж.
8. Ә.Әбдірахманов. Қашқари және ономастика мәселелері. « Қазақстан мектебі» № 20, 1971ж. 88-бет.
9. Ә. Әбдірахманов. Топономика-жаңа ғылым саласы. «Қазақстан мектебі» № 2,1978 ж.
10. І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев. Қазаіргі қазақ тілі / Лек. Фон./ Алматы, 1962ж.