Қылмыстық құқық негіздері
ЖОСПАР
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ 3
1.1. Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері 3
1.2. Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері 7
1.3. Қылмыстық жаза 11
1.4. Қылмыстың жекелеген түрлері 15
1.5. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 21
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, коғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.
Біріншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Бұл қатынас қылмыстың істелуіне байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
1.2. Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Мемлекет оз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік міндеттерді қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқықтық жауапкершілік жүктеледі. Құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып табылады да, ал оған дәйекті түрдегі негіздер болуы керек.
Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауына кепіл бере отырып, азаматты жауапқа тарту үшін қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері болуын талап етеді.
1.3. Қылмыстық жаза
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады.
Жаза - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Жазаның белгілері:
1.4. Қылмыстың жекелеген түрлері
Жеке адамға, оның өміріне жасалған қылмыстар ең аса қауіпті қылмыстар болып саналады. Бұл ең бірінші, адам өлтіру.
Адам өлтіру дегеніміз басқа адамға кұқыққа қарсы қасақана қаза келтіру болып табылады. Адамның өмірін табиғат берген, маңызды әлеуметтік құндылық, ол оны туғаннан иемденеді.
Объектісі басқа адамның өмірі, ал субъектісі - есі дұрыс 14-ке толған адам.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар. Олар:
кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа саласындағы заңды кәсіпкерлікке кедергі жасау (заңсыз кәсіпкерлік, көрінеу жалған жарнама беру);
ақша-несие саласындағы қылмыстар (несиені заңсыз алу және мақсатыз пайдалану, бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу т. б.);
1.5. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес
Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды алуы, сол сияқты бүл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады. Осыған орай, заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай тудыратын әрекеттер сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Административное право. Оқулык, жауапты редак¬торы А. А. Таранов. Алматы, 1998 ж.
2. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық. Окулық. Жалпы бөлім. Алматы, 2001 ж.
3. Алауханов Е. Қылмыстык кұкық. Оку кұралы. Ерекше бөлім. Алматы, 2001 ж.
4. Айымханова Н. Қазакстан Республикасының еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж. .
5. Баққұлов С. Құкык негіздері. Оку құралы. ҚазМСҚА. Алматы. 2001 ж.
6. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997 ж.
7. Жамбылова P. Заң терминдерінін казақша-орысша, орысша-казакша аныктамалык сөздігі. Алматы, 2001 ж.
8. Найманбаев С. Салықтык құкық. Оқу күралы. Алматы, 1996 ж.
9. Сапарғалиев F., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оку кұралы. Алматы, 1997 ж.
10. Сапарғалиев F. Зан терминдерінін түсіндірме сөздігі. Алматы, 1995 ж.
11. Сапарғалиев F. Қазақстан Республикасының Конституциялық құкығы. Оқулық. Алматы, 1997 ж.
12. Төлеуғалиев F. Қазакстан Республикасының азаматтық күкығы. Окулық. Алматы, 2001 ж.
13. Худяков А. И. Финансовое право Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.
14. Хаджиев А. X. Земельное право Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.
15. Шайбеков К. Трудовое право Республики Казахстан. Алматы, 1996 ж.