Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Мұхтар Шаханов – ғасырдың, болашақтың ақыны


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Мұхтар Шаханов шығармаларының ерекшелігі 8
1.1 Мұхтар Шаханов өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі 8
1.2 М. Шахановтың азаматтық лирикасы 18
1.3 Мұхтар Шаханов поэзиясының рухани-адамгершілік әлемі 23
1.4 Мұхтар Шаханов поэзиясындағы «Ұлттық рух» арқылы патриотизмге үндеу 29
2 М. Шаханов – XXI ғасырдың әлем таныған ақыны 36
2.1 М. Шаханов өлеңдеріндегі жаңашыл бағыт 36
2.2 М.Шаханов шығармаларындағы қазаққа ғана тән ұғымдар 39
2.3 Ақын арманы 45
2.4 М. Шахановтың саяси көзқарасы 54
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

КІРІСПЕ
Мұхтар Шахановтың есімі халқымызға көрнекті мемлекет қайраткері және талантты ақын ретінде жақсы белгілі. М.Шаханов шығармаларына ЮНЕСКО тарапынан ерекше назар аударылуының басты себебi қазiргi кезеңдегi Орта Азия қоғамдық-философиялық ойлау деңгейiнiң жаңа белестерге қол артқандығынан ғана емес, осы дара ақын туындысының бүгiнгi әлемдiк поэзиядағы жаңа биiктiк ретiнде мойындалуында және оның өз сана-түйсiгi арқылы ХХ ғасыр тудырған келеңсiздiктерге батыл күрес ашуында жатса керек.
Мұхтар Шаханов мемлекеттік тілдің қолданылу аясына деген кейбір олқылықты тұстарын өлеңмен өрнектеген еді. Бұл - қайраткер ақынның халық үшін қылған қызметінің поэзиясынан көрініс тапқан бір парасы ғана. Мұхтар Шаханов күрескер ақын.

1 Мұхтар Шаханов шығармаларының ерекшелігі
1.1 Мұхтар Шаханов өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі
Жомарт көңіл қазақтың сыршыл сезімін бұғаулауға ешқандай күш атаулының шамасы жетпес, сірә. Сайын дала төсін ән-күйге бөлеген, сал-серілігі басым халықтың тіршілік әлемінің сыр-сипаты да өзгеше. Оның сұлу сурет болып көз алдыңа елестеп, мың бояу түске боялып, қиял дүниеңді бір сергітіп тастайтыны хақ.

1. 2 М. Шахановтың азаматтық лирикасы
Азаматтық лирикаға ғалым З.Ахметов былайша анықтама береді:
«Азаматтық лирика – лирикалық поэзияның әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы. Өмір жөнінде, халықтың тағдыры туралы ой-толғамдар ақынның өз көңіл-күйімен терең ұштасып, өзінің өмірге қатынасын суреттеу арқылы көрінеді. Адамның белгілі бір дәуірге байланысты ой-арманын, мақсатын жырлайды, жалпы әлеуметтік мәселелерді толғайды. Сондықтан азаматтық лириканы кейде саяси-әлеуметтік лирикаға қосады. Әлеуметтік тақырып, саяси сарындар, әрине лириканың барлық түрінде кезедеседі. Халық қамын, оның қоғамдық халін шығармасына арқау еткен әрбір ақын лирикасында азаматтық сарын басым болмақ.

1.3 Мұхтар Шаханов поэзиясының рухани-адамгершілік әлемі
М. Шахановтың ақындығы мен ойшылдығы бір бөлек әңгіме болса, философтығы бір басқа дүние. Бізге керегі – М. Шаханов поэзиясының, яғни өлеңдерінің ой-ілімдері. Оның өзі де, ойы да әлемді шарлап кеткен. Сөйтіп барып ой түйген, содан барып, адамзат туралы толғанысқа түскен, әлемге жауар бұлттай түнеріп тұрған зұлымдықтан, апаттан құтқару үшін дабыл қаққан. Мұндай ерлік – Мұхтар Шаханов сияқты санаулылардың қолынан ғана келмек.

1.4 Мұхтар Шаханов поэзиясындағы «Ұлттық рух» арқылы патриотизмге үндеу
Қазіргі тіл ғылымында концепт терминінің қарастырылуы лингвистика мен философияның өзара әсерінің күшеюіне байланысты. Логикада концепт термині ұғым, түсінік терминдерімен бірдей мағынада қолданылады. Сондықтан концепт ұғымын адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі ретінде тани отырып, біздің дүниетанымыздағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивтік бірлік ретінде қарау қажет [32.218.].

2 М. Шаханов – XXI ғасырдың әлем таныған ақыны
2.1 М. Шаханов өлеңдеріндегі жаңашыл бағыт
Мұхтар Шахановты ірі ауқымдағы қоғам қайраткері ретінде жақсы білгенімізбен, соңғы жылдардағы поэзиясына үңіліп, саралап зерттеу жасаған қазақ сыншылары жоққа тән. Ақынның жаңа ғасыр басталғалы туған жырлары дүйім дүниені таңырқатып келеді. Бірақ, сол "руханият төңкерісшілері", яғни поэмалары мен тың туындылары қазақ эдебиетінде лайықты бағасын алмай жатыр. Бұл әдебиеттанушы сыншыларымыздың самарқаулығы десек артық айтқандық емес.

2.2 М.Шаханов шығармаларындағы қазаққа ғана тән ұғымдар
Әлемдік деңгейде мойындалып жүрген М.Шаханов поэзиясында ұлттық менталитет те мен мұндалап тұрады. Осы жерде дарынды жазушы Төлен Әбдіктің "Мұхтар Шаханов бақайшағына дейін ұлттық ақын" деген пікірі еріксіз еске түседі.
"Әр талант өзін толық ашқанда барып өзіне тән стиль қалыптастырады. Ол бір-бір өлеңде бола ма, бес, он өлең де болама -бәрібір. Ал ізденіс жолында ұлттық поэзиямыздың әр қасиетінен үлгі алуымыз заңды құбылыс. Мәселен, М.Шаханов өз шығармасын сазды лириканың баллада жанрына, сюжетті өлеңге ойысып кетуі - оның өзін өзі табуы" [16.11.]. деп есептесек, ақынның мына жырларына үңіле кеткен ләзім.

2.4 М. Шахановтың саяси көзқарасы
Қазіргі таңда жаһандану процесі бірыңғай материалдық игілікке бет бұрғандықтан, көптеген елдерде жастар қауымының едәуір бөлігі өз ұлтының тіліне, ғасырлар бойына жинақталған төл мәдениетіне терең тамыр жіберуі былай тұрсын, оған ашықтан-ашық мұрын шүйіре қарай бастады. Бірақ әр ұлттың ең басты анасы - туған тілі екенін ескерсек, өз анасының тілін, рухани мәдениетін менсінбеу мен мойындамаудың әрі оны қазіргі ғасыр талабына сай әлемдік руханиятпен ұштастыра қарай алмаудың үлкен қасіреті болатынын және бұл процестің адамаралық бірлік пен татулыққа көлеңке түспей тұрмайтынын М.Шахановтың поэзиялық тұжырымы айқын аңғартады. [51.111.]. Оны «Тілсіздену анатомиясы» атты поэмасынан:

ҚОРЫТЫНДЫ
Шын ақын өмірі бір адамның басынан кешкендерімен шектелмейді. Ақын көптің өмірін сүреді, көп көргенді көре алады, көп сезгенді сезе алады. Бұл – ақын сезімі жалпы және жеке адам сезім-күйінің жиынтығы деген сөз. Ол жеке адам көңіл-күйін заман рухымен жалғастырады. Жалпылық пен жекелікті осылай тұтастыра алғанда ғана ақын азаматқа айналады, өзінің ақындық, азаматтық тұлғасын қалыптастырады.