Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Қазақ тіліндегі тілдік перифраздардың (көркемдеуіш құралдардың) мағынасы мен қызметі


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Қазақ тіліндегі әдеби шығармалардың көркемдеуіш құралдары 8
1.1 Әдебиет - көркемдік дәстүрлер жалғастығы 8
1.2 Көркемдік өнер – жазушылардың өмір шындығын көрсетуінің құралы 10
1.3 Кейіпкерді көркем суреттеу – шығарманы әрлеу тәсілі 14
2 Көркемдеуіш құралдардың мәтіндегі мағынасы мен қызметі 18
2.1 Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тіліндегі көріктеуіш тәсілдер 18
2.2 Көркемдеуіш құралдардың тілдік тәсілдері 27
2.3 Ш. Құдайбердіұлы поэзиясының көркемдік құрылымы 42
2.4 Батырлық образды ашу үшін қолданылатын теңеуер мен айшықтаулар 49
2.5 Мұқағали шығармаларындағы көркемдеуіш құралдар 53
Қорытынды 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61

Кіріспе
Қазақ халқы сөз қадірін өз қадіріндей көрген дана халық. Халқытың жазу – сызу сапасының ақсаңдаған тұстарында да ел билеген шешен бабалары көп сөз аясын аядай қалыпқа енгізіп, небір қауіпті тұстарда сөз көмегімен елімізді, мұрамызды, жерімізді, даңқымызды сақтап келген. Қазақ тілінің байлығы сан ғасырдың шектеусіз талай ғасыр зерттеуінің көшіне іліктірілсе де өз жеңісіне жету – жетпесі сұрақтар қойнауында қала береді. Көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындыларын зерделеп оқу – тарихты қайта жаңғыртудың негізі.

1 Қазақ тіліндегі әдеби шығармалардың көркемдеуіш құралдары
1.1 Әдебиет - көркемдік дәстүрлер жалғастығы
Тілдің көріктеу құралдары шешендіктану мен стилистиканың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Көріктеу құралдары аясында айшықтау (фигура) және құбылту (троп), олардың түрлері мен мағыналары, қызметі және жасалу жолдары қарастырылады. Алайда қазіргі лингвистикалық зерттеулерде фигура мен троп ұғымдарының ара жігі және түрлері, айырым белгілері туралы әр түрлі пікірлер бар. Қазақ тіліндегі зерттеулерде көріктеу құралдарын жасалу жолына қарай анықтау қалыптасқан. Қазіргі зерттеулерде «троп» және «фигура» (сөз айшықтары мағынасында) ұғымдарының ара қатынасы туралы пікірлер әр түрлі беріліп жүр.

1.2 Көркемдік өнер – жазушылардың өмір шындығын көрсетуінің құралы
Ақын ерікті-еріксіз өз заманының тонын кимеске, өз әлеуметінің мұңын жоқтамасқа, тілегін орындамасқа әдді жоқ. Ақын өзгелердің сезбегенін сезеді, көрмегенін көреді, ойламағанын болжайды, тілі жетпегенін айтып береді – деген екен Жүсіпбек Аймауытов.
Ұлттық сипаты тұрғысынан алғанда, әдеби шығармада жазушы ұлттық тілдің құнарын пайдалана отырып, ұлттық дүниетаным негізінде өз ұлтының рухын бітімін, тіршілік тынысын бейнелейтіндігін айтуға болады. Ұлттық әдебиет ерекшеліктерін белгілі бір әдебиетте айрықша дамыған жанрлық түрлерден, көркем образдардың ұлттық сипатынан, әдеби, ақындық тілдік бояу нақыштарынан байқауға болады.

1.3 Кейіпкерді көркем суреттеу – шығарманы әрлеу тәсілі
Романның бас қаһарманы Қайрош Сарталиевтің басынан өткен хал – халықтың белгілі бір өкілдеріне тән ортақ құбылыс. Жазушы қаһарманның балалық шағын суреттеуден бастап, оның өмір сапарының бірте – бірте көтеріле берген баспалдақтарын көрсету арқылы кеңестік [4.12.] заманның жаңа адамның қалыптасу жолын бейнелейді. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарын елімізге үлкен жауапкершіліктерді бастан кешірді. Қайрош туып, өскен қиырдағы ауыл адамдары да осы ауыртпалдықты көтеріскен Қайроштың өзі де осы қиындықтың дәмін татқан. Оның бала кезінде мұның туған ауылында жас өспірім баланы алдан қатар қызық аз еді. Жаңалық бірден еркіндеп кете алмай ескілік бірден ығысып, ысырылып қалмай, тайталасып жатқан кезең болатын. 10 жасқа жаңа толған Қайрош сиыр бағады. Ертеден қара кешке дейін мал соңында жүру жас балаға жеңіл тимейді. Үйінде де жетіскен жағдай жоқ тұрмыстары жүдеу. Қалада жағдай жақсы дегенді құлағы шалған бала ауылдан қашып, шаһарға тартады.

2 Көркемдеуіш құралдардың мәтіндегі мағынасы мен қызметі
2.1 Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тіліндегі көріктеуіш тәсілдер
Қазақ тілінде көркем әдебиет тілі мен қаламгердің сөз қолданысын, шеберлігін талдау маңызды мәселелердің бірі. Себебі, көркем шығармаға қойылатын талаптардың қатарында тіл шеберлігі де үлкен рөл атқарады. Балалар әдебиеті – адам психологиясының, дүниетанымы мен қабылдау ерекшелігінің ең нәзік тұсын бейнелейтін сала.
Жазушы адам мінезінің толып жатқан қыр-сырын, оның сыртқы бейнесін, ішкі жан дүниесін әртүрлі тілдік тәсілдерді қолдану арқылы бейнелейді. Кейіпкер бейнесін, оның түр-тұлғасын, ішкі сезім иірімдерін әсерлі етіп жеткізуде әсіресе, фразеологизмдердің қызметі ерекше. Фразеологизмдер – тіл деп аталатын қасиетті дүниенің аса бай қазынасы. Ол тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі болып табылады. Фразеологизмдер жеке сөздермен салыстырғанда көріктеуіш құрал ретінде жұмсалатын бейнелі, экспрессивті, эмоционалды мәнге ие.

2.2 Көркемдеуіш құралдардың тілдік тәсілдері
Көркем шығармадағы кейіпкер тілінің жасалуы туралы академик Р.Сыздық: «Көркем шығарма тілін талдағанда жазушының суреткерлік шеберлігі мен эстетикалық мүмкіндігін тануға болады. Жазушының өз шығармасының поэтикалық деңгейіне сай етіп тілдік құралдарға жүк арта алады ма, әр сөздің, фразаның құдіретін дұрыс танып, олардың барша потенциалды қабілетін жарата білді ме деген жайттар осы әңгімеден туындайды. Шығарма тілі автордың айтпақ идеясына сай келе ме деп алып, жазушы өрнегін, қолтаңбасын айқындау – көркем дүние тілін талдаудың басты міндеті» деген пікір білдіреді. Қазақ прозасында диалог арқылы кейіпкер образы мен тілін, сөйлеу мәдениетін ашып көрсететін құбылыс өте жиі кездеседі. Мысалы:

2.3 Ш. Құдайбердіұлы поэзиясының көркемдік құрылымы
Абайдың реалистік дәстүрі Шәкәрім шығармашылығының идеялық, көркемдік нысанасына айналды. Өзі нысанаға алып отырған көркемдік амал-тәсілдер ақын өлеңдерінде өзіндік өрнек тауып, түрлі пайымдауларға негіз болады. Осыдан барып ақынның рухани әлемі қалыптасады. Ақынның рухани әлемі дегеніміз – көркем образдар дүниесі. Көркем образдардың өлең өлкесінде көріктеуіш құралдар арқылы, көркем де бейнелеуіш сөздермен сомдалуы ақын шығармашылығында ерекше орын алады. Сондықтан, алдымен, Шәкәрімнің табиғи суреткерлік қабілеті, дүниені образды қабылдауы, көркемдік ассоциацияға ұсталығы көрінеді. Суреткерлік қабілет дегенде, ойымызға оралатыны ақынның көркем сөз оралымдарын орынды қолдануы, түрлі құбылтулар мен қисынды сөз табуы.

2.4 Батырлық образды ашу үшін қолданылатын теңеуер мен айшықтаулар
Батырлар жырындағы сөз қолданыстардың бірі – түйдектеу. Жеті-сегіз буынды жыр ағынымен кесек ойларды үстелей, түйдек-түйдегімен шешендік үлгімен бейнелеп төгеді.
Халық өзінің арманын Алпамыс образы арқылы берген. Ол образ- халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көрінісі. [52.6.]. Алпамыс тек өз басының қамын ғана ойламайды, елдің амандығын, бүтіндігін, соның намысын қорғайды. Жырда сол өзекті ой былай берілген:

2.5 Мұқағали шығармаларындағы көркемдеуіш құралдар
Поэзия өнер мүлкі ретінде қыр-сыры мол жан-сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуіндегі эстетикалық арсеналдары түрліше. Негізгі объект алдымен талант қырларында жатыр. Айту мәнері шабыт көзінде жатыр.

Қорытынды
Тілдің көріктеу құралдары шешендіктану мен стилистиканың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Көріктеу құралдары аясында айшықтау (фигура) және құбылту (троп), олардың түрлері мен мағыналары, қызметі және жасалу жолдары қарастырылады. Алайда қазіргі лингвистикалық зерттеулерде фигура мен троп ұғымдарының ара жігі және түрлері, айырым белгілері туралы әр түрлі пікірлер бар. Қазақ тіліндегі зерттеулерде көріктеу құралдарын жасалу жолына қарай анықтау қалыптасқан. Қазіргі зерттеулерде «троп» және «фигура» (сөз айшықтары мағынасында) ұғымдарының ара қатынасы туралы пікірлер әр түрлі беріліп жүр.