Мұқағали Мақатаев шығармашылығы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1 Мұқағали Мақатаев – шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақын 8
1.1 Ақиық ақын шығармашылығының лирикалық табиғаты 8
1.2 Мұқағалидің мұңға толы лирикасы 24
1.3 «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының көркемдік ерекшелігі 26
1.4 Мұқағали жырлаған табиғаттың көрінісі 28
2 Мұқағали Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны 33
2.1 Мұқағали шығармашылығының әдеби тілі 33
2.2 Мұқағали өлеңдеріндегі ұлттық ерекшеліктердің көрінісі 45
2.3 Мұқағали шығармашылығын орта мектепте оқытудың шығармашылық жұмыстары 49
2.4 Мұқағали сөздеріне жазылған әндердің өмірлік тәжірибеде қолданылуы 54
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
КІРІСПЕ
М.Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын, қазақ жырының құдіреті.
(Ф.Оңғарсынова)
Мұқағали – мәңгілік жырға толы құдырет.Қарапайым есімінің өзінің жырға айналуы сезім қылын күйге бөлер нәзік поэзиясының жүректен ойып орын алуынан да болса керек. Көңіл қуантатыны оның оқырмандарының көбі – жаңа буын жастар. Бұл Мұқағали жырларының мәңгілік екендігін көрсетеді. Ендеше ақын поэзиясының құдіреттілі неде? Соған үңілерлік негіз болуға тырысатын осы жұмыс болар деген үмітпен осы дипломдық жұмысты аталмыш тақырыпта жазуға ұйғардым.
Тақырыптың өзектілігі:
1 Мұқағали Мақатаев – шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақын
1.1 Ақиық ақын шығармашылығының лирикалық табиғаты
М.Мақатаев поэзиясындағы ақындық болмыс пен лирикалық қаһарман деп атауға болатын тараушада поэзия бейнелі ойға, терең сезім мен көркемдікке құрылатыны, осы ретте ақын өмірдің алуан түрлі құбылыстарына өзінің көзқарасын, күйініш-сүйініш сезімін, толғанысы мен тебіренісін көрсететіні талданады. XX ғасырдағы қазақ поэзиясында өзгеше құбылыс болған Мұқағали Мақатаев поэзиясының орны ерекше. Көркем туынды тарихи жағдайды, әлеуметтік мәселелерді қаншалықты шынайы, тартымды суреттегенімен, оқырман ең алдымен шығармадан адамды іздейді. Яғни, ішкі жан дүниесі айқын, әлеуметтік-қоғамдық жағдайлардың ортасынан табылатын адамды іздейді. Былайша айтқанда, көркем шығармаға арқау болған жағдаяттарға сену үшін, оқырман ең алдымен кейіпкердің шынайылығына илануы керек. Әрі бұл басқа жанрларға қарағанда, лирикада айырықша көрінеді. Себебі, лирикада ақын мен оқырман арасында көзге шалына бермейтін рухани-эстетикалық байланыс орнығады да, осы ішкі байланыс шынайы болса ғана, көркем туынды шын бағаға ие болады. Мұқағали адам баласының мінезі мен болмысын беруде өзінің кең дүниетанымын, ішкі әлемінің әр алуан қырларын жайып салады. Мұқағалидың поэзиясы оның адами және ақындық табиғатындағы ішкі рухани үндестіктің молдығын аңғартады.
1.2 Мұқағалидің мұңға толы лирикасы
Оның жұлдызды қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырап көрініп тұр. Сұлтанмахмүт, Ілияс, Қасым жұлдыздарындай көзіме ыстық көрінетін ол жұлдызды басқалардың жұлдыздарымен шатастырған емеспін. Мейірімге, шуаққа толы Мұқаңның көкірегі қандай кең еді. Баладай таза, баладай сенгіш, көңіліне секем алмайтын жанды жақсы көрмейтіндер тіпті аз.
1.3 «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының көркемдік ерекшелігі
Әдебиет әлемінде өзіндік ой, тур, нақышпен ерекшеленетін сүлу жырдың төресі – Мұқағали Мақатаев. Ол өмірінің ақырғы күндеріне дейін поэзиямен танысып, өзінің сыңарына теңеп, сонымен "қоректенген". Ақын адамзат санасына тән ой, сезім, өмір, лирика, көңіл-күй, табиғат, әртүрлі құбылыстарды, сан қырлы жайттарды сөз аркылы жеткізеді. Сөз болғанда сырлы, бейнелі, айшықты, көркем сөзбен әспеттеп қана қоймай, әрбір алып отырған сөзді талғаммен, таным мен таңдап отырды. Ақын поэмаларының ішіндегі ең көркемдік ерекшеліктеріне, сөз қолданысына, әсемдік әлеміне, көркемдеу құралдарына, тіл байлығына. акындық қуатына тоқталу. Сөздерді өңдендіре түсіп, ажарлап, көркемдеп, үйлесуге келтірудің бірнеше түрлері мен тәсілдері бар.
1.4 Мұқағали жырлаған табиғаттың көрінісі
Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының табиғат лирикаларында өзіндік дербестік танытқан, өзгеше поэтикалық әлем ашқан жаңашыл ақын.
Табиғат аясында туып-өскен әрбір ақыныың сол тақырыпқа калам тартпауы мүмкін емес. Туған жерді, оның табиғатын жырлау - барлық ақынның перзенттік парызы. Мұқағалидың табиғат лирикасын акын лирикасындағы туған жер келбеті, өлең өрнектеріндегі табиғат перзенггері, жырға айналған жыл мезгілдері деп топтауға болады.
2 Мұқағали Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны
2.1 Мұқағали шығармашылығының әдеби тілі
Мұқағали шығармашылығының әдеби тілін терең қарастыратын болсақ, оның шығармаларын бірнеше бөлімдерге ажыратуға болады.
Бірінші бөлім “Мұқағали поэзиясындағы дәстүрлі жүйе” деп аталады. Онда көркемдік жүйе ұғымының мәні мен мазмұны, ол туралы ірі ғалымдар берген анықтамалар мен түсініктемелердің дәлдігіне сүйене отырып, поэзияның өмір сүруінің мәңгіліктігінің мәселесі екендігі айқындалады. Оған Мұқағали мұрасынан мол мысалдар келтіріле отырылып, талдаулар жүргізіледі. Сөйтіп өлеңдер өзегіне бойлай ендіріледі.
2.3 Мұқағали шығармашылығын орта мектепте оқытудың шығармашылық жұмыстары
Мұқағали – ақиық ақын, сыршыл жырға толық құдырет иесі. Қазіргі таңдағы білім мен ақпарат, мәдениет жүйелері Мұқағалиды жас буынға терең таныту, шығармашылығын оқыту, сөйтіп білім алушылардың қазақ әдебиетіне, әдебиеттануына, қазақ елі қазақ поэзиясына деген құлшыныстарын, қызығушылықтарын арттыру мақсатында, осы әрекеттердің барлығының оқу үдерісінде тиімді жүзеге асырылуына бірнеше жұмыстар атқаруда. Мәселен, бұрынғы кездегі оқулықтарға қарағанда, кез келген жаңалықтарға байланысты жаңа буын оқулықтары өзгерістер мен толықтыруларға толы түрде қайта шығарылуда. Сол танып білуге бірнеше сағаттар беріледі. Онымен бірге бірнеше туындылары мен шығармалары беріледі. Соның барлығын, материалдарды білім алушыларға терең меңгерту, үйрету үшін тек қана оқытушы, мұғалім тарапынан ғана емес, сонымен бірге оқушылар шығармашылық жұмыстарына да үлкен ден қойылады.
2.4 Мұқағали сөздеріне жазылған әндердің өмірлік тәжірибеде қолданылуы
М.Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын, қазақ жырының құдіреті – деп Фариза апамыз айтып кеткендей, қазіргі таңда, әсіресе еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Мұқағалиды көптеген жас-кәрілер мен орта жастағылар, соның ішінде, әсіресе ән мен мәдениетке өте құмар кісілер ақынымызды көптеген әндер арқылы біледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мұқағали Мақатаев шығармашылығы тақырыбында аталмыш дипломдық жұмысымды қорытындылай отыра, мынандай ойымды жазғым келеді. Талданған шығармалардың идеялық-эстетикалық және басқа да рухани құнды жақтарына негізделген М. Мақатаев ақындығының лирикалық табиғаты жайлы түйіндеулер сараланады. М. Мақатаевтің өз кезеңі үшін өзекті болған тақырыптарды өз деңгейінде қалай игергені ғылыми тұрғыда тұжырымдалып, жүйеленеді.