Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Есеп және аудит

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 60 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Негізгі қорлардың пайдалану тиімділігінің есебі және талдауы


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Негізгі құралдарды мойындау 8
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі 8
1.2 Негізгі құралдардың тозуына түсінік 12
1.2 Материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы және материалдар номенклатурасы 20
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау 22
2 «Талап» ЖШС мысалында тауарлы-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы» 31
2.1 Кәсіпорынның қаржы-экономикалық сипаттамасы 31
2.2 Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен шығысының есебі 36
2.3 Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі 42
2.4 Материалдық құндылықтарды түгендеу 44
3 Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау және тиімділігін арттыру бағыттары 47
3.1 Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау 47
3.2 Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау 49
Қорытынды 58
Қолданылған әдебиеттер тізімі 60

Кіріспе
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіпорында орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үдерістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда дәлелденіп отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорныдағы есеп жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.

1 Негізгі құралдарды мойындау
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі
Кәсіпорынның ең басты белгісі - оның шаруашылықты жүргізудегі немесе шұғыл, оперативті басқарудағы арнайы мүліктерінің, белгілі бір меншігінің болуы. Сол мүліктердің болуы кәсіпорынның жұмыс істеуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық дербестігі мен беріктігін қамтамасыз етеді. Анықталған түрдегі мүліксіз шағын кәсіпорын да, орта кәсіпорын да, ірі кәсіпорындар да өз істерін, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыра алмайды.
Негізгі қорлар кәсіпорын қызметіне бірнеше ұзақ жылдар бойы қызмет етеді де, физикалық және моральдық тозу процесіне ұшырайды.Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.
Негізгі қорлардың тозуы –құндылықтарының пайдалану кейпінде не болмаса жұмыс істемейтін күйінде негізгі қорлардың тұтынушылық ерекшеліктері мен бөліктік немесе толық ысырапқа ұшырауы.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардын тұрады:

1.2 Негізгі құралдардың тозуына түсінік
Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизация - тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету). Амортизацияланатын құн дегеніміз- бастапқы құнмен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынақтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын есебінде мойындалады, танылады. [2]

1.2 Материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы және материалдар номенклатурасы
Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Материалдар» бөлімінің негізгі, активті, мүліктік шоттары пайдаланады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізат және материалдар», 1310 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар», 1310 «Отын», 1310 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», 1310 «Қосалқы бөлшектер», 1310 «Басқа материалдар», 1310 «Қайта өндеуге берілген материалдар», 1310 «Құрылыс материалдары».

1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және арнайы мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келерн жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты , көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.

2 «Талап» ЖШС мысалында тауарлы-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы»
2.1 Кәсіпорынның қаржы-экономикалық сипаттамасы
«Талап» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Наурзым ауданында орналасқан және қызметінің негізгі бағыты – құрылыс жұмыстарын жүргізу.
Талаптестіктің қазақ тіліндегі атауы: «Талап» жауапкершілігі шектеулі талаптестігі. Қысқаша қазақ тіліндегі атауы: ЖШС» Талап».Талап Серіктестіктің заңдық мәртебесі.
Серіктестік белгісіз мерзімге құрылған. Серіктестік мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып саналады және заңды тұлѓа құқығына ие болады. Серіктестіктің мөрі, дербес балансы, банктік шоттары, өз атауы бар бланкілері болады. Серіктестік қызмет мақсаттарына жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік емес құқықтарды иеленуге, мойынына міндеттемелер алуға, сотта талапкер немесе жауапкер болуға құқылы.

2.2 Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен шығысының есебі

Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі»БЕС мен 16 «Негізгі құралдар» ҚЕБХС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:

2.3 Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі
Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептеледі. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймадағы материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық нөмірі, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немес жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың аналитикалық есебі белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі.

2.4 Материалдық құндылықтарды түгендеу
Қазақстан Республикасында осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорындар жылына кем дегенде бір рет өздерінің меншігіндегі материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайда жүргізіледі:

3 Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау және тиімділігін арттыру бағыттары
3.1 Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау
Өнім өндірісі жоспарын орындау мен өнімнің өзіндік құнын төмендетудің, пайда мен рентабельділік деңгейін жоғарылатудың қажетті шарттарының бірі - өндірісті қажетті шикізат пен материалдармен толық әрі уақтылы қамтамасыз ету болып саналады.

3.2 Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау
Материалдық ресурстар өндіріс шығындарының елеулі үлесін алады, сол себепті оларды пайдалану тиімділігін талдау мен оны арттыру жолдарын іздестіру кез-келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігіне сипаттама беру үшін жалпылаушы және жеке көрсеткіштердің жүйесі қолданылады.
Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттаушы жалпылама көрсеткіштерге келесілер жатады: