Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиет

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

М. Мақатаев поэзиясындағы философиялық астар


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Мұқағали өлеңдеріндегі ұлттық сана мен салт-дәстүр көрінісі 4
1.1 М. Мақатаев лирикасындағы ұлттық көрініс 4
1.2 М. Мақатаев поэзиясындағы дәстүр жалғастығы 6
1.3 М. Мақатаев поэзиясының философиялық ой-түйіндері 10
1.4 Мұқағали поэзиясының құдіреті 12
2 Мұқағали өлеңдерінің ерекшелігі 15
2.1 Мұқағали өлеңдерінің құрылымы 15
2.2 Мұқағали поэзиясындағы образдылық жүйе 19
2.3 М. Мақатаев өлеңдерінің бала тәрбиесіндегі рөлі 21
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: М. Мақатаев лирикасының өн бойында қазақ халқының ұлттық ерекшелігі көрініс береді.
Жұмыста Мұқағали Мақатаев және 60-70 жылдар поэзиясынан ауыз әдебиетінің үлгісінде жырланған жырларын саралап, олардың ұлттық ерекшелігіне тоқталдық. Ақынның біз қозғап отырған тақырыпқа сай келетін жырларын нақты мысалдар келтіре отырып талдадық.
Ақын жүрегі балаға да, далаға да, адамға елжірей тебіреніп, егіле жырлайды. Сан-салалы тақырыптағы, түрлі жанрллардағы шығармаларының жан өзегінде сол сезім мен адалдық жарасымды табиғи өмірін танытады.
Мұқағали Мақатаев поэма жанрында да ерекше қолтаңбасымен дараланады. Қазақ тарихының құбылысты мәселелеріне барумен бірге, өзі өмір сүрген кезең шындығына да қалам толғады. Саяси-әлуметтік, қоғамдық-саяси сарындағы поэмаларының өзінде шынайы көңіл шымырқаныстарына толы көркем шындықты бейнелейді.

1 Мұқағали өлеңдеріндегі ұлттық сана мен салт-дәстүр көрінісі
1.1 М. Мақатаев лирикасындағы ұлттық көрініс
Туған жер ақын Мұқағали Мақатаевтың ерекше шабытпен жырлаған тақырыптарының бірі. Ақынның туған жерге арналған әрбір өлең жолдары кең байтақ қазақ жерінің бай табиғатымен байланыса жырланады. Қазақ халқының сұлулыққа толы, әсем табиғаты арқылы қазақ жерінің ұлттық қасиетін танытады. Туған жер лирикасы тұнып тұрған табиғат. Туған жердің байлығы табиғат ананың шексіз жомарттығымен ерекшеленеді. М. Мақатаев туған жердің әсем байлығын көк аспанға тірелген биік тауларымен, таудан құлай аққан өзен суларымен, «сылқ етіп тілсіз тасқа төсін ұрып» сылаңдай аққан бұлақ, таудан соққан самал желмен байланыстыра суреттейді [1, 56]. «Кеудең-кең, жотаң-алып, тасың-найза» деген ақын теңеулеріндегі туған жер мен табиғат бір-бірімен астаса көрініс тапқан.

1.2 М. Мақатаев поэзиясындағы дәстүр жалғастығы
Қайсібір ақын болмасын поэзия әлеміне қанат қағардан бұрын алдыңғы аға буын мектебіне дәріс алатыны шындық. Олар ауыз әдебиетінен бастап, бері де Абай, Мағжан, Сәкен, Ілияс поэзияларынан сусындалған. Солардың дәстүріменқалам тербеген. Мысалы: қазіргі поэзияда Абай дәстүрінен үлгі алмаған, Абай поэзиясынан нәр алмаған ақын кемде кем.

1.3 М. Мақатаев поэзиясының философиялық ой-түйіндері
Поэзияда Мақатаевтың жанына ең жақын тақырыбының бірі өмір жайлы жырлары. Ақынның кез-келген өлеңінен өмір туралы толғанысын танисыз. Ал арнайы тжырлаған өлеңдері «Өмір толқыны», «Өмірге серт», «Өмір», «Өміріме», «Өмір деген біреу», «Өмір жайлы», «Өмірімді несіне жек көремін» т.б. өмір тақырыбына арналған жырларынан оқырманына беретін түйінді ойларын аңғаруға болады. Ақын қай тақырыпқа қалам тербесе де жыр астарынан өмір бейнесі көрініс беріп тұрады. Жырларында қиындыққа кезіккен сәтсіздікке ұшыраған кездің өзінде мойымай, керсінше, сол қиыншылықты жеңе білуге, өмір сүруге талпынуға үндейді.

1.4 Мұқағали поэзиясының құдіреті
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына бақыт кешпей бақытқа ие болар ғұмыр бұйырған. Әуелі біреу жақтырып, біреу жақтырмай әр кітабын шығару үшін шашы ағарып, жүйкесін жіңішкертіп, жүрегінен жас тамызған ақынның ірілі – ұсақты туындылары жыл сайын әр шумақ, әр жолына дейін тереңде жатқан маржандай сан қырынан сәулелі ұшқын шашып, құпиясын бірте – бірте аша түскендей, бейне Әулиешоқының бірде көз ұшында сұңғыла көкке найзадай шаншылып, жанында арбар, бірде көгілдір аспан әлемнің жайма – шуақтығына қарамастан, жанарына жас толғанша, қадасаң да, құпия сағымға оранып ап, көрінбей қояр қастерлі құдіретіндей дерсің!

2 Мұқағали өлеңдерінің ерекшелігі
2.1 Мұқағали өлеңдерінің құрылымы
Ақындардың барлығында қазақтың өлең мүмкіндігін мол пайдалану бар. Ол мүмкіншіліктер қазақтың қалыптасқан өлең құрылыстары мен мөлшекріне тыс тумаған, қайта солардың құбылған, құлпырған түрлері дерлік. Осыған қарағанда да қазақтың он бір буынды өлеңіне «сирағын сындырудың» мұрын шүйіре қараудың қажеті жоқ. Өлең формаларын молайтуға қазақ поэзиясы толып жатқан мүмкіндік береді. Екі буыннан бастап он бес буынға дейін пайдаланатын өлең жолдары баршылық. Мысалы: он буынмен келетін мөлшерді Қасым Аманжолов заңдандырып кетті. Қасымнан бұрын бұл өлшеммен жазғандар болған, бірақ оны Қасым сияқты ешкім етене ендіре алмаған. «Дариға» атты тамаша өлеңі он буынды қазақ өлең құрылысының төл түрі етіп бекіткен. Сол сықылды Мұқағали Мақатаевта тоғыз буын өлең құрылысын «Ильич» поэмасы арқылы орнықтырып отыр. Бұл түрлер бізге жадағай қалыпта емес, таланты шығармалар арқылы жаңа, жақсы мазмұнмен жараса енгенін айту лазым.

2.2 Мұқағали поэзиясындағы образдылық жүйе
Образ яғни көркем беине аса кең ұғым. Мұқағали шығармаларындағы образдар жүйесі дегенде ақынның образ жасау әдіс тәсілдері, суреткерлік шеберлігі жайлы, осы ретте нендей компонентерді пайдаланғандығы, қандай образдарды жасағандығынан әңгіме қозғалмақ. Алдымен образға барар алғашқы баспалдақ-суретті сөз.Мұқағали поэзиясында бұл молшылық.Кез-келген өлеңді ашып оқи қалсаңыз суретті бейне, образды сөз қолданыс жанарыңды бірден жасқап, терең иіріміне тарта жөнеледі.
Мәселен:

2.3 М. Мақатаев өлеңдерінің бала тәрбиесіндегі рөлі
Жыр керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай сәуле шашып, айшықтала түсуде. Ақын өмірде көп қиыншылық көрді, төңірегіндегілердің түсінбеушілігінен қажыды. Десек те оның қисапсыз қазынасы ақпанның ақ арындай ұрпағымен мәңгі жасай бермек.
Ақын өлеңдеріндегі толғақты мәселе-ұрпақ тәрбиесі. «Әліппе»деген өлеңінде:

Қорытынды
Ақын мұрасының жалпақ жұрттың сүліктей сұлу, сүйікті жырына, құрметке бөленген парасаты пайымды ақынына айналуы-оның жырларының халықтық сипаттарға қанықтығы мен қарапайымдылығында, сап таза сары алтынға сапалығы мен салмақтылығында жатқандығымен тұжырымдалады.
Мұқағали жырлары тақырып ауқымының кеңдігі, көркемдік қуатының өзгешелігі жағынан да оқшауланады. Ақындық табиғаты күрделі, шығармашылығының қыры да, сыры да мол. Ақындық болмысы мен ерекшелігіне, бейнелеу шеберлігіне көз жіберер болсақ, ол күшті ағысы мол, тау суындай тасқынды. Сан тармақтан табысып, дала төсіне бауырын жазып жөңкіле аққанда иірімі мол, жылым дарияға айналады да сусап, сұраныс жасағандарды қуатты ағыс құшағына алып, бауырына басады. Жыр дариясы жиһан кездіріп, қилы-тағдырлармен табыстырып, сан қиырға саяхат құрғызады.