Кәсіпкерлік қызметтегі несиелендіруді ұйымдастыру
Жоспар
Кіріспе 3
1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиені ұйымдастырудың теориялық негіздері 5
1.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеудің мәні, мазмұны және түрлері 5
2 «Алматы Құс» ААҚ-ның несиелеуді ұйымдастыруын талдау 13
2.1 «Алматы Құс» ААҚ-ның шаруашылық қызметін талдау 13
2.2 «Алматы Құс» ААҚ-ғы несиелеуді ұйымдастыруды талдау 18
3 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудың жетілдіру жолдары 22
3.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыруды жетілдіру 22
3.2 Несиелеуді ұйымдастырудағы шетел тәжірибиесі 24
Қортынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер 29
Кіріспе
Еліміздің нарықтық экономикаға өткеніне аз уақыт болғанымен, жалпы экономикалық өсу байқалғаны барлығына белгілі. Дегенмен, ұлттық байлықтың молайуы мұнайға байланысты екені барлығымызды мазалайды. Өйткені, біздің экономикамыз тек әлемдік мұнай сұранысы мен бағасына тәуелді болмақ.
Сондықтан да республика экономикасын тұрақтандыру үшін тек табиғи байлықты қазып алумен ғана шектелмей, өндіру, өңдеу салаларын да дамыту бүгінгі күннің басты міндеті.
Кеңес Одағы кезінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген зауыт, фабрикалар бүгінгі күні жекешеленді, ол толығымен сапалы өнім өндіріп, оны нарыққа бәсеке қабілеттілігі жоғары етіп шығару өте қиын.
Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты ─ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыруды талдау. Қазіргі кезде кәсіпкерлік қызметте несиелеу қандай деңгейде жүргізіледі және несиелеу барысында қандай мәселелер тууын талдау.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде несиелеудің теориялық жақтары, қазіргі кәсіпкерлік қызметтегі орны қарастырылған. Ал екінші бөлімінде кәсіпорын бойынша талдау жасалады. Яғни сол кәсіпорындағы несиелеуді ұйымдастыруы және несие қабілеттілігі. Үшінші бөлімінде несиелеуді ұйымдастырудың жетілдіру жолдары қарастырылған.
Бұл курстық жұмыстың зерттеу объектісі «Алматы Құс» ААҚ-ы болып отыр. Курстық жұмыста осы кәсіпорынның да мәліметтері пайдаланылады.
1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиені ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеудің мәні, мазмұны және түрлері
Несие ─ нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сфераларын емес, олардың айырбас сфераларын іздеу қажет. Тауар айырбастау ─ бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді, және де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Несие ─ бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарыз) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып,несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстаушы экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
2 «Алматы Құс» ААҚ-ның несиелеуді ұйымдастыруын талдау
2.1 «Алматы Құс» ААҚ-ның шаруашылық қызметін талдау
«Алматы Құс» ААҚ 1998 жылдың 13 наурызында Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылында тіркелген, Қоғам 4 құс фабрикалар активтерінің қосылуымен құрылған: «Алматы Құс» ААҚ (Чапаев 1960 жылы құрылған), «Феникс» ( Қаскелең 1981 жылы құрылған), «Абай» (1963 жылы құрылған) және «Ават құс» (Ават, 1965 жылы құрылған). Тіркелгенге дейін жоғарыдағы құс фабрикаларының компаниларысенімдік басқаруда болып, кейін «Концерн Сеймар» АОЗТ-ң меншігіне көшті.
1996 жылдың мамыр айында мемлекеттік меншік бойынша Алматы облысының комитеті «Алматы Құс» АООТ-ң мемлекеттік акция макеттеріне тендер жариялады. Бұл тендерді «Концерн Сеймар» ұтып алып, 65,1% мөлшерінде мемлекеттік акция пакетін иемденді.
Алматы қаласы және облыс бойынша ақиқатты монопольдік статус иегері (75% нарық иегері) Қазақстан бойынша өндірілген жұмыртқаның үштен бірін шығарады. Қазіргі кезде компания инкубаторлармен жұмыс істейді. Оның ішінде:
«Алматы Құс» «Сеймар» сауда маркасы арқылы жұмыртқа мен етті өндіреді. Негізгі бәсекелестерден ұтысы «күннен күнге» сату жүйесі. Ал енді «Алматы Құс» ААҚ негізгі бәсекелестерін қарастырайық.
Кесте 2. «Алматы Құс» ААҚ-ның бәсекелес болып табылатын ұйымдары
2.2 «Алматы Құс» ААҚ-ғы несиелеуді ұйымдастыруды талдау
Төлем қабілеттілікті сипаттайтын негізгі көрсеткіштері несие қабілеттілікті көрсетеді. «Төлем қабілеттілік» ұғымы «несие қабілеттілік» ұғымына қарағанда кеңдеу болып келеді. Төлем қабілеттілік кәсіпкерлік қызметтегі барлық қарыздарды ескереді. Нарықтық экономика жағдайында қарыз қаражаттардың негізгі көзі банктік несие болып табылады. Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдардың әсерімен кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық – құқықтық формасына қарамастан мемлекеттік және коммерциялық банктер несиелеу қызметін көрсетеді. Несие қабілеттілікті талдау қарыз алушыға сапалы баға қойып береді. Банк несие қабілеттілікті талдай отырып оның бухгалтерлік есеп беруіне аса назар көңіл бөлу қажет. Банк кәсіпорынның:
3 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудың жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыруды жетілдіру
Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді жетілдіру жолдары негізінен банктік қызметпен тікелей байланысты. Себебі, қазіргі қызметпен экономикалық даму кезеңінде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, оны әрі қарай дамыту қаржыландыруға келіп тіреледі. Қазақстан Республикасы банктерінің экономика салаларын несиелеумен қанағаттандырылуы әліде болса төмен деңгейде. Сонымен қатар, кейінгі жылдары банк тараптарының қысқаруы да өз әсерін тигізуде. Мысалы, 1998 жылдың аяғынан 2002 жылдың тамызына дейін банк саны 71-ден 38-ге дейін немесе 46% қысқарса, банк филиалдары 458-ден 368-ге дейін, яғни 20% қысқарды. Банктердің бұлай қысқаруы кәсіпкерлердің несие алуына бөгет жасап, оның сапасы мен қызметін төмендетеді. Қазіргі кезде несиелеуде алынған несиенің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болып отыр.
3.2 Несиелеуді ұйымдастырудағы шетел тәжірибиесі
Шет дамыған елдердің тәжірибиесі мынаны көрсетеді: кәсіпкерлік қызмет мемлекеттік бағдарламаның қаржы-несие қолдауы бойынша қаржыландырылады. Осылай, АҚШ-та қаржы-несие қаржыландыру 2002 жылда 403 млн.доллар құрады. Жапонияда 2004 жылы осы мақсатта 1,7 млрд. АҚШ доллары бөлінді.Канадада соңғы бес жылда шағын бизнесті несиелендіру Заңына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 млн. Канада долларлары бөлінді. Соңғы он жылдықтарда Австрия, Франция, Финляндияда шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру кезіндегі тәуекелді мемлекет пен коммерциялық банктер арасында бөлуге негізделген кепілдік механизмдерін жетілдіру жолымен шағын бизнесті қаржы-несиелеу қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға көп көңіл бөлінеді.
Қортынды
Жалпы несиелеу Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқатын көтеруге, кәсіпкерлікті дамытуға үлкен үлес қосады. Себебі несиелеудің арқасында шағын және орта, сонымен қатар ірі кәсіпорындар дамиды. Ал бұның есебінен мемлекетіміздің экономикасы жақсарып, халық жағдайы жоғары деңгейге көтеріледі. Бюджеттік түсімдер көбейген сайын еліміздің экономикасы тұрақтанады, банк ісінің алға жылжуына да мүмкіндік беріп отыр. Себебі қазіргі кезде кәсіпкерлерге ақша қаражаттары банк несиесі есебінен түсіп отыр. Несиелеу қазіргі кезде банктер қорланған ақшаны айналымға жіберіп, одан пайда табу, пайыз алып отыру өте жақсы нәтиже беріп отыр. Егер Қазақстан несиелеуді ұйымдастыру осы қарқынмен дамыта берсе ондаған жылдар ішінде халықтың жағдайы әлдеқайда жоғары болады. Мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп, несие алуда біршама жеңілдіктер жасалса біздің елімізде кәсіпкерлер саны көбейіп, банктердің өздері де біршама пайда тауып қалар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1) Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары Алматы: Маркет, 2004ж
2) Калиева Т.Т Кредитное дело Қаржы-қаражат, №3,1997ж.
3) Мақыш С.Б. Ақша, несие, банктер Алматы: Маркет,2004ж
4) Көшенова Б.А. Ақша, неисие, банктер, валюта қатынастары Алматы: Экономика,2000ж
5) Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы Алматы: Экономика, 2003ж.
6) Лапуста М.Г.,Старостин Ю.Л. Малое предпринимательство Москва: Инфра-М, 2005г
7) Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы. Алматы: Экономика, 2002ж.