Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 65 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Қазақ ертегілерінің түрлері


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қазақ ертегілері –халық арманының көрінісі 5
1.1 Қазақ ертегілерінің жиналуы және зерттелуі 5
1.2 Ертегілердің халықтық сипаты және оның құрылысы 7
1.3 Ертегілердегі психологизм 9
2 Қазақ ертегілерінің түрлері 22
2.1 Қиял ғажайып ертегілері 22
2.1.1 «Қерқұла атты Кендебай», «Күн астындағы Күнікей», «Жеті өнерпаз» ертегілерінің сюжеті және ерекшелігі 28
2.2 Хайуанаттар жайындағы және шыншыл ертегілер 33
2.2.1 Хайуанаттар жайындағы ертегілерінің сюжеті және ерекшелігі 36
2.3 Тұрмыс-салт ертегілерінің сюжеті және ерекшелігі 43
2.4 Ертегілер тіліне тән белгілер 57
Қорытынды 63
Пайдаланылған әдебиеттер 65

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Ертегіге бай елдердің бірі –қазақ халқы. Ертегінің сан –алуан түрлері бар.
Қазақ ертегілерінің көптеген үлгілерін ХIХ ғасырдағы белгілі орыс ориенталистері В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, И.Н.Березин, А.Е.Алекторов, Ә.А.Диваев сияқтылар жинап, олардың біршамасын жариялап, жүйелеген еді. Бұл ретте олардың істеген қызметтерінің мәні аса зор болды. Сол жиналған фольклор үлгілерінің кей нұсқалары “Дала уалаяты”, “Ақмола облыстық ведомстволарында”, “Оренбурский листок”, “Киргизская степная газета”, “Тургайская газета”, “Туркестанские ведомости”, “Волжский вестник”, Ә.Диваев шығарған “Этнографические материалы”, А.Е.Алекторов қатысқан “Астраханский вестник” сияқты баспасөз бетінде жарияланады. Потанин қазақ, монғол ертегілерінің сюжеттерін жазып алып, оны орыс тіліне аударған. Өзінің “Образцы народной литературы тюрских племен” деген он томдық жинақтарында В.В.Радлов қазақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек, азербайжан т.б. түркі тайпалар эпосы мен ертегісін жариялаған. Қазақ эпосы мен ертегілерін жинап бастыруда Ә.А. Диваевтің еңбегі зор.
Қазақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты қазақ ертегілерінің екі томдығын жариялады. Қазақ ертегілерін зерттеуде Е.Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, М. Әуезовтердің еңбегі елеулі.

1 Қазақ ертегілері –халық арманының көрінісі
1.1 Қазақ ертегілерінің жиналуы және зерттелуі
Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі –ертегілер.
Соғыстан кейін қазақ ертегілері орыс тілінде бірнеше рет жарияланды[1]. Соның бірі В.М. Сидельниковтың библиографиясы мен еңбектері болса керек[2]. Институттың қолжазбалар қорында баспа бетін көрмей жатқан ертегі, аңыз, эпос нұсқалары көп.
Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.

1.2 Ертегілердің халықтық сипаты және оның құрылысы
Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүниетанымы мен көзқарасы көрініп отырады. Сондықтан да Белинский мұны «Халық жанының айнасы» деген болатын. Добролюбов пен Горький халық ертегілерін аса жоғары бағалай келіп, ертегілер халықтың өмірін, тұрмыс күйін, мінез-әрекеттерін білу үшін аса керекті материал екендігін айтады, ертегілерді тудырушы да, сақтаушы да халық екендігін дәлелдейді.

1.3 Ертегілердегі психологизм
Ертегіні қиял-ғажайып, жан-жануарлар туралы және шыншыл ертегілер деп үшке бөліп жүрміз. Бірақ сатиралық және балаларға арналған ертегілердің өзіндік ерекшеліктері барлығын ескермей, қосақ арасында зерттеп жүрміз. Кейде ертегілерге аңыз-әпсаналарды да, есте қалған әңгімелерді де қосуға даярмыз немесе аңыздар қатарына күлдіргі әңгімелерді де араластырып жүрміз. Ертегілер туралы А.С.Пушкиннің «Алтын әтеш» шығармасындағы «Сказка ложь да в ней намек, добрым молодцам урок», - деген[13] сөзін ескерсек, ертегі еріккеннің ермегі емес, ондағы ойдың мәнінде талай-талай тұспалдың жатқанын байқаймыз. Олардың, әрине халықтың шығармаларының ең мәнділерінің бірі екендігіне көзіміз жетеді. Молдаван жазушысы П.Боцу «Ертегілер еш уақытта қартаймайтын жанр, ол жанрдан біз балалық дәуірімізді көрсек, екіншіден, ертегі біздің жанымызды жасартады, пәле-жаладан тазартады, сөйтіп, рухани мықтылығымызды танытады»[14.184-196], - деген еді. Сол сияқты М.Горькийдің, ауыз әдебиетінде жан-жақты жетілген мінсіз образдар жасалады, - деген қағидасы да әркімге-ақ айқын болса керек. Сол жан-жақты образдарды не сұлу, көркем, не батыл, не батыр, қайратты, жігерлі, адамгершілігі мол, қайырымды, алдын болжағыш, көреген, ақылды, айлалы адам да толып жатқан қосымша анықтауыштармен атай беруге болар еді. Ол образдың ішкі жан сыры ашылмаса, күйініш-сүйініші туралы мәлімет болмаса, кейіпкердің қиыншылықты жеңудегі азаптары айтылмаса, әке-шешеден айрылған, не сүйгенінен айрылғандағы қайғысы, мұңы қамтылмаса, М.Горький айтқан жетілген мінсіз образдар жасалынбас та еді.

2 Қазақ ертегілерінің түрлері
2.1 Қиял ғажайып ертегілері
Қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлеміз. Солардың ішіндегі бастылары: қиял –ғажайып ертегілері, хайуанаттар жайындағы ертегілер, тұрмыс –салт ертегілері[18.103]. Осылардың ең көнесі –қиял ғажайып ертегілері. Ертегілердің бұл түрі адам табиғат сырын түсінбей тұрған кезеңдерде туа бастайды. Қазақ мифологиясы космостық (күнге, айға, жұлдызға табыну), тотемдік (аңдар мен жан-жануарларға сыйыну), шамандық ( өлі және тірі аруаққа сыйыну, адамды қасиеттеу ) түрінде жасалған. Қиял-ғажайып ертегілерінде өмір көрінісі аздау болады. Болса ол адам бейнесінде антропологиялық мифтер туған заманда пайда болады (Шопан-ата, Желаяқ, дәу, мыстан).

2.1.1 «Қерқұла атты Кендебай», «Күн астындағы Күнікей», «Жеті өнерпаз» ертегілерінің сюжеті және ерекшелігі
Халықтың қиял –ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттерімен қатар еңбек адамдарының да ерліктері мол орын алады. Еңбек адамдарының неше түрлі ғажайып жағдайда жасаған ерлік істері суреттеледі. Бұған мысал етіп ‹Керқұла атты Кендебай› дейтін ертегіні алайық. Бұл ертегінің әңгімесі екі бөлімнен құралады. Бірінші бөлімінде Кендебайдың тууы, халқы үшін жасаған қызметі айтылады. Екінші бөлімінде оның ерлік істері баяндалады. Бұл ертегінің оқиғасы басты кейіпкер-Кендебай арқылы дамып отырады.

2.2 Хайуанаттар жайындағы және шыншыл ертегілер
Бұл түрдегі ертегілер мифтік ертегіден кенжелеу, аңшылық, әсіресе бақташылық өмірмен тығыз байланыста туа бастайды. Руларды аңдардан тарату тотемизм белгісі болса, “түлкі мен бөдене ”, түлкі, түйе, қасқыр, арыстан туралы ертегілер үндінің “ Калила мен Димнасы”, “Бидпай” әңгімелері сияқтанып, мысал түрінде туған. Сол аллегориялар қоғам өміріндегі жамандық пен жақсылықты меңзеген.

2.2.1 Хайуанаттар жайындағы ертегілерінің сюжеті және ерекшелігі
«Ақ қасқыр» ертегісінен ертедегі адамдардың қасқырды жарылқаушы ие деп түсінгендігі көрінеді. Бұл түсінігін дәлелдеу үшін ертегінің сюжеті түрлі-түрлі ғажайып оқиғаны бейнелеуге құрылады. Ертегінің оқиғасы мал өсіріп кәсіп еткен елдің тұрмысын, қыс кезінде қос шығарып жылқыны далада бағатын жайын суреттеуден басталады. Осыдан былайғы оқиға фантазия аралас дами береді.

2.3 Тұрмыс-салт ертегілерінің сюжеті және ерекшелігі
Қазақ ертегілерінін, ішінде тақырыбы мен оқиға-әңгімелерінің аса мол түрі тұрмыс пен салтқа байланысты туған ертегілер. Бұл топқа кіретін ертегілерде ескі заманнан бастап, соңғы кезге дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Оларда халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, таптық сана-сезімі, арман-мүддесі суреттеледі де ертегінің оқиғасы реалистік болмыстан алынады. Егер қиял-ғажайып немесе хайуанаттар жайындағы ертегілерде фантастика басым келіп отырса, тұрмыс-салт ертегілерінде ол өте аз кездеседі.

2.4 Ертегілер тіліне тән белгілер
Ертегінің өзіне тән сөйлеу ерекшелігі бар екені белгілі. Ертегіде сюжет жұмыр болады. Оның мәнісі – ертегі әңгімелеп айтуға негізделген эпикалық жанрдың бірінен саналады. Ауыз әдебиетіндегі эпизм формаларына ертегі, аңыз, эпос, ал лиро –эпостық үлгілерге ғашықтық жырлары жатады. Ертегі образдары мифтік , аллегориялық (“Бөдене мен түлкі”) және реалистік болып келеді [19.63].

Қорытынды
Халық ауыз әдебиетінің бай мұрасы –ертегілерді қай-қайсымыз болса да тыңдап, оқып өстік. Қазақ халқы қашан да жақсылыққа ұмтылған, жарқын күнді алдағы күннен күткен. Оның айғағы сол халық ертегілері болса керек. Ертегілерден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі мен қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүниетанымы мен көзқарасы көрініп отырған.
Ертегілерінде қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтылады. Оларды халық тілегі, көпшілік мүддесі тұрғысынан әңгімелейді және ертегілерде айтылатын әңгімелердің қайсысына болса да халық өзінше қорытынды жасап, әділ бағасын беріп отырады; нені ұнататындығын, нені жек көретіндігін суреттейді. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты туған ертегілерде ұшан-теңіз мәселелер көтеріледі; үй ішіндік әңгімелерден бастап, қоғамдық мәні бар жайларды баяндауға дейін барады. Солардың бәрінде халықтың саны да, міні де, қостауы мен құптауы да айтылады.