Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 65 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 МҰХТАР ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫ 8
1.1 МҰХТАР ШАХАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 8
1.2 МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ ЛИРИКАСЫ 17
1.3 М. ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ-ТҮЙІНДЕР 22
1.4 МҰХТАР ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «ҰЛТ» КОНЦЕПТІСІ АРҚЫЛЫ ПАТРИОТИЗМ ДҮНИЕТАНЫМЫН ТАНЫТУ 28
2 М. ШАХАНОВ «ХХІ ҒАСЫРДЫҢ РУХАНИ РЕФОРМАТОРЫ» НЕМЕСЕ ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АҚЫН 35
2.1 М. ШАХАНОВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛ БАҒЫТ 35
2.2 ШАХАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БОЯУЛАР 38
2.3 АҚЫН ЖӘНЕ ҰЛТ МҰРАТЫ 44
2.3.1 КОСМОПОЛИТИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСУ,ҰЛТСЫЗДЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ 44
2.3.2 ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫН ІЗГІЛІККЕ БАҒЫТТАУ НЕМЕСЕ ҚАТЫГЕЗДІККЕ ҚАРСЫ ТҰРУ 48
2.4 ШАХАНОВТЫҢ АЛАШОРДА ҮКІМЕТІНЕ КӨЗҚАРАСЫ 52
2.5 М. ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ РУХАНИ-АДАМРЕГШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР 55
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65

КІРІСПЕ
Мұхтар Шахановтың есімі халқымызға көрнекті мемлекет қайраткері және талантты ақын ретінде жақсы белгілі. 70-80 жылдардағы қазақ поэзиясының есігін қаққан қазақ ақыны өзінің даралығымен бірден көзге түсті. Сол кезеңдегі қариялар Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Сафуан Шаймерденов сияқты көрнекті қаламгерлдерден әділ бағасын алған Мұхтар Шаханов, жаңа ғасырда да шығармашылық қуатын әлем халқына түгел дерлік мойындата білді. Оған Ш.Айтматов, Расул Ғамзатов, Гебзе, Е.Евтущенколардың ой-байламдары куә. Мұндай мысалдар дипломдық жұмыстың ішінде молынан кездеседі.
Мұхтар Шаханов мемлекеттік тілдің қолданылу аясына деген кейбір олқылықты тұстарын өлеңмен өрнектеген еді. Бұл – қайраткер ақынның халық үшін қылған қызметінің поэзиясынан көрініс тапқан бір парасы ғана. Мұхтар Шаханов күрескер ақын.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:

1 МҰХТАР ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫ
1.1 МҰХТАР ШАХАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жомарт көңіл қазақтың сыршыл сезімін бұғаулауға ешқандай күш атаулының шамасы жетпес, сірә. Сайын дала төсін ән-күйге бөлеген, сал-серілігі басым халықтың тіршілік әлемінің сыр-сипаты да өзгеше. Оның сұлу сурет болып көз алдыңа елестеп, мың бояу түске боялып, қиял дүниеңді бір сергітіп тастайтыны хақ.
Сол киелі ұлттың біртуар азаматы, белгілі ақын Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ жер бетінде жоқ деуге болар. Оның өлеңдері қазақи шекпенмен әлемнің әр елін аралап, бөтен ұлттың да бүйрегін бүлкілдетіп, жүрегін жаулай алғандығымен шоқтықты [1.12]. Бүгінде шетелдегі өзге ұлт оқырмандарының ақынға деген құрметі қазақтан еш кем емес деп айтуға болады. Оған себеп, шашасына шаң жұқпас жүйрік ақындық өнердің биік тұғырын бағындырған Шаханов поэзиясының даралығы.

1.2 МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ ЛИРИКАСЫ
60-80 жылдары өлең өңіріндегі ерікті ұйқасты көбірек пайдаланып, оны түрлендіре түсуге көп тер төккен ақындардың бірі – Мұхтар Шаханов. Ол өзінің ғажайып сазды лирикасын стильдік ізденіс жолына саналы түрде бұрды. Әрине, ол жеміссіз болған жоқ. Оның үстіне Мұхтардың жаңашылдығы көбінесе "өнерден-өмірге" принципіне орай айқындық табатындай. Әр кезде де солай, кезеңнің бауыздау шындығына екінің бірі қол соза бермейді. Өйткені ол қиынның қиясы. Ол үлкен қажыр-қайратты талап етеді. Өзгеше жаратылыс, бөлекше сезім-күйді керек етеді.

1.3 М. ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ-ТҮЙІНДЕР
М. Шахановтың ақындығы мен ойшылдығы бір бөлек әңгіме болса, философтығы бір басқа дүние. Бізге керегі – М. Шаханов поэзиясының, яғни өлеңдерінің ой-ілімдері. Оның өзі де, ойы да әлемді шарлап кеткен. Сөйтіп барып ой түйген, содан барып, адамзат туралы толғанысқа түскен, әлемге жауар бұлттай түнеріп тұрған зұлымдықтан, апаттан құтқару үшін дабыл қаққан. Мұндай ерлік – Мұхтар Шаханов сияқты санаулылардың қолынан ғана келмек.

1.4 МҰХТАР ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «ҰЛТ» КОНЦЕПТІСІ АРҚЫЛЫ ПАТРИОТИЗМ ДҮНИЕТАНЫМЫН ТАНЫТУ
Қазіргі тіл ғылымында концепт терминінің қарастырылуы лингвистика мен философияның өзара әсерінің күшеюіне байланысты. Логикада концепт термині ұғым, түсінік терминдерімен бірдей мағынада қолданылады. Сондықтан концепт ұғымын адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі ретінде тани отырып, біздің дүниетанымыздағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивтік бірлік ретінде қарау қажет [32.218].

2 М. ШАХАНОВ «ХХІ ҒАСЫРДЫҢ РУХАНИ РЕФОРМАТОРЫ» НЕМЕСЕ ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АҚЫН
2.1 М. ШАХАНОВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛ БАҒЫТ
Мұхтар Шахановты ірі ауқымдағы қоғам қайраткері ретінде жақсы білгенімізбен, соңғы жылдардағы поэзиясына үңіліп, саралап зерттеу жасаған қазақ сыншылары жоққа тән. Ақынның жаңа ғасыр басталғалы туған жырлары дүйім дүниені таңырқатып келеді. Бірақ, сол "руханият төңкерісшілері", яғни поэмалары мен тың туындылары қазақ эдебиетінде лайықты бағасын алмай жатыр. Бұл әдебиеттанушы сыншыларымыздың самарқаулығы десек артық айтқандық емес.

2.2 ШАХАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БОЯУЛАР
Әлемдік деңгейде мойындалып жүрген М.Шаханов поэзиясында ұлттық менталитет те мен мұндалап тұрады. Осы жерде дарынды жазушы Төлен Әбдіктің "Мұхтар Шаханов бақайшағына дейін ұлттық ақын" деген пікірі еріксіз еске түседі.
"Әр талант өзін толық ашқанда барып өзіне тән стиль қалыптастырады. Ол бір-бір өлеңде бола ма, бес, он өлең де болама – бәрібір. Ал ізденіс жолында ұлттық поэзиямыздың әр қасиетінен үлгі алуымыз заңды құбылыс. Мәселен, М.Шаханов өз шығармасын сазды лириканың баллада жанрына, сюжетті өлеңге ойысып кетуі – оның өзін өзі табуы"[16.11] - деп есептесек, ақынның мына жырларына үңіле кеткен ләзім.

2.3 АҚЫН ЖӘНЕ ҰЛТ МҰРАТЫ
2.3.1 КОСМОПОЛИТИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСУ,ҰЛТСЫЗДЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
"Тарих жоқ тек оны жасаушы тұлғалар ғана бар" деген Черчиллдің тұжырымын ақиқат етіп алсақ, ақын немесе тарихи тұлғаны бір-бірінен ажыратып қарау мүмкін еместей. Ақын алдымен қоғам қайраткері болса, онда оның шығармаларынан да өзі өмір сүрген дәуірінің жасампаз істері мен бармақ тістетер өкініштерін анық көруге болады.

2.3.2 ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫН ІЗГІЛІККЕ БАҒЫТТАУ НЕМЕСЕ ҚАТЫГЕЗДІККЕ ҚАРСЫ ТҰРУ
Мұхтар Шаханов алғаш әдебиет есігін қаққан беттен-ак ізгі сенімдерді, адал достықты жалаң емес, нақты оқиғалармен байланыстыра өзгеше формадағы өлең өрді. Қай тақырыпқа жазса да адамның адамдык қасиетін биік қоятын ақынның Шыңғыс хан сияқты тарихи тұлғаға қатысты ой-пікірлері әдеби ортада, тарихшылар арасында дау-дамай тудырып келеді. Шахановтың Шыңғыс хан жайлы пікірі өткен ғасырдың 70-80 жылдары-ақ жұртшылыққа мәлім болды. Бір ерекшелігі хандардың бәрі жамандалуға тиіс болған сол кезеңнің өзінде Шаханов Шыңғыс ханды хан болғаны үшін емес, адамзат өркениетінің ілгері жылжуына кедергі келтірген кереғар тұлға, қанқұмар тиран ретінде сипаттады. Шыңғыс хан жөнінде осы күні ғалым, жазушыларымыз түрлі пікірлер айтады. Ақын ретінде Шаханов Шыңғыс хан туралы поэма жазғаны белгілі.

2.4 ШАХАНОВТЫҢ АЛАШОРДА ҮКІМЕТІНЕ КӨЗҚАРАСЫ
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады», - деп атап көрсеткен. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту.[53.221] Бұндай күрделі екі мәселені жүзе асыру үшін ана тілімізді толыққанды меңгеруіміз қажет-ақ. Ал тілімізді толыққанды меңгеру үшін өткен тарихымызға талдау жасамасақ тағы да болмайды. Тарихты білмей бүгінгіні құру, болашақты болжау мүмкін емес. Яғни, тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр. Мұхтар Шаханов «Тарихты білмеу – тамырсыздық» - дей келе:

2.5 М. ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ РУХАНИ-АДАМРЕГШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Қазақ халқы аса күрделі проблемаға маңдай тіреді. Өз ұлтымыздың ішінен орыс және батыс мәдениетімен жете сусындаса да, ана тілінде «екі ауыз сөйлем құрай алмайтын, құраса да күнделікті тіршілік ауқымындағы жүрдім-бардым әңгімеден алыс ұзай қоймайтын және онысын кемшілік деп есептей бермейтін үлкен топ – «Космополит қазақтар» тобы пайда болды».[56.5] Енді қалыптасқан жағдайға көзді ашып қарайтын мезгіл де жетті деп білеміз.
Қайта олардың мемлекеттік тілге бұрылуына, рухани құндылықтарды мойындауына және игеруіне мүмкіндігінше ат салысып, еңбегі сіңген белгілі ақын, қоғам қайраткері М. Шаханов осы орайда бұл мәселеге байланысты «Космополит қазақтар» атты өлеңінде тереңінен ой қозғайды:

ҚОРЫТЫНДЫ
Шын ақын өмірі бір адамның басынан кешкендерімен шектелмейді. Ақын көптің өмірін сүреді, көп көргенді көре алады, көп сезгенді сезе алады. Бұл – ақын сезімі жалпы және жеке адам сезім-күйінің жиынтығы деген сөз. Ол жеке адам көңіл-күйін заман рухымен жалғастырады. Жалпылық пен жекелікті осылай тұтастыра алғанда ғана ақын азаматқа айналады, өзінің ақындық, азаматтық тұлғасын қалыптастырады.