Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекеттік жергілікті басқару

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 64 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Қазақстан Республикасының еңбек нарығы


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Қазақстан Республикасының еңбеқ нарығының маңызы 8
1.1 Еңбекті қорғау мәселелері 8
1.2 Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару 25
2 Қазақстан Республикасының еңбек нарығының жағдайы 31
2.1 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің экономикалық көрсеткіштері 31
2.2 Қостанай облысының еңбек нарығындағы жағдай және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру 39
3 Қостанай облысы бойынша еңбек нарығының жаңаруы және дамуға бағыттталған іс-шаралар 45
3.1 Қостанай ауданның халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі ауданды дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары 45
Қорытынды 62
Қолданылған әдебиеттер тізімі 64

Кіріспе
Еңбек нарығы - кез-келген қоғамдағы адамдардың жақсы тұрмысының негізгі көзі. Еңбек нарығы нарық жүйесінде ерекше орын алады. Оның негізгі қызметі жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының теңдестірілуі, мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығы мен саяси қауіпсіздігі негізінде халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. ХЕҰ сарапшыларының бағалуы бойынша, жұмыс күшіне сұраныстың жандануы экономикалық өсімнің ету айтарлықтай жоғарғы қарқынын қолдау және ұлттық экономиканы қамтамасыз ету мүмкінділігіне тәуелді.

1 Қазақстан Республикасының еңбеқ нарығының маңызы
1.1 Еңбекті қорғау мәселелері
25 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялау – халықаралық еңбек ұйымының ең маңызды акцияларының бірі. Бұл - әлемнің көптеген елдерінде өндірісте зардап шеккен еңбекшілер еске алынатын күн, оны атап өткізу аясында құқықтық, әлеуметтік - экономикалық,ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, оңалту және еңбекті қорғауға бағытталған өзге де іс-шаралар кеңінен насихатталады.
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне қарағанда, әлемде жыл сайын миллиондаған адамның өмірін қиятын 207 миллионға жуық жазатайым оқиға мен 160 миллион кәсіби ауру тіркеледі.Жайсыз еңбек жағдайлары, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулар көптеген жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелеріне ауыртпалығын түсіреді, сондай-ақ олардың салдарынан әлем экономикасы жылына жалпы ішкі өнімнің төрт пайызынан айырылып отырады. Өкінішке қарай, мұндай шығындарға біздің ел де тап болып отыр.

1.2 Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:

2 Қазақстан Республикасының еңбек нарығының жағдайы
2.1 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің экономикалық көрсеткіштері
Жұмыспен қамту Стратегиясын іске асыру бойынша бүгінгі күні барлық ұйымдық және қаржы мәселелері толық шешілді, қажетті нормативтік- құқықтық база жасалды. Жұмыспен қамту стратегиясы шеңберінде, стратегияның барлық инвестициялық бағыттары бойынша іске асырылатын 163 млрд. теңге (республикалық бюджеттен - 112 млрд.теңге, жергілікті бюджеттерден 51 млрд. теңге) сомасындағы 4 700 жобадаң астамы тізбесі айқындалды, солардың есебінен 254 мың жұмыс орны құрылатын болады.

2.2 Қостанай облысының еңбек нарығындағы жағдай және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру
Статистика органдарының алғашқы деректері бойынша жалпы жұмыссыздықтың деңгейі жыл басындағы 6,8 %-дан ағымдағы жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 5,9 %-ға дейін төмендеді. Өткен жылдың ұқсас мерзімінде ол 6,4 пайыз құрады. 2009 жылдың 1 қазанына тіркелген жұмыссыздықтың деңгейі 0,8 % құрады, республикалық көрсеткіш 1,0 пайыз құрады. Ағымдағы жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздардың саны 4207 адамды құрады, олардың ішінен 1485 адам қазіргі кезде кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудан өтуде, 664 адам – қоғамдық жұмыстарға қатысады.

3 Қостанай облысы бойынша еңбек нарығының жаңаруы және дамуға бағыттталған іс-шаралар
3.1 Қостанай ауданның халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі ауданды дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Облысымызға Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру, сол Жолдауда айтылған тапсырмалар мен бағдарламалар қай тұрғыда жүзеге асырылуда екенін, дүние жүзін шарпыған қаржылық дағдарыстың алдын алу үшін елімізде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын нақты хабардар ету мақсатында республикалық ақпараттық-насихаттық топ келді. Келген топ мүшелерімен облыстық әкімдікте баспасөз мәслихаты өтті.
Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тамара Жақыпованың айтуынша, бүгінгі таңда Елбасының Жолдауын түсіндіру мақсатында көктем айында ақпараттық насихаттық топ мүшелері республика, соның ішінде облыс бойынша да өз жұмысын бастағанды, енді сол жұмыстың екінші кезеңінің барысындағы да жұмыстар аяқталып, қорытындылуда.

Қорытынды
Еңбек ресурстары мемлекет өмірінде маңызды рөл атқарады. Еңбек - тауарлар мен қызметтерді шығаруда қолданылатын адамның дене және ақыл-ой күшіне негізделген өндіріс факторы. Барлық өндіріс факторлары ішіндегі ең негізгісі - еңбек, өйткені адам еңбегінсіз капитал да, табиғи ресурстар да өздігінен ештеңе өндіре алмайды. Нарықтық экономикада еңбек тауар болып табылады және еңбек нарығында ұсыныс пен сұраныс заңы әсер етеді. Адамдар уақытын және денсаулығын сарп ете отырып, өзінің білімін, тәжірибесін, біліктілігін пайдаланып өмір сүру үшін еңбек етеді, жалақы табады.
Еліміздің барлық еңбек ресурстарын 2 топқа бөлуге болады: