Банктің меншікті капиталы
Жоспар
Кіріспе 3
I Бөлім. Меншікті капиталдың маңызы,орындайтын функциялары мен құру тәртібі 6
1.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы 6
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі 11
1.3. Банктің жарғылық капиталының құру тәртібі 16
1.4. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі 22
ІІ Бөлім. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау 33
2.1. Депозит туралы түсінік 33
2.2. Депозиттің сыныпталуы 34
III Бөлім. Депозиттік операцияларды дамыту жолдары 41
Қорытынды 43
Пайдаланылған әдебиеттер 45
Кіріспе
Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы
2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:
• Жарғылық капитал;
• Резервтік капитал;
• Қосымша капиталдар;
• Бак операцияларына бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
• Бөлінбеген банк пайдасы;
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер акционерлік формада құрыла алады.
Тақырыптың өзектілігі: екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының қалыптастыруы және оның банк қызметіндегі рөлі мен мақсаты.
Жұмысты орындаудағы мақсат: банктің меншікті капиталының жеткіліктілігіне жүргізілетін талдау мен оған қолданылатын көрсеткіштер және банктің меншікті капиталын қалыптастыру тәртібі мен қазіргі таңдағы отандық банктердің меншікті капиталын ұдғайту перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Жаңадан енгізілген банктің меншікті капиталына қойылатын пруденциялдық нормативтерді көрсету;
• Банктің меншікті капиталдағы болып жатқан өзгерістерге зерттеулер жүргізу;
• Банктің меншікті капиталына және оның жеткіліктілігіне талдау жүргізу.
Әдістемелік негіз ретінде: ҚР «Банк және банк қызметі туралы» Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу Агенттігінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқааралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым.
I Бөлім. Меншікті капиталдың маңызы,орындайтын функциялары мен құру тәртібі
1.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы
Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категорияларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан үлесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:
Банктің тартылған ресурстардың оңтайлы үлес салмағы, банктің меншікті қаржылары мен тәуекелділігі бойынша салмақталған активтердің арасындағы қатынасы ретінде меншікті капиталдың жеткілікті нормативі арқылы қадағаланады.
Банктің меншікті капиталы пассив операцияларына жатады және ол келесі баптардан тұрады:
• Жарғылық капитал – жай акциялар (мерзімі шексіз бағалы қағаздар), ерекшелігі бар акциялар (дауыс беруге құқығы жоқ бағалы қағаздар);
• Банктік резервтер – яғни, алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздардың орнын жабуға арналады;
• Қосымша төленген капитал – жай және ерекшелігі бар акциялардың сату курсы мен номеналдық курсы арасындағы айырмадан құрылады;
• Қосымша төленбеген капитал – активтерді қайта бағалаудан құрылады;
• Бөлінбеген таза кіріс – банк меншігінде қалатын, жылдан жылға жинақталатын кіріс сомасы;
1-сурет. Меншікті капиталдың құрылымы
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі
Банктің ресурсы ретінде меншікті капитал акционерлердің диведенді формасындағы құнға ие. Бұл ресурстың көбеюі екі әдіспен жүруі мүмкін:
1. Жарғылық капиталды көбейту;
2. Таза кірісті көбейту;
Банктік қаражаттар құрылымындағы жарғылық капитал мен оған теңестірілген баптар, банктің тұрақтылығы мен оның жұмыс тиімділігін қамтамасыз етуде өте үлкен роль атқарады.
Меншікті капитал бірқатар қызметтер атқарады:
1. Қорғаныс қызметі;
2. Шұғыл қызметі ,
3. Реттеуіш қызметі;
4. Айналым қызметі;
5. Резервтік қызметі;
1. Қорғаныс қызметі. Банктің меншікті капиталдың қорғаныс қызметі оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.
1.3. Банктің жарғылық капиталының құру тәртібі
Банктің жарғылық капиталы акционерлік капитал деп аталатының себебі, меншікті бағалы қағаздар шығару жолымен қалыптасуында. Жарғылық капиталдың көлемі акция ұстаушылар – акционер, қатысушылар жарғысынан жиналады. Банктің жарғылық капиталы заңды және жеке тұлғалардың толық салымдарынан қалыптасады. Акционерлік банктер өзінің жарғылық капиталын қалыптастыру және көбейту үшін, жай және артықшылығы бар болып бөлінген акциялар шығарады.Меншікті капитал құрамында банктің жарғылық капиталы маңызды меншікті салмаққа ие.
Банктің жарғылық капиталына төмендегілер кіреді: жай акциялар, артықшылығы бар акциялар, артық капитал (акцияның курстық бағасы сомасы мен оның бастапқы бағасы арасындағы айырмашылық), бөлінбеген табыс.
1.4. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі
Егер банк өзінің меншікті қаржыларын тиімді қолдана алса, онда ол олардың көмегімен банк кірісін көтеріп, салымдардың сақталуын қамтамасыз ете алады. Кіріс деңгейін арттыру үшін, банк ең алдымен өзінің меншікті қаржыларын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салмай, оның орнына несиелерді берумен айналысатын жағдайда, өзінің кіріс деңгейін көтере алады. Қосымша төлемділік қабілеттілігін немесе міндетті резервтердің көлемін ұлғайту қажеттілігін қанағаттандыру үшін, несиелік портфельдің немесе бағалы қағаздардың кейбір бөлігін нақты ақшаға айналымдар арқылы жетуге болады. Егер менеджер қосымша салымдарды тартумен байланысты сұранысты қанағаттандырған болса, онда ол банктің төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейін сақтай отырып, тартылған салымдарды инвестициялаумен қатар, несиелерді берумен байланысты операцияларды жүзеге асыра алады. Өзінің қысқа мерзімді берешектері мен депозиттік шоттарын реттей отырып, банк өзінің төлем қабілеттілігін және кіріс көлемінің деңгейін арттыра алады.
Капиталдың көрсеткіштері арқылы мемлекеттік қадағалау органдар банктердің қызметін қадағалап, оларға баға бере алады. Әдетте меншікті капиталға жататын көсеткіштерге:
Формула бойынша:
МК = 1.500.000 + 1.500.000 - 500.000 = 2.500.000 (КII –дың 200.000 теңгесі есепке кірмейді, өйткені КI-дан көп)
Капиталды екі деңгейге бөліп, оның компоненттерінің сенімділігін анықтауға болады:
КI – сенімділігі жоғары, негізгі көздер;
КII – сенімділігі төмен көздер;
Талдау барысында олардың өзгеру динамикасын бағалап, өсу қарқынына мінездеме беру керек.
КI келесідей есептеледі:
1. Төленген жарғылық капитал (банк сатып алған өз акцияларының алып тастауымен):
2. Қосымша капитал;
3. Резервтік капитал;
4. Өткен жылдың таратылмаған таза кірісінен пайда болған қорлар;
5. Өткен жылдың таратылмаған таза кірісі;
ІІ Бөлім. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
2.1. Депозит туралы түсінік
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
2.2. Депозиттің сыныпталуы
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттердің шоттарының әр түрі кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
III Бөлім. Депозиттік операцияларды дамыту жолдары
Еліміздегі қалыптасқан банктердің депозиттік операциялары қазіргі таңда даму үстінде өзімізге белгілі депозит банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Бұл ресурстардың көбеюі, қосымша несиелік ресурстардың көбеюін қалыптастырады.
Қорытынды
Қазақстан банктерінің меншікті капиталдарының көлемі үлкен болып табылмайды. Оны банктердің ерте жұмыс істеуімен түсіндіруге болады немесе бұрынғы мемлекеттік банктер меншікті капиталға үлкен мән берген жоқ. Себебі, олардың банкротқа ұшырауы болуы мүмкін емес болған. Қазақстан банктерінің меншікті капиталдарының (Ұлттық банктен басқа) мөлшері 100 млн долларға дейін жетеді және ол ірі әлемдік банктердің меншікті капиталдарынан 100 есе аз.
Банктің ресурсы ретінде, меншікті капитал акционерлерге дивидент формасындағы құнға ие. Бұл ресурстің өсуі екі әдіспен жүруі мүмкін: жарғылық капиталды немесе банк табысының өсуі. Банктердің кірісін қалыптастырудың талдауы көрсеткендей кірістерді қалыптастыру процессі екінші деңгейлі банктерге қиынға түсіп жатыр. Қазіргі таңда банктердің көбі үлкен емес меншікті капиталдарға ие және оны қазіргі уақытта кірістер есебінен ұлғайту қиынға түсіп жатыр.Сонымен қатар, кірістері жоғары топ банктер бар, бірақ олардың меншігінде қалатын және жинақталатын кірістер сомасын несиелік қызметтен болатын шығындарды жабуға қалыптасқан резервтер (провизиялар) кемітеді.
Ал жарғылық капиталды ұлғайту, қазіргі таңда бірнеше себептерге байланысты қиынға түсетін операция болып табылады. Яғни: