Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау (әйелдер, кәмелетке толмағандар мен мүгедектер)
Мазмұны
Кіріспе 3
І. Еңбекті қорғаудың жалпы негіздері 7
1.1 Еңбекті қорғаудың түсінігі және оның маңызы 7
1.2 Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері 18
ІІ Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау 26
2.1 Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы 26
2.2 Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау 38
2.3 Мүгедектердің еңбектік реабилитациясын құқықтық реттеу 45
Қорытынды 54
Қолданылған нормативтік құқықтық актілер 58
Қолданылған әдебиеттер мен басылымдар 58
Кіріспе
Зерттелетін мәселенің өзектілігі.
Қазақстан Республикасы 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдап, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап егеменді мемлекет ретінде өз халқының мүддесі үшін экономикалық және әлеуметтік саясатын өз бетінше анықтауда және жүргізуде. Бүгінгі таңда елімізде қоғамдық өмірдің барлық салаларын, соның ішінде заң саласын реформалау жалғасуда, кең көлемді әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылуда.
Конституциямен өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан Республикасы тұлғаның еркін дамуы үшін, оның өмір сүру деңгейінің жоғарлауы үшін жағдайларды қамтамасыз етуден белгілі бір міндеттерді мойнына алып, өзінің әлемдік құндылықтардың жолын ұстайтынын растады. Әлеуметтік мемлекет теориясы жеке еркіндік пен теңдіктің, тұлғалардың еркіндігін қамтамасыз етуге мемлекеттің қатысуының үйлесімділігін білдіреді. Әлеуметтік мемлекеттік қорғалмаған адамдарды қолдау, қорғау, қамқорлыққа алу, қоғамның гуманизациялану идеясын қабылдайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасындағы жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғауды құқықтық реттудің теоретикалық мәселелерін кешенді зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Еңбекті қорғаудың жалпы ұғымын және оның мәнін ашу;
2. Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздерін анықтау;
3. Өндірістегі әйелдер еңбегінің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған түрлі шаралардың кешенді жүйесі болып табылатын әйелдер еңбегін қорғаудың жалпы сұрақтарын қарастыру және тек әйелдерге қатысты ғана қолданылатын арнайы құқықтық нормалардан тұратын әйелдер еңбегін ерекше қорғаудың мазмұнын ашу;
4. Еңбекті қорғауға байланысты кеңес үкіметінің және Қазақстан Республикасының заңнамаларын салыстыра отырып, кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғауға қатысты шешілмеген, қайшылықты мәселелерді анықтау;
5. Мүгедектердің әлеуметтік-құқықтық реабилитациясы ұғымын құқықтық санат ретінде анықтау және оның негізгі бағыттарын көрсету.
Зерттудің методологиялық негізі. Зерттеудің методологиясын құқықтық құбылыстарды танудың диалектикалық әдісі, сондай-ақ салыстырмалы талдау жасау, тарихи-әлеуметтік, жүйелі, логикалық, кешенді және себеп-салдар мен себепті байланыс әдістері құрады. Мысалы, тарихи әдіс еңбекті қорғауды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің өзгеру динамикасын көрсетуге мүмкіндік берді. Салыстырмалы әдіс еңбекті қорғаудағы өзге мемлекеттердің жетістігін анықтап, үлгі ретінде алынуы үшін қолданылды.
Зерттеудің теоретикалық негізін құқық, философия, экономика, социология, физиология, психология салаларындағы отандық және шетел мамандарының еңбектері құрады. Маңызды қайнар көз ретінде еңбек құқығы ғылымының өкілдерінің еңбегі қолданылды: Е.Н. Нұрғалиева, А.С. Пашков, Т.М. Абайдельдинов, В.Н. Уваров, А.М. Нұрмағамбетов, К.А. Шайбеков, А.А. Абрамова, Е.Г. Азарова, Э.Г. Қожахметова, Л.А. Николаева, В.Н.Толкунова және өзгелері.
І. Еңбекті қорғаудың жалпы негіздері
1.1 Еңбекті қорғаудың түсінігі және оның маңызы
Қазақстан Республикасында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалады. Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері еліміздің ата заңында көрініс тапқан. Яғни, Қазақстан Конституциясының 24–бабының 2-бөлігіне сәйкес әрбір азамат қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы бар, ал 29-бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулық сақтауға құқығы бар.
Қоғамдық қатынастардың түрлі жақтарын қамтитын күрделі әлеуметтік-құқықтық санат бола отырып, еңбекті қорғау тек қана заңгерлермен ғана емес, өзге де техникалық, медициналық, әлеуметтік және т.б. салалық ғылымдармен зерттелуде.
1.2 Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері
Еңбекті қорғауды құқықтық реттеуде еңбек заңнамасының еңбекті қорғау бойынша құқықтық шаралардың минимумын белгілейтін орталықтандырылған нормалары осы минимумды әлеуметтік-серіктестік келісімдердің, ұжымдық шарттардың, сондай-ақ еңбек шарттарының (контрактлердің) негізінде көтеретін, нақтылайтын шарттық әдіспен кең үйлесімділік тапқан.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жарияланған. Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығының ең жоғарғы құндылық екенін танып отыр. Қоғамдық өмірдің қандай саласында болмасын, адамның өмір сүруге және денсаулыққа құқығы мемлекет тарапынан қорғауға алынған. Конституцияның 24-бабының 2-бөлігіне сәйкес әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талптарына сай еңбек ету жағдайларына құқығы бар. Аталған норма қызметкердің еңбегінің қорғалатынын жариялап, оған кепілдік беріп отыр.
ІІ Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау
2.1 Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 24-бабының 2-бөлігіне және «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңның 4-бабының 1-бөлігіне сәйкес әрбір азамат өзінің еңбек құқығын ешбір шектеусіз жүзеге асыруына тең мүмкіндікті иеленеді. Өкінішке орай, тәжірибеде жалғыз норманы ғана қабылдау әрқашан оң нәтижеге әкеле бермейді. 1999 жылы елімізде жедел тәртіппен бірқатар реформалар жүргізілді. Қазақстан Республикасының Парламентінде кейбір заң жобалары «жедел» графигімен қарастырылып өтті. Бірақ халықтың және мүдделі органдар мен ұйымдардың арасында талқыға салынбай заң қабылдаудың мұндай тәсілі көп балалы отбасылардың құқытырына, мүгедектерге, кейбір санаттағы жұмысшыларға және әйелдердің құқықтық жағдайына кері әсерін тигізді.
Еңбек процесі өзінің мазмұны жағынан, біріншіден, еңбек құралдарының, еңбек пәнінің және еңбектің өзара ара қатынасы, екіншіден, жұмыс күшін пайдалану, жұмсау болып табылады [156, C.196]. Бұл мағынада еңбек, ең біріншіден, физиологиялық жағынан жұмыс күшін жұмсау болады. Егер әйел мен еркектің еңбек үрдісіне талдау жасасақ, онда сырттай олар ұқсас. Еңбек үрдісі барысында екеуі де белгілі бір нысанда, қажетті еңбек құралдарының көмегімен еңбек пәніне әсер ету арқылы мақсатты қызметті жүзеге асырады. Алайда бұл үрдістің ішкі мазмұны күрделі. Еңбектің әрбір жеке түрінің ерекшелігі оның ерекше мақсатынан, операциялардың ерекше сипатынан, өндіріс құралдарының ерекше табиғатынан объективті және субъективті көрініс табады. Осы жағынан әйелдер мен еркектердің еңбегі өзіне тән ерекшеліктерге ие. Бұл ерекшеліктер әр жыныстың табиғатпен берілген ағзаның табиғи қабілетінен шығып отыр.
2.2 Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау
Кәмелетке толмағандар әлеуметтік-жастық топ ретінде қоғамның ең динамикалық бөлігі болып табылатындықтан, жас ұрпақ жөніндегі заңнаманың маңызы өте зор. Жасөспірімдердің бұл жасында әлеуметтік есеюге, тәуелсіздікке өтуі басталады, олардың құқықтары мен міндеттерінің шеңбері мен мазмұны кеңейіп өзгереді. Заңнама мұндай жағдайларда кәмелетке толмағандардың мінез-құлқының маңызды реттеушісіне айналады.
Жастар, соның ішінде кәмелетке толмағандар, ұзақ уақыт бойы (1960 жылға дейін) қоғамның дербес әлеуметтік –демографиялық тобы ретінде қарастырылмады. Сондықтан олардың көптеген, соның ішінде құқықтық мәселелері жеке зерттелмеді. Осының нәтижесінде «жастар» мен «кәмелетке толмағандар» ұғымдары теңестіріліп, бір мазмұнда қарастырылып жүрді.
2.3 Мүгедектердің еңбектік реабилитациясын құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы мен заңшығарушылық - құқықтық базаның құрылу жағдайында мемлекет қызметінің ең маңызды бір бағыты оның әлеуметтік саясаты болып табылады. Соның ішінде жалпы еңбекке жарамсыз азаматтардың және нақты мүгедектердің әлеуметтік қорғауына байланысты сұрақтар жетекші орын алады. Әлеуметтік-қамтамасыз етушілік қатынастардың, өмір сүру деңгейінің жоғарлау немесе төмендеуінің реттеушісі құқық болып табылады. Ол мүгедектің мәселелерінің шешілуіне кедергі келтіретін немесе көмектесетін мән-жайларды анықтайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Адамды адам еткен - еңбек» демекші, адамзат тіршілігінің барысында еңбек оның тіршілігінің негізгі нысаны және дамуының басты механизмі болған және болуда. Адам өзінің саналы ғұмырын рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін еңбектенумен өткізеді. Қазіргі кезде еңбекке және оның негізгі элементі қызметкерге деген көзқарастың өзі мүлде өзгеруде. Еңбек пен денсаулық бір – бірімен тығыз байланысты, өйткені еңбектің негізгі мақсаты адамға игілікті жағдайлар жасау болып табылады. Еңбек қорғау дегеніміз - тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін, оның еңбек қабілеттілігін арттыруға, денсаулығын өндірістік ортаның әсерін қорғауға бағытталған мемлекет, кәсіподақтар, мекемелер, кооператив және қоғамдық бірлестіктермен бірігіп жасалатын ұйымдастыру - экономикалық, психологиялық, эстетикалық, емдеу – профилактикалық, құқықтық және тағы басқа да шаралардың жүйесі болып табылады.
Қолданылған нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылғы Конституциясы
2. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2004 ақпан №528-ІІ
3. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 10 желтоқсан №493-І. (2001 жылғы 6 желтоқсан №260-ІІ ҚРЗ, 2003 жылғы 25 қыркүйек №484-ІІ ҚРЗ, 2004 жылғы 23 желтоқсан №20 – ІІІ ҚРЗ енгізілген өзгертулер және толықтырулармен бірге).
Қолданылған әдебиеттер мен басылымдар
1. Абайдельдинов Т.М. О генезисе трудового отношения: проблемы, поиски, решения // Вестник КазГУ. Серия юридическая 2000. №1 (14). С.1-11.
2. Абайдельдинов Т.М. Стороны коллективных соглашений // Конституция Республики Казахстан и вопросы совершенствования законодательства о труде: Сборник материалов международной научно-теоретической конференции. – Алматы: Общественный фонд политико-правовых исследований «Интерлигал» в Казахстане, 2001.
3. Абрамова О.В., Коршунова Т.Ю. Правовые проблемы организации надзора и контроля за соблюдением законадательства о труде. Институт законадательства и сравнительного правоведения при Правительстве РФ. Труды №60. 1995.
4. Абрамова О., Нуртдинова А. Защита трудовых прав работников // Хозяйство и право. 2002. №11; №12.