Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орны


Жоспар
Кіріспе 3
І-тарау. Инвестиция туралы түсінік 5
1.1 Инвестицияның мәні,формалары мен түрлері 5
1.2 Тікелей инвестиция 8
ІІ-тарау. Қазақстан экономикасындағы инвестициясының орны 11
2.1 Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орналасуы 11
2.2 Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тартудың маңызы 16
ІІІ-тарау. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат, шетелдік инвестицияларды тартудағы негізгі проблемалар мен олардың болашаққа әсері 19
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 26

Кіріспе
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс.Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.

І-тарау. Инвестиция туралы түсінік
1.1 Инвестицияның мәні,формалары мен түрлері
Капитал өндіріс факторларының бірі, яғни ресурс болып табылады, оны тауар өндіру үшін жұмсау керек, және материалдық игілік жасау үшін өндіріс, ақша және тауар формасындағы барлық ж Коммерциялық өндіріс ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар және өндірістік запастар сатып алудан басталады, ал ол өз кезегінде инвестициялық салымдарды қажет етеді. Басқа жағынан, пайда ұйымның қаржылық қызметтің нәтижесі ретінде, оны тиімді пайдалануды талап етеді, ол да инвестициялық қызметпен байланысты.иналған құралдардың запасын білдіреді.
Инвестициялар – макро және микро деңгейде жиі қолданылатын экономикалық жүйе категорияларының бірі.

1.2 Тікелей инвестиция
Қаржы иелері нарықта капиталды тұтынушыларын делдалдарсыз табуы мүмкін, басқаша айтқанда тікелей инвестицияларды жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жерде қаржылардың иелерінен қарыз алушыларға тікелей ауысуы мүмкін. Бұл салымдар түрі инвесторға бағалы қағаздарға немесе шет елдердегі меншікке тікелей меншіктену құқығын береді. Тікелей инвестицияларға шетелдік инвестор компаниясының шет елдерде құрған немесе сатып алған, оған өз бақылауын орнатқан кәсіпорындар жатады. Тікелей инвестициялар құрамына жеке меншіктік компаниялардың шет елде салынған өз капиталы, қайта салынған пайдасы және қарыз бен несие түріндегі ішкі фирмалық аударулар кіреді.

ІІ-тарау. Қазақстан экономикасындағы инвестициясының орны
2.1 Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орналасуы
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро- пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді.Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу, соларға байланысты жаңа жұмыс орындарын ашу инвестициялық процестерге тәуелді.


2.2 Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тартудың маңызы
Шетелдік инвестицияларды пайдалану қай ел үшін болса да объективті қажеттілік. Ол, ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.
Шетел инвестициясын алып келу және оны тиімді пайдалану Республика экономикасының өндірістік қуатын көтеруге ықпал етеді. Бірақ жалпы қағида бойынша, көптеген елдер мұны үлкен мөлшерде алынған сыртқы қарызды өтеуге бағыттайды.
Егер, біздің мақсатымыз дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялану және ашық экономика принциптерін қолдау болса, онда капиталдарды Қазақстанға келтіру және оны импорттау ауадай қажет процесс. Олай болса біздің іс қимылдарымыздың басты бағыттарының бірі шетелдік инвестицияларды тарту және оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану болуы тиіс.
Шетелдік инвестицияларды Қазақстанға тарту төмендегі мәселелерді шешуге көмектеседі:

ІІІ-тарау. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат, шетелдік инвестицияларды тартудағы негізгі проблемалар мен олардың болашаққа әсері
Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңінде реформалар негізінен мемлекеттің инвестициялық саясатын дайындауға және оны жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.
Мемлекеттің тікелей инвестицияларды қолдауының мақсаты экономиканың жекелеген салаларындағы тауар өндірісі мен қызметті жедел дамытуға қолайлы инвестициялық климатты даярлау болып табылады.
Бүл мақсаттарға жету үшін келесі жағдайлар қажет:

Қорытынды
Мен бұл тақырыпты алған себебім, қазіргі уақытта «инвестиция» термины үлкен маңызға және сұранысқа ие болып отыр.Өйткені, бүкіл дүниежүзінде қандай мемлекет болмасын дамыған не дамушы елдер инвестициямен көп қақтығысады. Мемлекет экономикасында болатын елеулі өзгерістер, соның ішінде инфляция, жұмыссыздық, жалақыны уақытысында төлемеу, осының бәрі халықтың тұрмыс жағдайының нашарлануына әкеледі. Осы проблемалардың барлығымен күрес жүргізетін инвестициялық саясат. Инвестиция арқылы жаңа технологияларды енгізу, жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыздандыру, жаңа объектілерді ашу үшін көмектеседі. Бірақ басқа елден енгізілген капитал, тек инвестордың пайдасына ғана емес, капитал салушы мемлекеттің де пайдасына шешілуі тиіс. Бұл инвестицияның ең негізгі қағидаларының бірі болып саналады. Соған байланысты инвестицияны салушы мемлекетте арнайы комитет құрылуы керек. Бұл ұйым арнайы заң жобалары арқылы капитал қозғалысын бақылап отыру қажет.

Қолданылған әдебиеттер
1. Международная экономика, А. Киреев- М.: «Международные отношения», 1998г, часть 1, стр. 285-308.
2. Халықаралық экономикалық қатынастар, оқу құралы, М. Байгісиев,- А.: «Санат», 1998 жыл, 39-53 беттер.
3. Кәсіпорын экономикасы , оқу құралы, Г.Ө.Жолдасбаева, - А.: «Экономика», 2002 ж., 48-59 беттер.
4. Макроэкономика, оқулық, Р. Дорнбум, С. Фишер, А.: ҚазМБА, 1997жыл, 197 бет.