Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 7 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Жыраулар


Жоспар

1 Жыраулар 3
1.1 Асанқайғы (XIV - XV ғғ.) 3
1.2 Ақтамберді (1675 – 1768 жж. ) 3
1.3 Бұқар Қалқаманұлы (1668 – 1781 жж.) 4
1.4 Қазтуған Сүйінішұлы ( XVғ. ) 5
1.5 Шалкиіз (1465 – 1560 жж.) 6
Әдебиеттер 7

1 Жыраулар

1.1 Асанқайғы (XIV - XV ғғ.)

Асанқайғы Сәбитұлы – жырау, суырып салма ақын. XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген философ-ақын, қазақтың жырауы, XV ғасырдың 60-жылдары қайтыс болған. Оның шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады.

1.2 Ақтамберді (1675 – 1768 жж. )

Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратауда туған, 1768 жылы Семей облысының Абай ауданындағы Жүрекжота деген жерде қайтыс болған. Жорық жырауы, әскербасы, қоғам қайраткері.
Қазақ халқы басынан кешірген ұлы күйзелістер кезінде өмір сүрген Ақтамберді 17 жасынан бастап қалмақтармен, Орта Азия билеушілерімен болған шайқастарға қатысады. Бұл соғыстарда ол батылдығымен ерекшеленеді, кейінірек әскербасылық қабілетімен де көзге түседі. Талай-талай ұрыстарда ысылып, батыр атанған Ақтамберді жырау тарихқа «Ұлы апат жылдары» болып енген оқиғалардың ішінде жүрді. Жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі.

1.3 Бұқар Қалқаманұлы (1668 – 1781 жж.)

Бұқар Қалқаманұлы – қазақтың аса көрнекті жырауы, мемлекеттік қайраткері. Ұзақ ғұмыр сүрген ол көптеген тарихи оқиғалардың куәгері. Тәуке хан тұсында беделді билердің бірі болған. Материалдық-тұрмыстық қиындықтарды басынан кешіріп, Ақтабан шұбырынды жылдарда өз билігінен айрылған Бұқар жырау билік басына Абылай хан келгенде мемлекеттік істерге қайта араласады. Ханның бас кеңесшісі және ең беделді билерінің бірі бола отырып, жырау қазақ халқының өміріндегі күрделі мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарды.

1.4 Қазтуған Сүйінішұлы ( XVғ. )

Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтұма, Бозан бойларында туып-өскен.
XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған. Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды.

1.5 Шалкиіз (1465 – 1560 жж.)

Тіленшіұлы Шалкиіз жырау Батыс Қазақстанда дүниеге келген. Қазақтың ақын-жыршысы, батыр және жауынгері. Әкесі Тіленші өз тұсындағы ірі феодалдардың бірі болған, ал шешесі Ноғай ордасының ұлы биі Мұсаның қызы екен. Үш айлығында анасынан айырылған Шалкиіз нағашы атасының қолында тәрбиеленеді. Көшпелі шонжарлар ортасынан шыққан жырау еш таршылық көрмей өседі.

Әдебиеттер

1 Тарихи тұлғалар – Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушылар : Тоғысбаев Б., Сушикова А. – Алматы : «Алматы кітап» ЖШС, 2006. – 376 б.
2 «Қазақтар». Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Тарихи тұлғалар. – 2-ші басылым. – Алматы: «Білік» баспа үй, 2003. – 2. Т. – 373 б.