Жасыбай батыр (қазақша)
Қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан азат еткен қолбасшы, батыр Бәсентиін Жасыбай Өмірұлы хақында Шоқан, М.Жүсіп, Н.Коншин жазбалары; Энциклопедия «Қазақ халқының қаһармандары» жинағы, баспасөз материалдары бірқатар мәліметтерді ұсынады. Дүниеге келген жері белгісіз, Баянауылдағы Жасыбай асуы бойына қойылған Жасыбай моласын кезінде Шоқан сипаттап жазып кеткен болатын.
Енді бір деректерде 1752 жылы Әмірсана мен Давациді іздеген Лама Доржының 20000 ойрат әскерімен болған Баянауылдағы ұрысқа оқ тиіп Жасыбай қаза табады. «Халық аңыз әңгімелерінің қайғысына назар аударсақ та Бәсетиін Жасыбай батыр Баянауыл мен Жасыбай көлі маңында болған қырғын соғыста өлген және содан былай батырдың құрметіне Жасыбай көлі деп атап кеткен. Бір назар аударарлық жағдай Қазақстан жерінде Жасыбай атындағы көлдер екеу: бірі Баянауылда, енді бірі Алматы облысы Кеген ауданында. М. Тынышбаев пікірлеріне сүйенсек Жасыбай асуы Шойынды - Жасыбай көлі, «Қалмаққырған» тауы тек жер-су аттарының тарихы ғана емес, қазақ жоңғар майданы барысын бейнелеген соғыс картасы болып табылады.
Жасыбай батыр екен ту көтерген
18 ғасырда өмір сүрген қазақтың әйгілі батырларының бірі Жасыбай батыр жөнінде жыр дастан қалғаны белгілі. Дастанда суреттелетін Ер Жасыбай – Орта жүз ішінде Арғынның Бәсентиін руынан шыққан атақты батыр. Ол Олжабай батырдың досы, жауырыншы, әрі құралайды көзге атқан мерген болған. Ер Жасыбай туралы жыр-дастанмен бірге аңыз-әңгімелер де бар.
Қалың қол қайыса аза тұтып, Жасыбай батырдың сүйегін жартасты таудың төбесіне кояды. Олжабай, Бөгенбай, Малайсары батырлар кабір басына белгі ретінде үш түп жас қайың егеді. Сол қайыңдар әлі өсіп тұр. Сол жер Жасыбай асуы аталады. Үш батыр Шойынды көлді ескерткіш ретінде Жасыбай көлі аталсын деп ұйғарады. Содан бері Жасыбай көлі аталады.