Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Криминалистика

Тип: Баяндама

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

Методология және әдiстеме ұғымы. Танымның жалпы ғылыми әдicтерiн криминологияда қолдану

Methodos грекше сөзбе-сөз алғанда «бiрдемеге жол», зерттеу дегендi бiлдiредi. Fылыми айналымда «методология», «әдiстеме», «әдiс» және бiрқатар сөздер пайдаланылады. «Әдiс» дегенiмiз амал, зерттеу тәсiлi. Әдiстеме - зерттеу әдiстерiнiң жиынтығы. Методология - бiрдеменi ғылыми зерттеудiң жолдары, әдicтерi туралы iлiм.
Кез келген басқа зерттеулер сияқты криминологиялық зерттеулердiң методологиясы зерттеу заты мен объектiсiне, зерттеушi алдыга койған мақсатқа байланысты. Адамды зерттеу әдiстемесi әлi табиғатты зерттеу әдiстемесiмен бiрдей бола алмайды, коғам мен адамды зерттеу әдiстемелерi де басқа.

Екiншiден, қылмыскерлiк басқа құбылыстармен және процестермен өзара әрекеттестiкте, өзара байланыста талданады. Ол әрқашанда қоғамдық қатынастар тұрғысынан қаралады. Қылмыскерлiк - қоғаммен қатар тұрған бiрдеме емес, ол сол қоғамда бар, оның дәстүрлi жақтарын: саяси, экономикалық әлеуметтiк, рухани салаларын түйреп eтeтiн құбылыс.
Қылмыскерлiк адам әpeкeтінің өзге де актiлерiмен өзара байланыста, оның барлық тiршiлiгi тұрсынан қаралады.
Үшіншіден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстар (қылмыстар, қылмыскерлiк, олардың детерминациясы, себептерi және т.б.) олардың қозғалысы мен өзгерiсiнде, өткендi, осы кездi зерттеу және болашақты болжау арқылы зерттеледi.

Ұқсастық әдiсi қолданылғанда кеңістік -уақытқа байланысты қылмыскерлiк сипаттамасының қылмыскерлiктiң қайталанып 'тұратын сипаттамасымен және адамдар өмірінің қайталанып тұратын жағдайымен ұқсастығымен анықталады. Тиiстi ұқсастықтар бұл жағдайлар мен қылмыскерлiктiң өзара байланыстарының фактiсi мен тeтiгiн ары қарай зерттеуге негiздеме болады. Айырмашылық әдісін пайдаланғанда қылмыскерлiктiң бiр мемлекеттерде, бiр аймақтарда кездесетiн, ал басқаларда кездеспейтiн сипаттамалары анықталады. Мұндай материалдар қылмыскерлiктiң ортаның нақты жағдайларымен себептiк байланыста екендiгi туралы болжам жасауғада және оны тексеруге де негiз болады.

Криминологиялық зерттеулерде сотталғанмен жеке сұхбаттасу анкеталық cұpaқтapғa қарағанда, толығырақ нәтиже бередi, қылмыстық iс-әрекеттiк себептерi мен максатын, оның тәрбиесi мен өмip салтын анықтауға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, сұралушы өзiнiң жеке ұстанымын жария eткici келмесе, оны анкета арқылы бiлуге болады. «Ұжымдық сұхбат» деген де өзiн жақсы жағынан көрсеттi, мысалы, онда бiрнеше, «әдетте, оннан көп емес» адаммен кездесу болады, оларға зерттеушi өздерi байқап жүрген қылмыскерлiктiң жайы, ондағы өзгерiстер, қабылданған шаралардың нәтижелiлiгi, қылмыскерлiктiң өсу немесе азаю себептерi жайында айтуды өтiнедi. Мысалы, мұндай сұхбат қандай да бiр ұйымның бiр топ қызметкерлерiмен немесе белгiлi бiр ауданың немесе үйдiң бiр топ тұрғындарымен, немесе колониядағы сотталғандармен, немесе прокуратураның, полиция бөлiмшесiнiң қызметкерлерiмен жүргiзiледi. Егер зерттеушi алдын ала сұрақтарды құрастырып, оларды қандай ретпен қою керектігін жоспарласа ғaнa ондай сұхбаттан жақсы нәтиже күтуге болады. Ол сұрақтар оқылмайды, epкін әңгiмелесу арқылы берiледi. Сұхбат нәтижелерi, әдетте, артынан жазылып алынады, сонан соң өңделедi.