Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Жоспар
1. Адам және азаматтардың құқықтық мәртебесі ұғымы және принциптері 3
2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы 5
3. ҚР адам және азаматтарының конституциялық міндеттері 6
4. Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесі 8
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 10
1. Адам және азаматтардың құқықтық мәртебесі ұғымы және принциптері
Қазақстан Республикасында адам жәнен азаматтың конституциялық мәртебесі 1995 жылғы Конституцияның ІІ “Адам және азамат” бөлімінде белгіленген. Адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі институты төмендегідей элементтерді қамтиды:
а) адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің мән-маңызын құрайтын конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер;
ә) адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ адамның қоғамдағы және конституциялық құқықтың басқа субъектілері арасындағы жағдайларды сипаттайтын адам және азаматтың мәртебесінің конституциялық принциптері.
2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы
Конституция жеке тұлғаның аса маңызды, әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын бекітеді. Олар оның ерікті адами тұлғаға тән ар-ожданы мен қадір-қасиетін қамтамасыз етеді. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар қоғамды құру және басқару ісі мәселелерін шешуге қатысуға табиғи құқықтарды бекітеді. Сонымен қоса конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру мемлекеттің конституциялық екендігін дәлелдейтін демократиялық бастауларды іске асыруды қамтамасыз етеді.Конституциялық құқықтар мен бостандықтар бастапқы сипатқа ие, олар аласталмайды және әркімге тумысынан тиесілі. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір адам мен азаматқа бекітіледі және тұлғаның құқықтық мәртебесінің өзегін құрайды.
3. ҚР адам және азаматтарының конституциялық міндеттері
Адам және азаматтың міндеттерінің конституциялық-құқықтық институты тұлғаның конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретіндегі міндеттер көлемін бекітеді.
Адам және азаматтың негізгі міндеттері жалпыға ортақ сипатқа ие, тұлғаның нақтылы мәртебесіне қатысты емес және жоғары, конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституциялық міндеттер тиянақталған талаптар тізімін құрайды, оларды орындаудан тұлғаның қоғам алдындағы, азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігі көрініс табады.
4. Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының аумағында республиканың азаматтарымен қатар шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар тұрады.
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы “Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы” заң күші бар Жарлығымен реттеледі.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Нормативтік актілер:
1 Республикасы Парламентінің Жаршысы. – 1998. - №20.
2 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2248
3 Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2338