Қазақстан Республикасындағы тұтыну рыногы және оны дамыту мәселелері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І ТҰТЫНУШЫЛАР ТАЛҒАМЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ 3
1.1 Тұтынушылар рыноктағы сұранысты қалыптастырушы және олардың қалауы 5
1.2 Бюджеттің шектеулігі тұтынушылар мінез-құлығына әсер етуші негізгі фактор ретінде 9
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУ РЫНОГЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 18
2.1 Тұтынушы талғамына әсер ететін “табыс және баға тұтыну” қисықтары 18
2.2 Қазақстандағы тұтыну нарығы мен тұтынушылар талғамының жағдайы 21
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
КІРІСПЕ
Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты нарықтық қатынастар күрделеніп, олардың қызметтерінің сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуіндегі бірінші және өте маңызды элемент - өндірушілер мен тұтынушылар болып табылады.
Нарық механизмінің қызмет етуінің негізі сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар іс-әрекеті болып табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелігі де сол, онда сұраныс бірінші орында тұрады, ал ұсыныстың қызметі сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұтымдылығымен артық көруіне сүйену және өзінің табысы мен бағаға сүйенуі арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды іске асырса ол тұтынушы өзінің қажетін ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелінеді.
Ал отандық экономикада бұл тақырыпқа экономикалық теория және микроэкономика деңгейінде өз еңбектері арқылы үлесін қосып жүрген экономист-ғалымдар Әубәкіров Я.А., Мұхамедиев Б.М., Мамыров Н.Қ және т.б. жас ғалымдарымызды атап өтуімізге болады.
Менің бұл жұмысты орындаудағы мақсатым Қазақстан Республикасындағы тұтыну рыногының қазіргі жағдайы және Қазақстанның тұтынушылар талғамына модел жасау болып табылады.
Осы мақсатқа сай жұмыстың міндеттері келесідей:
• Тұтынушы рыногын зерделеу;
• Тұтынушылар мінез-құлығын қарастыру;
• Тұтынушылар талғамына әсер етуші факторларды қарастыру;
• Қазақстанның тұтынушылар рыногын талдау арқылы, өзіндік баға беру.
І ТҰТЫНУШЫЛАР ТАЛҒАМЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ
1.1 Тұтынушылар рыноктағы сұранысты қалыптастырушы және олардың қалауы
Тұтынушы рынокта белгілі көптеген тауарлар мен қызметтердің ішінен таңдау жүргізеді. Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Экономика деген ғылым шектеулі ресурстарды таңдау және оларды пайдалану тәсілдерімен шұғылданады. Осы мәселені шешкенде әрбір рынок субъектісі максималды пайдалылыққа жетуге тырысады. Ол кез келген рынок субъектісі оңтайлы мінез-құлығымен әрекет жасауы керек.
Олардың арасындағы бәсеке және мәмілелер бағаға әсер етіп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар көптеген экономикалық шешімдер қабылдайды. Міне бұл жағдай тұтынушылар мінез-құлығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.
1.2 Бюджеттің шектеулігі тұтынушылар мінез-құлығына әсер етуші негізгі фактор ретінде
Тұтынушылардың сұранысына әсер ететін негізінен бағалы және бағалы емес факторлар бар. Бізге белгілі тұтынушылардың таңдауы шексіз болады, ал олардың тұтыну мөлшері белгілі бір деңгейде болады. Яғни, олар не қаласа соны ала бермейді, оларға тосқауыл болатын әрбір тұтынушының табысы болып табылады. Әрине, сондықтан олар өздерінің шектеулі табыстарын тиімді пайдаланып, сұранысын максималды қанағаттандыру үшін тауарлардың пайдалылығын қарастырады.
Сонымен қатар, тауарға деген сұраныс көлеміне тұтынушылардың табысы үлкен әсер етеді. Бұл көрсеткішке байланысты тауарларды келесідей екі түрге бөледі:
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУ РЫНОГЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Тұтынушы талғамына әсер ететін “табыс және баға тұтыну” қисықтары
Біз алдынғы тақырыпта әрбір тұтынушының оңтайлы таңдауын жеке қарастырдық. Бірақ бізге тәжірибеден белгілі тұтынушылардың табысы ылғи да өсіп отырады. Онда ол тұтынушылардың оңтайлы нүктесі, яғни бюджет сызығы да паралель түрде оңға өсіп отырады.
Әрбір табыс өскен сайын оңтайлы нүкте Е өзінің орнын Е2 және Е3 нүктелеріне ауыстырып отырады. Осы жағдайда жазықтықта бейнелейтін болсақ, онда біз тұтынушылардың теңдестік жағдайын бейнелейтін нүктелердің тізбегін аламыз. Осы оңтайлы нүктелерді бір-бірімен қоссақ 13-ші суреттегідей “табыс тұтыну қисығы” алынады. Бұл қисықты кейде халықтың тұрмыстық деңгейін көрсететін қисық деп те атайды.
Сурет-12 – “Табыс-тұтыну” қисығы
Сапасыз тауарлар – табыс өскен сайын оларды тұтыну шамасы азаятын тауарлар. Егер тұтынушы тауарды сапасыз деп қарастырғанда “табыс-тұтыну” қисығы координаттардың вертикаль осіне қарай бұрылады. Табыстың белгілі бір деңгейге жетіп одан әрі өсуі, бұл тауарды тұтынудың азаюына әкеледі. Осы деңгейге жеткенде “табыс-тұтыну” қисығының көлбеуі теріс сан болады, яғни 13-ші суреттегідей І2 деңгейінен жоғары өсу нәтижесі Х тауарының тұтынуының төмендеуіне әкеледі. Сөйтіп, тұтынушылар табыстары белгілі бір деңгейден жоғарылағанда сапасыз тауарларды аз алады.
2.2 Қазақстандағы тұтыну нарығы мен тұтынушылар талғамының жағдайы
Тұтынушылардың іс-әрекеті олардың бюджеттік шектеуіне, анығын айтқанда табысына байланысты болса, ал олардың табысы ел экономикасының жағдайына байланысты.
Елімізде экономиканың даму жүйесі әр түрлі кезеңдерден өткені белгілі. Кезіңде Кеңес Одағы кезінде тұтынушылардың талғамы деген сирек кездесетін ұғым еді, өйткені ол кезде шығарылған өнім бірдей, табыстарың арасында онша алшақтықтар болмады.
Ал 1991 жылдан бастап еліміз егемендігін алып, нарықтық қатынастарға өтуімен байланысты бұрынғы экономикалық жүйе бұзылып, әр түрлі реформалар жүргізілді. Елімізге шетелдерден көптеген тауарлар импорты ағымы пайда болды. Отандық өндірісте жаңадан кәсіпорындар ашыла бастады. Дағдарыс жылдары елімізде жұмыссыздар көбейіп, халықтың табысы мардымсыз болды. Сол себептен тұтынушылардың дағдарыс жылдары төмен сапалы өнімдер алуына тура келді. Ал 1997 жылдан бастап, елімізде экономикалық және әлеуметтік өсу байқалып, ол халықтың табысының өсуіне, олардың талғамының жоғарылауына алып келді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, тұтынушылардың іс-әрекеті нарықтық экономикада бірінші орныда болып, ол сондай-ақ субъективті көзқараста болады. Яғни, нарықта әр тұтынушының талғамы, ұнамдылығы әр қалай. Оған біріншіден тұтынушының субъективті көзқарасы, екіншіден оның табысының деңгейі әсер етеді. Осы жоспарды тұтынушылар іске асырса олар өзінің қажетін ең жоғарғы деңгейде қанағаттандыратын еді.
Тұтынушылар бірігіп сұранысты қалыптастырса, онда сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемі арасындағы тәуелділік.
Нарықтық экономикада тұтынушылар сұранысты қалыптастырушы болып табылады және оның қызмет етуі сұраныстың заңдарымен ұқсас болады. Сонымен тұтынушылардың талғамына екі жағдай әсер етеді. Олар: бірінші тұтынушының табысы, екінші нарықтағы тауарлар бағасының өзгерісі. Бұлардың ерекшеліктерін жұмыстың барысынан көре аламыз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. ІІ. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
2. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
3. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
4. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 219 б.
5. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
6. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
7. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.
8. Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.
9. Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория . Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университеті.
10. Әкімбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.