Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 23 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Оқу формалары


Жоспары
1 Оқу формалары 3
1.1 Оқу формасы түсінігі 3
1.2 Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы 5
1.3 Оқу процесін ұйымдастыру формалары 11
1.4 Оқу түрлері 20
Әдебиеттер 23

1 Оқу формалары
1.1 Оқу формасы түсінігі
Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-әрекеттері әрқилы формада жүзеге асып барады.
Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нәрсенің құрылымы дегенді аңдатады. Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады: 1) оқу формасы; 2) оқу-ұйымдастыру формасы.
Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары, мазмұны, әдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық жағдайларына, қатысушылар құрамы және т.б. элементтеріне тәуелді.
Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тәртібіне орай оқу формасы әрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тәжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дәрісханалық және дәрісханадан тыс сыныптық және сыныптан тыс, мектептік және мектептен тыс, әлбетте, мұндай топтастырудың (классификация) жетілген ғылыми негіздемесі әзірге болмай тұр. Дегенмен, осы тұрғыдан оқу формаларының көптүрлілігін біршама ретке келтіру мүмкін.

1.2 Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы
Оқу формалары қозғалысты, қоғам, өндіріс, ғылымның даму деңгейіне тәуелді пайда болады, өрістейді, бірі бірімен ауысып отырады. Әлемдік білім тәжірибесі тарихында әрқилы оқу жүйелері қалыптасып, олардың әрқайсысы өзіне ыңғайлы оқу формаларына сәйкес, қолданылған.
Алғашқы адамзаттық қауымның өзінде-ақ тәжірибені бір адамнан екіншіге, ересектен жас әулет өкіліне өткізу мақсатында жеке-дара оқыту жүйесі іске асырылды. Бірақ мұндай жолмен көп санды оқушы қамту мүмкін болмады. Қоғамның бұдан былайғы дамуы сауатты адамдардың көп болғанын қажет етті. Осыдан жеке–дара оқыту басқаша ұйымдастыру формаларымен ауыса бастады.

1.3 Оқу процесін ұйымдастыру формалары
Оқу процесі әрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дәстүрлі түсінімде), дәрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дәріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пән үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс және т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тәжірибесінде оқушыларға келелі тәлім-тәрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес.