Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Компанияның инвестиция портфелін қалыптастыру тетігі


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ПОРТФЕЛЬДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Инвестициялық портфельдің типтері мен қалыптасу қағидалары 5
1.2 Инвестициялық портфельдің тиімділігін өлшейтін негізгі көрсеткіштер 8
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 18
2.1 Портфельдік инвестицияларды басқаруда қалыптасқан проблемалар 18
2.2 Портфельдік инвестицияларды басқаруды жетілдіру жолдары 21
ҚОРЫТЫҢДЫ 25
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27

КІРІСПЕ

Ертеде банкирлер қаржылық құжаттарды теріден жасалған дорбаларда, яғни «портфель» деп аталатынында ұстаған. Қазіргі кезде қаржылық есеп құжаттар көрінбейтін бухгалтерлік электрондық есеп айырысулар түрінде болып жатыр, ал «портфель» деген термин сақталды. Яғни, бүгінгі таңда бұл банктің барлық активтер мен пассивтердің жиынтығы дегенді білдіреді.
Портфельдік инвестициялардың мақсаты болып, инвесторлардың едәуір тиімді жұмыс істейтін кәсіпорындардың, бағалы қағаздарға және сонымен қатар мемлекеттік пен жергілікті билік органдарымен шығарылатын бағалы қағаздарға салынған қаражаттардан максималды пайда табу. Портфельдік инвестор, тікелей инвесторларға қарағанда инвестицияланатын объект- кәсіпорындарға қатысты жақтық бақылаушының ұстанымына ие болады және көбінесе оны басқаруға араласпайды.

1 ПОРТФЕЛЬДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инвестициялық портфельдің типтері мен қалыптасу қағидалары

Инвестициялар дегеніміз капиталдың ұзақ мерзімді салымдар түріндегі қаржылық ресурстарды қолдану. Инвестицияларды заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады, олар коммерциялық тәуекелдің дәрежесіне қарай инвесторлар: кәсіпкерлер, алып-сатарлар (спекулянттар), ойнаушыларға бөлінеді. Инвестор-әдетте қарыз (бөтен) капитал салымдарымен іске қосылып, тәуекелді минимизациялауға тырысады және сонымен қатар, ол капитал салымдарды қаржыландыруда делдал болып табылады. Кәсіпкер - ол өз капиталын белгілі бір тәуекелмен салады. Спекулянт - ол белгілі бір, алдын ала есептелген тәуекелге баруға дайын тұлға. Ойыншы - ол кез келген тәуекелге бара алатын тұлға.
Инвестициялар тәуекелді (венчурлы), тіке, портфельді және аннуитетті болуы мүмкін.

1.2 Инвестициялық портфельдің тиімділігін өлшейтін негізгі көрсеткіштер

Пайда табу мақсатында, инвестор әртүрлі тәуекелдерден қорғанып қаржы құралдарын портфелін қалыптастыру керек. Портфель тәуекелдерін басқарудың екі негізгі әдісі бар. Бөлек қаржы құралдарына немесе олардың тобына қатысты тәуекелдер (жүйелі емес тәуекелдер), инвестициялық портфельді диверсификациялау арқылы төмендетуге болады. Ал, бөлек қаржы құралдарын тәуекелдері өзара өте корреляцияланған болса (жүйелі тәуекелдер), диверсификация тек тәуекелдердің орташа мәнге келтіреді.
Жүйелі тәуекелден қорғану үшін, портфельді тәуекелдің кез-келген факторға сезімталдығы жоқ болатындай құрастыру қажет. Тәуекелді басқарудағы мұндай бағыт хеджирование немесе иммунизация деп аталады.
Қазіргі қаржылық құралдарың түрлері өте көп. Портфельді құрастыруда тәуекел факторлармен қоса, инвестор операцияларды жүргізу үшін биржалық шектеулерді, салық салу және реттеуші органдарының шектеулерін ескеру тиіс. Мұндай жағдайларда портфельді қалыптастыру міндеті өте ауыр және еңбекті көп қажет етеді. Оны шешуге қажетті аппарат математикалық бағдармалау әдістер жиынтығы түрінде болады.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Портфельдік инвестицияларды басқаруда қалыптасқан проблемалар

Бұл тақырыпты қарастыра отырып, келесідей проблемаларды атап өтейін:
1. Жалпы бағдардағы проблемалар.
Қазақстандық нарық әліде теріс ерекшеліктермен сипатталады, бұл портфельдік инвестициялаудың қағидаларын қолдануға кедергі жасап, бұл сұрақтар жөнінде нарық субъектілердің қызығушылығын белгілі бір дәрижеде тоқтатады.
Ең алдымен, көптеген қаржы құралдары бойынша статистикалық қатарларды жүргізу үшін мүмкіндіктің болмауын, яғни тарихи статистикалық базаның жоқтығын айтып өткеніміз жөн. Бұл біздің еліміздің жағдайында классикалық шетел әдістемелерді және жалпы қолдану мүмкіндіктерін шектейді.

2.2 Портфельдік инвестицияларды басқаруды жетілдіру жолдары

Осы жоғарыда аталған проблемаларды шешу жолдарын іздестірген кезде ең біріншіден мемлекет, яғни еліміздің үкіметті тарапынан қолдау табу қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, біздің қор нарығында жаңа қаржы құралдар шығара ма деймін. Мемлекеттік бюджетте профицит немесе дефицит болса да, мемлекет бағалы қағаздарды шығаруға міндетті.
Біріншіден, еліміздің экономикасы дамуы үшін ақша көп болуы мүмкін емес, кез-келген сомманы игеруге болады. Екіншіден, мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл барлық қор нарығы үшін белгілі бір бағдар, критерий және платформа болып табылады. Қаржылық құралдардың дефициті әрине теріс жағдай, бірақ бұл жағдай қор нарығының қатысушылары үшін қор нарығын кеңейтуде ынталандырушы фактор болып табылады. Зейнетақы жүйесінің қатысушылары альтернатива ретінде мемлекеттік жобалық бағалы қағаздарды ұсынады.

ҚОРЫТЫҢДЫ

Мен осы тақырыпты қарастыра отырып, бұл тақырыптың өте кең, аумақты және де оған деген көзқарастардың алуан түрлі екенін байқадым. Яғни, портфельдік инвестицияларды басқаруға көптеген инвестицияларды басқаруға көптеген ыңғайлар бар, бірақ мен бітіру жұмысымда ең негізгілері деп санағандарды ғана ашып көрсеттім. Біздің елімізде қарастырып жатқан мәселе енді ғана дамып келе жатыр және мамандар тарапынан көп зерттелмеген, осы себептен дүниежүзілік тәжірибеде негізінен қолданылатын ыңғайларды ашып, отандық тәжірибеде істің қалайша болғанын көрсеткім келді. Осыдан келесідей қорытындыны шығаруға болады: