Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 44 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджментінде тәуекелдерді басқару


Жоспар
І Тарау. Экономикадағы қаржы тәуекелінің мазмұны және оның түрлері 3
1.1 Қаржы тәуекелінің мазмұны және түрлері 3
1.2 Қаржы тәуекелінің түрлері 8
1.3 Қаржы тәуекелін басқару саясаты 13
1.4 Қаржы тәуекелдігін бейтараптандыру тетігі 17
1.4 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері 21
ІІ Тарау. Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен жіктелуі 24
2.1 Банктік несиелік тәуекелді бағалау және басқару 24
2.2 Қаржы менеджментіндегі пайыз тәуекелдігі мен валюталық тәуекелдің маңызы 29
2.3 Валюталық тәуекел 32
ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктің қаржы менеджментіндегі тәуекелін болашақта жетілдіру жолдары 36
3.1 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктің қаржы менеджеріндегі тәуекелдің болашақта, жетілдіру жолдары 36
Қорытынды 42
Қолданылған әдебиеттер 44

І Тарау. Экономикадағы қаржы тәуекелінің мазмұны және оның түрлері
1.1 Қаржы тәуекелінің мазмұны және түрлері
Кәсіпорындардың қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері көптеген тәуекелдікпен тығыз байланыста, оның ықпал ету деңгейі нарықтық экономикаға байланысты біршама артады. Кәсіпорынның қаржы әрекетіне ілеспелі тәуекелдікті, тәуекелдіктің ерекше тобына бөледі. Қаржы тәуекелдігі кәсіпорындардың жалпы «портфель тәуекелдігінде» маңызды роль атқарады. Қаржы тәуекелдігінің дамуы кәсіпорындардың қаржы нәтижесіне ғана әсер етіп қоймай, оның жалпы өндірістік-шаруашылық әрекетінің нәтижесіне әсер етуі экономикалық жағдайлардың және қаржы нарық конъюнктурасының тез қарқынмен өзгеруіне кәсіпорындардың қаржы қатынасы жүйесіне кеңеюіне, республика кәсіпорындарына жаңа қаржы технологиясының және инструменттерінің, басқадай факторлардың пайда болуымен байланысты.
Соныменен, қаржы тәуекелдігінің объективтілігі біршама факторлардың барлығымен байланысты, олардың болуы түпкі нәтижесінде фирманың іс-әрекетіне байланысты емес.

1.2 Қаржы тәуекелінің түрлері
Инфляциялық тәуекел – қаржы мәселесін орындаудан күткен табыс және пайданың немесе инфляцияның өсуіне байланысты нақтылы капитал құнының құнсыздану мүмкіндігімен байланысты қаржы тәуекелінің түрі. Бұл тәуекелдің түрі тұрақты сипатта болады және инфляциялық экономика жағдайында кәсіпорынның бардық қаржы операциясына қатысты.
Инфляциялық тәуекелді минималдау әдісінің бірі – алдағы қаржы операциясынан алынатын аталымды құн табысының құрамына инфляциялық сый ақы мөлшерін қосу.
Салықтық тәуекел – кәсіпкерлік фирманың салықтық заңдардың конъюнктуралық өзгеру нәтижесінде немесе фирманың салық төлемдерін есептеуде жіберген қателіктері нәтижесінде зиян шегу мүмкіндігімен түсіндіріледі. Сонымен, салықтық тәуекел бір мезгілде сыртқы қаржы тәуекелдігі тобына және ішкі тәуекелдер тобына жатады. Салықтық тәуекелге қосылатындар:

1.4 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері
Тәуекелдің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс.Өйткені тәуекел біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел деп оқиғаның болуы немесе болмау мүмкіндігін жүз проценттік нақтылықпен болжай алмауын айтамыз. Кез келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өйткені жағымсыз оқиғаның болуы жағдайында тәуекелге ұшыраған адам шығын шегеді. Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында біз 2 немесе одан да көп баламалардың бар болуын қалаймыз. Яғни, таңдау құқығына ие болғымыз келеді. Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді. Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.

ІІ Тарау. Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен жіктелуі
2.1 Банктік несиелік тәуекелді бағалау және басқару
Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндіктерді. Дүние жүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67%-ішкі факторлар, ал 33%-ы сыртқы факторлар үлесі келеді.

2.2 Қаржы менеджментіндегі пайыз тәуекелдігі мен валюталық тәуекелдің маңызы
Пайыз тәуекелдігі Қазақстан банктері үшін қаржы құралдарының табыстылығының төмендеуі мен пайыздық маржаның азаюының жалғасуына сәйкес бірте-бірте үлкен мән артып келе жатыр. Олардың қатысушылары нарықтық қағидаларға сүйенген жұмыс жасайтын қаржы нарықтарында,яғни несиелік ұйымдардың пайыз мөлшерлемесін қайта реттеуі жүргізілетін жерлерде пайда болады. Пайыз тәуекелдігінің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар пайыз мөлшерлемесінің тұрақтылығы мен динамикасы мөлшерлеменін өзгеруіне икемді келуі жағынан қарағанда банктің активтері мен деңгейі болып табылады.

ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктің қаржы менеджментіндегі тәуекелін болашақта жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктің қаржы менеджеріндегі тәуекелдің болашақта, жетілдіру жолдары
Басқа тәуекелдердің ішінде елдік тәуекелдері маңыздырақ орын ала бастады. Ол банктердің халықаралық қызметіне байланысты импортер, экспортер, берілген банкпен жұмыс жасайтын клиент – елдердің экономикалық және саяси тұрақтылығына тәуелді. Осыған орай, елдік тәуекелдер банктердің жиі халықаралық сауда аумағында шыға бастаумен байланысты, шетел валютасы бойынша келісім, шарттың контрагенті ғана емес, сонымен қоса әр түрлі шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарын сатып алушы ретінде, эмитент ретінде маңызды бола бастады. Бұл тәуекел негізінен 2 құрамдас бөлікке бөлінеді: саяси және экономикалық. Саяси тәуекелдер мемлекеттің қызметі мен елдегі саяси жағдайға негізделген. Олар банктің өзіне байланыссыз себептерден банк қызметі шартының бұзылуы кезінде пайда болады. Саяси тәуекелдерге жататындар:

Сонымен қаржының экономикалық рөлі мен маңызы мына бағыттардан көрінеді:
- қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
- кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы көсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
- қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;
- қаржы ұлттық табыстарға қорлану және түтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
- қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.