Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Поэзиялық шығармалар тілінің көркемдік ерекшелігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Лексика-фразеологиялық және грамматикалық амалдардың поэзиядағы қолданыс ерекшелігі 7
1.1 Лексикалық жүйе қолданысы 7
1.2 Синоним сөздердің мақсатты қолданылуы 12
1.3 Поэзия тіліндегі фразеологизмдердің бағалауыштық қызметі 21
1.4 Поэзия тіліндегі есім сөздер қолданысы 28
2 Поэзиялық шығармалар тілінің стильдік ерекшелігі 34
2.1 Метафоралар қолданысының ерекшелігі 34
2.2 Метонимиялар мен синекдохалар қолданысы 44
2.3 Эпитеттер қолданысының ерекшелігі 52
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 61

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Көркем әдебиет тілі мен жекелеген қаламгердің сөз қолдану машығын талдау, таразылау – бүгінгі күндегі жалғасын тауып келе жатқан маңызды мәселелер қатарын құрайды. Қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерінде халықтың рухани дамуына өз туындылары арқылы үлес қосқан сөз шеберлерінің тілін тереңдеп зерттеу, стильдік дәстүрлерін саралау, қорыту арқылы стильдік байлықты молайтуға олардың қосқан үлестерін ашып көрсетудің мәні зор. Көркем сөз зергерлері қалыптастырған стильдік дәстүр мен өнеге, олардың қазіргі әдеби тілімізде игеріліп, дамытылуы қандай дәрежеде деген мәселелер де осыдан келіп шығады. Көркем шығармаға қойылатын басты талап – тіл шеберлігі. Әрбір жазушының өзіндік ерекшілігі де тілі арқылы көрінеді. Қаламгердің тілдік ерекшелігін әдеби тілдің даму заңдылықтары тұрғысынан талдап, халық тілінің мәдениетін дамытуға қосқан үлесін анықтауға ұмтылу жұмыстың өзектілігін танытады. Сонымен бірге белгілі бір кезеңге тән, сол кезең тіл туралы мағлұмат беретін әдеби шығармалар тілін зерттеу де маңызды мәнге ие.

1 Лексика-фразеологиялық және грамматикалық амалдардың поэзиядағы қолданыс ерекшелігі
1.1 Лексикалық жүйе қолданысы
Ақындар поэзиясына көз сала отырсақ, әр ақынның шығармасында белгілі бір сөз қоры бар. Сөздік қор, тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйтқысы. Сөздік құрамға тілде бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ кейін пайда болған барлық сөздер енсе, сөздік қорға ең қажетті ұғым-түсініктерді қамтыған, сол тілде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті сөздер ғана кіреді. Сөздік құрамға қарағанда сөздік қордағы сөздердің көлемі шағын болады. Қазақ тілінің сөздік қорында түркі тілдеріне ортақ, бір буынды және көп мағыналы байырғы сөздер бар. Негізгі сөздік қорға қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы төл сөздері енеді: туыстық атаулары (ата, құда, нағашы); мал (сиыр, түйе, құлын); хайуанат (қасқыр, түлкі, қоян); ағаш (қарағай, емен, тобылғы); киіз үй (шаңырақ, кереге, уық); заттың сапалық, сындық атаулары (жақсы, қатты, жылы), т.б. Ежелден тілге әбден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кірме сөздер де (кітап, ғылым, намаз) сөздік қорға жатады. Сөздік қордың басты белгісі – тұрақтылық, онда жалпыхалықтық сипат басым келеді. Сөздік қордағы сөздер жаңа сөз тудыруға ұйтқы болып, сөздік құрамды байытады. Мысалы, жер сөзінен жершіл, жерлес, жер үй, жертөле, т.б. сөздер жасалған. Негізгі сөздік қорға стильдік қабаттасулар тән емес, оларды стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды.

1.2 Синоним сөздердің мақсатты қолданылуы
Тілімізді байытатын, сөздік қорымызды молайтып тереңдете түсетін мағыналы сөздердің бірі – синоним екені баршамызға мәлім. Ғалымдарымыз синонимдерді жан-жақты зерттеп, құнды пікірлер айтты. Ғалым Ә.Болғанбаевтың пікірінше: “Синонимдер дегеніміз - әртүрлі айтылғанмен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз тобынан болған сөздер”[3. 187].
Тілімізде синонимдердің мол болуы – сол тілдің байлығының, оралымдылығының, көріктілігінің, мәнерлілігінің бірден-бір көрсеткіші. Синоним сөздердің стильдік мәні де ерекше болады. Олар – ойды қайталамаудың негізі ғана емес, суреткердің көркемдеу құралы. Синонимдер көркем әдебиет тілінде өте көп қолданылып, суреткер ойын терең де мағыналы сөздер арқылы жеткізеді. Кез келген жазушы не ақын бір сөзді бірнеше рет орынсыз қайталап қолдана берсе, онда көркем дүние оқырманына жетіп, көкірегіне ой салуы қиын болар еді. Тұлғалары бөлек, мағыналары жақын болып табылатын синонимдер – поэзия тілінің ең бір қажетті құралы. Ақынның көкірегінде сайрап тұрған шындықты шынайы, көркем етіп жеткізу үшін қажет сөзді талғап, таңдап, орынды қолдана білу де оның шеберлігінің бір қыры. Синонимдер – прозалық шығармаларда, поэзияда өте жиі қолданыстағы актив сөздер.

1.3 Поэзия тіліндегі фразеологизмдердің бағалауыштық қызметі
Фразеологиялық тұлғалардың эмоционалдылығы дегеніміз – бұл олардың түрлі сезімдерді, эмоцияларды білдіру мүмкіндігі. Прагматикалық функцияларды білдіретін тілдік амалдарға экспрессивтілік пен бағалауыштықпен сипатталатын фразеологиялық тұлғаларды жатқызуға болады. Сондықтан оларды жоғарғы ақпараттылық пен эмоционалдылық реңкті білдіретін мазмұны бай, тұлғасы ықшам құралдар болып табылатындығы фразеологизмдердің эмоционалдылығын анықтай түседі.

1.4 Поэзия тіліндегі есім сөздер қолданысы
Ақындар лирикасында зат есіммен қатар жүретін, әр түрлі сындық, сапалық белгілерін, қасиетін көлемін, түр-түсін сипаттайтын сөздердің бірі сын есімдерді жиі пайдаланады. Сонымен бірге, сын есімдердің бейнелілік, ойнақылық, көркемдік кызметі де мәтін ішінде айрықша көрініп, шығарманың идеясын автор көзқарасын нақтылай түседі. Сын есімнің бейнелілік қасиеті қашанда көркем шығармада әсерлі де мәнерлі сұлу сөздер арқылы беріледі. Кез келген суреткер тілінің бояуы сын есімнен айқын көрініп отырады.

2 Поэзиялық шығармалар тілінің стильдік ерекшелігі
2.1 Метафоралар қолданысының ерекшелігі

Метафораны жасау немесе жасай алмау бұл ойлаушы, сөйлеуші адамды сипаттайтын критерийлердің бірі ретінде танылады. Зерттеушілер сөзімен айтқанда, метафора әлемнің жеке тілдік көрінісін бейнелейді, себебі индивидуальдылық жеке адамның белгілі тілдік құралдарды таңдауына байланысты, яғни әр адамға, сөз суретшісіне, арнайы тек соған ғана тән қасиет бар.
Қазіргі кезде ғылыми парадигманың ауысуына байланысты, яғни өзінің дүниетанымы мен санасы бар адам орталығындағы тілдің “жансыз” жүйесіне қарсы тұрған, метафораға деген көзқарас қауырт өзгеріп, қызығушылық арта түсті.

2.2 Метонимиялар мен синекдохалар қолданысы
Көріктеу құралдарының тіліміздегі өнімді қолданатын бір түрі – метонимия (алмастыру).
«Метонимия» гректің сөзі ( «metonymia»), атын өзгертіп, алмастырып атау деген мағынаны білдіреді.
Тіл білімінің зерттеуші ғалымдары метонимияға әр түрлі анықтама берген.
Метонимияның метафорадан айырмашылығы – метафора негізінен ұқсас екі затты немесе құбылысты бір атаумен ( сөзбен) атаса, метонимия ойда сақталынып тұтас бір сөзді айтпай-ақ, сол сөздің екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жібереді, оның себебі – метонимия қазақ тілінде ертеден қалыптасқан ұғымдарға сәйкес жасалынады. Қазақ тіл білімінде метонимияға арналған толық зерттеулер өте аз.

2.3 Эпитеттер қолданысының ерекшелігі
Эпитет – заттың, не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Эпитет ұғымға, нәрсеге бейнелілік, нақтылық сипат береді. Мысалы, кеш деген сөз жалпы ұғымды, тәуліктің бір кезін, уақыт мезгілін білдіреді. Ал, қысқы кеш, не қоңыр кеш десек, ол көзге елестерліктей нақтылы бейне. Көптеген эпитеттерде ұлттық бояу-бедер болады. Мысалы, алма мойын, бота көз, қолаң шаш, қоңыр дауыс, ақша бет деген сияқты бейнелі сөздерді алсақ, мұндағы сипаттамаларда қазақ поэзиясындағы, сөз өнеріндегі көркем ойлау жүйесіне тән өзгешелік бар. Бұлар қалыптасқан эпитеттер десек, поэзияда әр ақынның өз қолтаңбасын танытатын әсерлі, күрделі эпитеттер мол кездеседі.

ҚОРЫТЫНДЫ
Ақындар поэзиясы тілінің уақытпен үйлесім тауып, айшықты, бейнелі, мағыналы, мәнді, ажарлы, сұлу сөз өрнектерін жұмсай білуінде жатса керек. Ақындар өлеңдерінің тілі, олардың поэзиясы дәлдікке, нақтылыққа, сыршыл сезімге, нәзіктікке, көркемдікке, табиғи үйлесімділікке негізделгеніне көз жеткізуге болады.
Жұмыста ақындар тіліндегі лексикалық ұқсастықтағы сөздер, фразеологизмдер семантикалық сиымдылығына қарай әр түрлі сөздермен тіркесіп, жаңа мағыналық реңктерге ие болғандығы байқалды. Ақындардың жалпыхалықтық сөздермен қатар оның өзіндік авторлық қолданыстарының стильдік қызметіне назар аудардық.