Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Поэзияда көріктеуіш сөздердің қолданылуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Поэзия жаны – көркем тіл 8
1.1 Лексиканың стильдік мәні және оны қолдану тәсілі 8
1.2 Синоним сөздердің мақсатты қолданылуы 13
1.3 Тұрақты сөз оралымдарының берілу жолдары 20
1.4 Есім сөздердің қолданылу жолдары 26
2 Көріктеуіш құралдар – шығарманың өңін келтіретін ең ұтымды тәсіл 32
2.1 Поэзия тілінде көріктеуіш құралдың бірі– метафора 32
2.2 Метоноимиялар мен синекдохалардың қолданылуы 40
2.3 Ақындар тіліндегі эпитеттер 47
2.4 Мұқағали шығармаларындағы көріктеуіш құралдар 53
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:
Қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, М. Балақаев, Р.Сыздықова тағы да басқа зерттеушілеріміз, сыншыларымыз ғылыми-зерттеу еңбектерінде, мерзімді баспасөз бетіндегі мақалаларында қаламгер тілін тану арқылы әдеби тілдің өсу сапасын, көркемдік дәрежесін анықтауға болатындығын атап көрсетті. Сонымен қатар белгілі ғалымдарымыз Х.Кәрімов, Т.Қоңыров, Б.Хасанов, М.Серғалиев, Б.Шалабай зерттеулері қазақ көркем әдебиет стилистикасының ғылым саласы ретінде қалыптасуына өзіндік үлес қосқан еңбектер болып табылады. Қазіргі таңда, рухани дамуымызға, мәдени өркениетке, әсіресе, ұлттық дәстүрге, ұлттық жан дүниемізге өз шығармаларымен айтулы үлес қосқан қаламгерлердің туындыларын зерттеп, солардың қаламынан шыққан туындылардың көркемдік сапасын ажырату, талдау, таразылау бүгінгі күннің сұранысы екендігі дау туғызбайды.

1 Поэзия жаны – көркем тіл
1.1 Лексиканың стильдік мәні және оны қолдану тәсілі
Ақындар поэзиясына көз сала отырсақ, әр ақынның шығармасында белгілі бір сөз қоры бар. Сол сөздік қорды әр ақын өзінше пайдаланады. Осындай ұқсас сөздік қорлар әр ақынның қолданылуында ерекше бір сол ақынға тән тілдік көркемдігі тұрғысынан жұмсалады. Мысалы, мынадай сөздер: жүрек, көңіл, жастық, жан, көз, жүз, дүние т.б. Суреткер осы сөздерді өз шығармасында кұбылту арқылы өмір мәнін, тағдыр сырын, адам тіршілігін ұғындыруға тырысады. Жалпыхалықтық тілдің сөз байлығын әр ақын өз поэзиясында өзіндік образдылықпен, суреткерлікпен, нәзіктік, шеберлік қолданыспен пайдаланады. Сондықтан ақындар лексикасындағы ұқсас сөздердің қолданысына біраз мысал келтірейік:

1.2 Синоним сөздердің мақсатты қолданылуы
Тілімізді байытатын, сөздік қорымызды молайтып тереңдете түсетін мағыналы сөздердің бірі синонимдер. Синонимдерді жан-жақты зерттеп құнды пікірлер айтқан ғалымдар пікіріне мысал келтіретін болсақ. Ғалым Ә.Болғанбаевтың пікірінше: “Синонимдер дегеніміз - әртүрлі айтылғанмен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз тобынан болған сөздер”[3. 187]. Ғалым К. Ахановтың анықтамасы бойынша: “... бірнеше сөз бір ұғымның атаулары ретінде қолданылуы мүмкін. Мысалы, байсалды, салмақты, сабырлы, байыпты деген сөз өзара синонимдес сөздер әр басқа ұғымды білдіретін атаулар”[4. 156].

1.3 Тұрақты сөз оралымдарының берілу жолдары
Фразелогиялық тіркестер - түркі, оның ішінде қазақ тілінде ертеден бар құбылыс. Фразеологияны тілдік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде, құрылымдық және мағыналық жағынан ерекше қасиетке ие тілдік бірлік ретінде тану негізгі ғылыми дәйектеме болым табылады. Фразеологизмдерді қазақ тіл білімінде зерттеген ғалымдаларымыз өте көп. Қазақ ғалымдарының І.Кеңесбаев, К.Аханов, Ә.Қайдаров, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, X. Қожахметова, Ә.Хасенов, Р.Сыздық, Г.Смағұлова және т.б. еңбектерінде фразеология жайлы пікірлер айтылып, нақты тұжырымдар ұсынылды.
Орыс тіл білімінде фразеологиялық тіркес жайлы ілім В.В. Виноградовтың есімімен тікелей байланысты.

1.4 Есім сөздердің қолданылу жолдары
Ақындар лирикасында зат есіммен қатар жүретін, әр түрлі сындық, сапалық белгілерін, қасиетін көлемін, түр-түсін сипаттайтын сөздердің бірі сын есімдерді жиі пайдаланады. Сонымен бірге, сын есімдердің бейнелілік, ойнақылық, көркемдік кызметі де мәтін ішінде айрықша көрініп, шығарманың идеясын автор көзқарасын нақтылай түседі. Сын есімнің бейнелілік қасиеті қашанда көркем шығармада әсерлі де мәнерлі сұлу сөздер арқылы беріледі. Кез келген суреткер тілінің бояуы сын есімнен айқын көрініп отырады.

2 Көріктеуіш құралдар – шығарманың өңін келтіретін ең ұтымды тәсіл
2.1 Поэзия тілінде көріктеуіш құралдың бірі– метафора
Қазақ тіл білімі ғылымында да көркем әдебиеттің тіл мен стилін, сөз зергерлерінің шеберлігі сөз болғанда метафораға соқпай кетпейді, көптеген ақын-жазушының шығармашылық мәнерін сөз еткенде метафораның түрлі тілдік қызметіндегі қасиеті мен ерекшеліктерін талдайды.
“Метафора – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа, не құбылысқа балау; сөйтіп суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп әсерін күшейту” [15. 214].
Сөз мағыналарының метафоралық ауысуы тілдік семантиканы дамытудың аса маңызды тәсілі болып табылады.

2.2 Метоноимиялар мен синекдохалардың қолданылуы
Қазақ ғалымдары А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров Р.Сыздықова, Ғ.Мұсабаев, К.Аханов, А.Ысқақов, Ә. Қасенов, 3. Қабдолов, Т.Қоңыров, Р. Барлыбаев, Б. Хасанов, Л. Нұржекеева және тағы басқалары метонимия мәселесіне арнайы, екіншісі өзінің зерттеу объектісінің қатысын орай тоқталып, оның жеке ғылыми-лингвистикалық объект есебінде танылуына өз үлестерін қосты. Қазақ тіл білімінде метонимияға берілген анықтамалар бірізді емес. Ең алғаш рет қазақ халқының ірі ғалым-лингивисі, әдебиет зерттеушісі, түрколог А.Байтұрсынов метонимияның әдеби шығармалар үшін айрықша мәні бар екендігін атап көрсете келіп, былай түсіндіреді: “Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, біріні орнына бірін айту, ондай ауысу алмастыру деп аталады”[24.448] және ой дәлелді болу үшін бірнеше мысалдар келтіреді. I. Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаевтың анықтауынша, “Бір сөздің орнына екініші бір сөздің ауыс қолданылуынан шығатын іргелес ұғым метонимия деп аталады”[22.93], сонымен бірге аттар мен себептес құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану”[5. 280]. Ал, Қ.Жұмалиев былай деп анықтама берді: “Не құбылыстың бір жағы, не аттары алынып, өз мағынасында емес екінші мағынада араларындағы жақындығымен бірінің орнына екінші алмастырылып қолданылса және сол құбылысты түгел көрсете алса метонимия” [25.96].

2.3 Ақындар тіліндегі эпитеттер
Эпитет-тіл өрнегіндегі өте жиі көрінетін әрі бояу ерекшелігі де кұбыла құлпырып келетін құбылыс.
А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” атты еңбегінде эпитет жайында алғаш теориялық тұжырым жасаған. Ол: “Бір нәрсені көптен айырып көзге түсерлік етіп, айтқымыз келгенде ол нәрсенің атын айқын көрсеткендей сөз қосып айтамыз. Мәселен, “Қара Мұқан”, “Сары Мұқан”, “Болыс Мұқан” дейміз. Мұнда Мұқандардың бірінен-бірін айырып, әрқайсысын айқын шығару үшін айтылады я лақаптау үшін айтылады”, - деп көрсетеді [24. 236].

2.4 Мұқағали шығармаларындағы көріктеуіш құралдар
Поэзия өнер мүлкі ретінде қыр-сыры мол жан-сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуіндегі эстетикалық арсеналдары түрліше. Негізгі объект алдымен талант қырларында жатыр. Айту мәнері шабыт көзінде жатыр.

ҚОРЫТЫНДЫ
Ақындар лирикасы - қазақ поэзиясы тіліне елеулі үлес қосқан шығармалар. Ол туындылардың халық сүйіспеншілігін баурап алатын күші -тілінің шеберлігінде.
Бұл еңбегімізде ақындар лирикасы тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін, құрылымдык сипатын, бейнелегіш-көркемдегіш тәсілдер арқылы сөздерді ойнатып қолданудағы мүмкіншілігін жан-жақты сөз еттік.
Акындарымыздың поэзиясында жалпыхалықтық сөздермен қатар олардың жазу мәнерін ер азамат ақындардан бөлектеп тұратын өзіндік әйелге тән нәзік қолданыс, авторлық сөз қолданыстардың да стильдік қызметіне назар аудардық.