Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 66 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Коммерциялық банктің қаржылық тұрақтылығын талдау


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Банктердің пайда болуы мен даму тарихы 8
1.1 Банктің мәні және оның қызметтері 8
1.2 Банк жүйесі - нарықтық экономиканың маңызды құрамдық бөлігі 10
1.3 Қазақстандағы коммерциялық банк жүйесінің даму тарихы 13
1.4 Қазақстандағы банктік реформа 18
2 Цеснабанктің қаржылық тұрақтылығын талдау 22
2.1 «Цеснабанк» АҚ - ның құрылуы 22
2.2 «Цеснабанк» АҚ -ның операция түрлері 27
2.3 Цеснабанктің саясаты және қызметi 29
2.4 «Цеснабанк» АҚ-ң бөлiмдерiне жалпы сипаттама. «Цеснабанк» АҚ корпоративтiк бизнесiнiң бөлiмiмен кассалық операцияларды өткiзу процедуралары 32
2.5 «Цеснабанк» АҚ төлем карточкалары. «Цеснабанк»-тің қаржылық көрсеткіштері 38
3 Коммерциялық банк-екінші деңгейдегі банк 43
3.1 Коммерциялық банктер - банк жүйесі мен олардың қызметінің негізгі буыны 43
3.2 Коммерциялық банктің балансы және оның құрылымы 46
3.3 Коммерциялық банктің қаржылық тұрақтылығын талдау 52
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиет тізімі 66

Кіріспе
Банк ісі нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динамикалық құрылымы болып табылады. Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы несиелеп, капиталдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттыруды әрі елдің қорлануына өз ықпалын тигізеді.
Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді. Пайда алуға, коммерциялық жетістікке бағдарланған, әр түрлі меншік формаларына негізделген серпінді әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынды.
Нарықтық экономика Казақстан Республикасында өзінің алғашқы қадамдарын жасау үстінде, жаңа шаруашьшық қатынастарды дамытуға бағытталған заңдар мен қаулылар топтамалары қабылданды.

1 Банктердің пайда болуы мен даму тарихы
1.1 Банктің мәні және оның қызметтері
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр турлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы тусініктері де әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулыктар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің МӘНІН терең зерделеген И.О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда айтылғандардың барлығы дерлік шындыкқа толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:

1.2 Банк жүйесі - нарықтық экономиканың маңызды құрамдық бөлігі
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті про-порцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі; әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым, банктердің бірлестігі және т.б.

1.3 Қазақстандағы коммерциялық банк жүйесінің даму тарихы
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жок, себебі республика аумағында ҚСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемле-кеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекелелер кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз кызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылыктың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдьқ жағдайға ие болып, 1914 ж. шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.[5]

1.4 Қазақстандағы банктік реформа
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін кұру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне
жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта кұру яғни, жаңа кұрылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.

2 Цеснабанктің қаржылық тұрақтылығын талдау
2.1 «Цеснабанк» АҚ - ның құрылуы
«Цеснабанк» Ақ 1992 жылы құрылды. «Цеснабанк» АҚ 18 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның қаржы нарығында біледі. Республикамыздың коммерциялық банктерінің ішінде жаңа астанамыз - Астана қаласындағы бас офисімен жалғыз коммерциялық банк. Осы жылдар еліміз үшін қоғамд, экономикада, банктік жүйеде даму кезеңі болды. Біздің банк нарықтың өзгеру серпініне қарап, даму мен қалыптасудың барлық кезеңдерінен өтіп, әр клиенттің қажеттілігін кең ауқымда банк өнімдерімен қанағаттандыру барысында қаржы - несиелік мекемелер арасында үлкен беделге ие болды. Инновациялық, клиенттерге кешенді түрде қызмет көрсету, ең жоғарғы жетістіктерге жету үшін банк басқарма жұмыстарының жүйелерін тұрақты жетілдіру негізінде болатын тәуекелдік және табыстық балансының операциялары - міне, біздің ойдағыдай өркендеуіміз. Алға қойған міндеттерді шешу негізінде және өсіп келе жатқан бәсекелестікті байқап өз ұстанымдарын нығайтты және айтарлықтай жақсартты.

2.2 «Цеснабанк» АҚ -ның операция түрлері
Қазақстан республикасы Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің лицензиясына сәйкес Банк операциялардың мынадай түрлерін ұлттық және шетел валютасында жүзеге асырады:
1. Операция түрлері:

2.3 Цеснабанктің саясаты және қызметi

Алынған табыс - банктің активті және пассивті операцияларға байланысты жүргізіп жатқан саясаты және оның негізіне салынған принциптердің нәтижесі болып табылады.
Активті операцияларды өткізудің негізгі принциптері - өтімділік пен табыстылыққа негізделген консерватизм, рыноктің даму перспективаларын зерттеуді қажет ететін абайлылық, тәуекелді минимизациялайтын шаралар мен жаңа технологияларды уақытында қолдану және операция өткізу қажеттілілгін сараптау.

2.4 «Цеснабанк» АҚ-ң бөлiмдерiне жалпы сипаттама. «Цеснабанк» АҚ корпоративтiк бизнесiнiң бөлiмiмен кассалық операцияларды өткiзу процедуралары
Нақты процедуралар «Екiншi деңгейлi банктерде және ҚР банктiкоперацияларының бөлек түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды жүргiзу ережелерiне» сәйкес құралған.
Қолма-қол ақшаны банк клиент тапсырысы бойынша және тапсырыссыз ақшалай чек немесе шығыс кассалық ордер бойынша ала алады.Чек анық жазумен ешбiр қатесiз көк түстi сиямен толтыруы қажет және машинкада басып терiлуi қажет.Банк чектерi есептен шығару күнiне н бастап он күн бойында қабылданады,мұнда құжатта көрсетiлген ,мерзiмдi түзетусiз,есептен шығару күнi есепке алынбайды.

2.5 «Цеснабанк» АҚ төлем карточкалары. «Цеснабанк»-тің қаржылық көрсеткіштері
Банкте көрсетiлетiн қызметтердiң ауқымын кеңейту үшiн төлемдiк карточкалар қолдану бойынша белсендi құмыс ж.ргiзiлуде.
2004 жылы мамыр айында «Цеснабанк» АҚ-тың Халықаралық төлемдiк жүйелер VISА ассоцияциялық мүшелiгiне қабылданғандығы туралы шешiм қабылданды. Сондай-ақ «Цеснабанк» АҚ 2004 ж қазан айында өзiнiң жергiлiктi төлем карточкаларын шығарды Бұл карточкалар «еңбекақы жобасына сондай-ақ осы карточкалар ҚР шегiнде пайдалануды көздеген клиенттерге қызмет көрсетуге бағыттаоған. Неғұрлым талғампаз клиенттер үшiн «цеснабанк» 2005 жылдың басында өзiнiң клиенттерiне VISА халықаралық төлем жүйесiнiң толықфункционалды төлем карточкаларын ұсына алады.

3 Коммерциялық банк-екінші деңгейдегі банк
3.1 Коммерциялық банктер - банк жүйесі мен олардың қызметінің негізгі буыны
Коммерциялық банктер мөртебесі, мақсаты және бағыттары бойынша тендей емес, дегенмен барлық банктердің балансының және оның құрылымының болуы; негізгі қызметтер мен операциялардың сипаты, өзінің қызметінен кірістер алу сияқты орталық негіздері бар.
Коммерциялық банктер сондай-ақ несие беру жүйесінің негізгі буыны ретінде сипатталады. Бұл банктердің негізгі несие берудің мол мүмкіндіктерін ашатындығын білдіреді. Банк жүйесінде несиені орталық банк, екінші деңгейдегі банктер, арнаулы несие институттары береді. Нарықтық экономика жағдайындағы коммерциялық банктер бұл активті іскерлік банктер болып саналады және олар барлық елдердің банк жүйесінде айрықша орын алады. Бұл банктер бүкіл экономикаға қызмет көрсете отырып, шаруашылықтарға, кәсіпорындарға, жекелеген тұлғаларға несиелер береді, тұтынушыларға неғұрлым жақындай отырып, өндіріс саласы мен айналым дамуына көмегін тигізаді.[26]

3.2 Коммерциялық банктің балансы және оның құрылымы
Егер банктік есеп берушілік туралы толық түсінікке ие болатын болсақ, коммерциялық банк сипаттамасы соғұрлым толық және аяқталған болып саналады. Банктік есеп берушіліктің белгіленуі -бұл банк қызметі туралы толық сенімді қамтамасыз етуді; инвестроларға түсінікті жедел ақпараттар беруді; кірістер, операциялардың көламі мен тәуекелдер туралы бекітулерді білдіреді.[19]

3.3 Коммерциялық банктің қаржылық тұрақтылығын талдау
Экономикаға мемлекеттің араласу көлемінің қысқаруы және қаржылай ырықтандырылудың орын алуы, еліміздегі банк жүйесінің тұрақтылығы мен өміршенділігіне ықпал етері сөзсіз. Бірақ бұл жерде банк мекемелерінің қаржы делдалдары ретінде халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын тартып, оларды тұтынушылар арасында орналастыратынын ескерсек, банктердің тұрақтылығы туралы мәселені мемлекеттің назарынан тыс қалдыру дұрыс емес. Сондықтан дамыған елдер тәжірибесінде кеңінен қолданылып отырған банк жүйесінің қызметін мемлекет тарапынан қадағалау және реттеу қажеттілігі туындайды.
Жалпы банктік тұрақтылығын талдау қажеттілігінің мынадай негізгі себептерін бөліп атауға болады:

Қорытынды
Экономикалық заңдылықты орындату үшін Үкіметтің 2010 жылға дейінгі инновациялық даму бағдарламасы, Елбасының 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы, биылғы ақпан айындағы Қазақстан халқына Жолдауы бар.Осының барлығы еңбек өнімділігін көтеруге бағытталып отыр. Олардың механизмдері жазылған. Бірақ сол механизмдер арқылы бағдарламаларды жүзеге асыру үшін уақыт керек. Әдетте, өндіріс өте баяу, өте сараң дамиды деп жатады. Бұны қаржы секторымен салыстыруға келмейді. Бір жақсы өндіріс орнын, жақсы өнім беретін зауытты салып, сол зауыттың бүкіл қуатын іске қосу үшін кем дегенде 10-15 жыл уақыт керек. Ал банк ше? Оның капиталын көтеру үшін не бары 3-4 жыл жеткілікті болуы мүмкін. Банк секторы дамуының бүгінгі таңдағы үшінші проблемасы - біздің экономикамыздың технологиямен, озық техникамен жарақтанған, дайын өнім шығаратын, қайта өңдеу салаларын дамытудан гөрі шикізат өндіріп, соны экспорттау жағдайымен байланысты. Яғни шикізатты өндіру және шикізатты экспорттау басымдылығы бүгінгі таңда экономика дамуындағы әл бермей, ноқталанбай отырған басымдылықтардың негізгі бағыты. Оған дәлел - бізде жалпы ішкі өнімнің көп бөлігі, кейбір мамандар есебіне қарағанда, мұнайды сатудан түскен өнімнен құралып жатыр. Осының нәтижесінде, Қазақстанға келіп жатқан валюталық түсімдер шамадан тыс көбеюде.