Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиет

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

М.Жұмабаев – эпик ақын


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Мағжан Жұмабаев шығармашылығы туралы мәлімет 4
1.1 М.Жұмабаевтың «Жүсіп хан» поэма - ертегісі 4
1.2 Мағжан лирикасының өзіндік ерекшеліктері 6
2 Мағжан - ұлттық ақын 9
2.1 Мағжан – шебер аудармашы 9
2.2 «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі автор дискурсы мен кейіпкер дискурсының берілуі 12
2.3 Мағжан шығармаларындағы мистикалық образдар 17
2.4 «Тоқсанның тобы» поэмасының ерекшелігі 20
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер 25

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақтың ірі ақыны Мағжан Жұмабаевтың есімі қалың оқырман қауымға егемендігімізді алған алғашқы жылдардың өзінде-ақ белгілі бола бастады. Оған дейінгі алпыс жыл бойында оның шығармаларына есік жабық болды. Қайта құру кезеңі ғана ақын шығармашылығын қараңғы қоймалардан жарыққа шығарып, оның есімін қазақ әдебиетінің тарихына қосты. Тақырыптың көкейтестілігі Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына бүгінгі заман талабына сай өз бағасын беріп, оның шығармашылығының ешкімге ұқсамайтын қайталанбас дүние екендігіне көз жеткізу. Сөйтіп, ақынның әдебиетке қосқан үлесін нақты айқындау. Осы тұрғыда ой сараптай келіп, оның өлеңдері мен поэмалары және шебер аудармашы ретіндегі еңбегіне жаңа ой жүйесінен қорытынды жасап, оның қазақ әдебиетіне қосқан қомақты үлесін бағалау.

1 Мағжан Жұмабаев шығармашылығы туралы мәлімет
1.1 М.Жұмабаевтың «Жүсіп хан» поэма - ертегісі
1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 30 қазан, 2 қараша күндеріндегі санында «Шын ертек» (Түбі Иран елінің ертегісі) деген атпен, кейін Москва қаласындағы Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасынан «Жүсіп хан» деген атпен 1928 жылы шыққан поэма-ертегі М.Жұмабаевтың жаңа ізденістерінің бағыт-бағдарын мөлшерлеуге көмектеседі. Әшейіндегі ертегідей мұнда игілік күштердің жеңілуімен, мұратқа жетуімен аяқталмайды. Қайта бір сәт мойны астынан келгендей болған зұлымдық қайта тірілген күйі бұрынғы өзіне ұжмақ орнын басады. Соның өзінде елін бақпай тақ баққан, ылғи шала мас отырып, жұртқа ақыл айтатын Аббас хан және бұқараны зар еңіреткен бір уыс бай енді қайтып бұрынғысындай жайбарақат білгенін істей бермес. Өйткені халық он күн де болса, «уһ» деп бір дем алады. Он күн болса да базарда ертоқым жасайтын Жүсіп бұқара елді еніреткен өңшең ұры обырлардың екі аяғын бір етікке тығады.

1.2 Мағжан лирикасының өзіндік ерекшеліктері

Қазақ әдебиетін жоғары деңгейге көтерген Мағжан Жұмабаев шығармаларының қазақ халқы, қала береді бүкіл түркі тектес халықтар үшін маңызы зор. Өзіндік стилімен, өзіндік қолтаңбасымен әдебиетке келген Мағжан, сол замандағы ұлы проблемаларды алға тартып, еркін поэзияның тамаша үлгілерін жасаған.

2 Мағжан - ұлттық ақын
2.1 Мағжан – шебер аудармашы
Өлең аудару –жарысқа, айтысқа түскенмен бірдей екенін кезінде В. Жуковский ескерткен. Өйткені өлең-жырға балама табу жеткіліксіз. Поэтикалық қуат жағынан аударып отырған ақыныңнан кем соқпауың керек. Міне, осы жағынан келгенде де Мағжан ақын сүйсіндірмей, таңырқатпай қоймайды.
М.Жұмабаев тәржімасында орыс тілін делдар етіп басқа тілдердегі ақындарды аударған. Сонымен қатар орыс тілінен тіке аударып отырған.

2.2 «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі автор дискурсы мен кейіпкер дискурсының берілуі
ХХ ғасырдың соңы ғылыми парадигмалардың ауысуымен ерекшеленеді. Алдыңғы қатарға антропоцентристік бағыт алынып, адам мен оның жеке мүмкіндіктері, тілдік жүйені өзіндік қолдану ерекшелігі, аялық білімі ескерілді. Осыған байланысты тілді тұлғаның дискурсын зерттеу қажеттілігі туындады .
Дискурс термині көбінесе мәтін ұғымымен синонимдес мәнде қаралып келеді. Бұл туралы тілші-ғылым Қ.Жаманбаева дискурс сипатын айқындамас бұрын мәтін семантикасына қатысты кейбір ұғымдарды біліп алған жөн дей келіп, былай дейді: «Дискурс сипатын бірден көрсете алмаймыз. Ол зерттеу барысында айқындалады. Тек мынандай қырын алдын ала нұсқауға болды. Бұл мәтіндер дара тұлғаның ішкі интенциясын көрсетеді, оның ішкі дүниесін модельге түсіреді. Оның терең негізінде объективті түрде өмір сүретін дайын құрылымдар жатыр»[1, 22].

2.3 Мағжан шығармаларындағы мистикалық образдар
Мағжан орыс және басқа да еуропалық ақын- жазушылар шығармаларын көп оқып, олармен жақын танысқан, шығармаларын сондай әлемдік дәрежеде жазуға талпынған.
Мағжан еуропалық ақындардың немістің әйгілі ақыны Гетені тереңірек оқыған. Гетенің шығармашылығында мистикалық кейіпкерлер негізгі орынды алды.
Қазақ жазба әдебиетінде мистика Мағжан шығармаларының басталып, Бернияз Күлеевтің поэзясында жалғасын тапқан.

2.4 «Тоқсанның тобы» поэмасының ерекшелігі

Мағжан ақын халқын шексіз сүйеді. Қазақ әдебиетін сол кезеңнің өзінде- ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Өзі қазақ әдебиетінің өкілі бола отырып, Батыс Еуропа мен орыс әдебиетінің озық үлгілеріне үн қоса білді.
Жүсіпбек Аймауытов «Мағжанның ақындығы туралы» атты Ташкенттегі қазақ студенттеріне жасаған баяндамасынан мынадай үзінді келтірейік: «Мағжан- алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегенен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма- бәрінде де ақынның ойлағаны, сенгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің кірбіңі көрініп тұрады. Қай өлеңін оқысаң да, не ақынмен, не өз жүрегіңмен, не ел жүрегімен сырласқандай боласың. Ақынның өзі көрінбейтін өлеңдерін оқысаңыз да, еріксіз бір сезім туғызады. Әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде аятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді».

Қорытынды
Өткен тарихымыздың асыл қазыналары жадымызға, қаперімізге қайта орала бастаған сәтте, талант иелері жайында тебіренбей, толғанбай, өкінбей айту қиын. Бір кездері нахақтан күйген есім ақталып қайта орласа, оған тек қуану қажет. Кешелері дүлей қара күш ақыл-парасатты ауыздықтап, шідерлегенін, ата-баба жолын ұмыттырып, тексіздікке сүйрегенін білеміз. Бүгіндері өткендегі орасан қателерді жөндеп, рихани байлықты, талант сөздерін халықтың өз иелігіне қайтаруға мүмкіндік туып отырғаны қуанарлық жай. Өйткені, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, А.Байтұрсыновтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Дулатовтың бай мұрасының ұлттық мәдениетімізге қайта оралуына ризашылық білдірмей, бейтарап күйде қарау мүмкін емес. Бұл ретте дүниеге жаңа ұрпақ, жаңа тұрпаттағы буынның келгенін, олардың өзіндік көзқарасы барын мойындауымыз керек. Ол ұрпақ өткен заман қияметіне селқос қарай алмайды, кінәмызды бетке басып, ақиқатты қайта тірілтуге ұмтылады.