Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны
Жоспар
Кіріспе 3
1 Тоғызқұмалақ ойынының атауы туралы бірер сөз 5
2 Ойын ережелері және танымдық мәні 8
2.1 Ойынның негізгі ережелері 8
2.1.1 Жүріс жасау ерекшеліктері 9
2.1.2 Тұздык алу ережесі 10
2.1.3 «Атсырау» ережесі 10
2.2 Ойын ережелерінің танымдық мәні 11
2.2.1 Бағыт мәселесі 12
2.2.2 Отауға бір құмалақ қалдыру 13
2.2.3 Жұптың табысты болуы 13
2.2.4 Тұздық алу ережесі 14
2.2.5 Тұздықтың ойында бір рет алынуы 14
2.2.6 Маңдайдан және аттас отаулардан тұздықтың алынбауы 14
2.2.7 Атсырау ережесі және соңгы жүріске мүмкіндік беру 15
3 Ойнды жазу тәртібі және тоғызқұмалақ әліппесі 15
3.1 Жазу тәртібі 15
3.2 Тоғызқұмалақ әліппесі 18
4 Тоғызқұмалақ отауларының аттары және тұздық бағалау көрсеткіштері 19
5 Ойын бастамалары 22
6 Ойын ортасы 24
7 Ойын соңы 26
8 Тоғызқұмалақ этюдтері 29
Қорытынды 31
Әдебиет 32
Кіріспе
Әлемнің түкпір-түкпірінде адамзаттың қолымен, ақыл-ойымен жасалған зияткерлік ойындар мыңдап саналады. Бірақ оны жүйелеген Д.Мюррей бар-жоғы бес түрге бөліп қарастырады. Оның ішінде соңғы түріне африкалық калах, арабтың манкаласы және қозғалыс ойындары деп аталады және соған ұқсас тақта басында ойналатын қозғалыс ойындарының бірқатар түрлері кіреді. Қазіргі кездегі деректер бойынша аталған ойындардың алғашқы үлгілері осыдан 3,5 мың жыл бұрын Африка не Азия өңірлерінде пайда болған. Археологтардың қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған ойын тақтасы, шар типтес заттар осы уақыттың аралығын көрсетеді. Әсіресе, оның көне екендігін және дүние жүзіне танымал болғандығын Египет саркофагтарындағы, Афины храмдарындағы, көне керуен жолдарындағы тастарға салынған сурет, кескіндерден байқауға болады. Бірақ осы Калах ойынының танылуының қызғылықты тарихы бар.
2 Ойын ережелері және танымдық мәні
2.1 Ойынның негізгі ережелері
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз. Ата бабаларымыз ойнаған тастан жасалынған тақтасы осы күнге дейін сақталған. Сонымен қатар ағаштан жасалынған әріптік тақтаның көрінісі Т.Сұлтанбековтың кітабында төмендегідей берілген.
2.1.1 Жүріс жасау ерекшеліктері
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.
1. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен бар құмалақтарды қолға алып, біреуін орнына қалдырып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
2.1.2 Тұздык алу ережесі
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – «тұзды үй», қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
2.1.3 «Атсырау» ережесі
Ойын аяқталуға жакындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
1. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.
2. Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз казанына салып алады. Мысалы:
2.2 Ойын ережелерінің танымдық мәні
Әрине, бұл ережелер бірден қалыптаса қойған жоқ. Уақыт талқысына ұшырап, өзгеріске түсті. Кейде шарттылыққа (№9 отаудан тұздық алмау) да ұрынды, кейде кейбір ережелерді (мәселен, қоздату) алып тастауға да тура келді. Бірақ ойынның қазіргі нұсқасының қалыптасуына да көп уақыт кетті және республикалық деңгейде мойындалып, негізгі ережеге айналды. Сонымен катар жоғарыда айтылған ережелердің әрқайсысын қабылдаудың өзіне қаншама ғасырлар кетсе де әлі күнге дейін осы ережелердің танымдық мәні арнайы қарастырылмай отыр. Көне түркілік дүниетаным, салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен байланысты жақтары жеткілікті дәрежеде сөз етілген жоқ.
2.2.1 Бағыт мәселесі
Тоғызқұмалақ ойынындағы жүріс жасау бағыты дәстүрлі дүниетанымдық негіздерден туындаған. Мәселен, Қ.Сапарбеков: «Қазақ атқа мінгенде үзеңгіге сол аяғын салып, оң аяғын ердің оң жағына асырып түсіреді. Былайша айтқанда оң жағына бағыт ұстайды. Сол секілді тоғызқұмалақшылар да құмалағын жүріс кезінде оң жағындағы отауларға салып отырады. Бұл жерде кейбір халықтар оң жақты басқаша түрде ескереді.
2.2.2 Отауға бір құмалақ қалдыру
Шетелдік басқа қозғалыс ойындарынан ұлттық ойынның тағы бір ерекшелігі – жүріс жасағанда отауға бір құмалақ қалдыру. Бұл ереже түркі халыктарының дәстүрлі ұғымындағы «қара шаңырақты» сақтап қалу сеніміне байланысты шыққан болуы керек. Ата-ана әркашан кенже ұлды немесе сүйікті ұлдарының бірін қолына қалдырып, үрім-бұтағы жұрттың орнын жоғалтпай қара шаңырақтың иесі болып отырған.
2.2.3 Жұптың табысты болуы
Тоғызқұмалақ ойынындағы ұтып алынатын құмалақтар санының жұп болып келуі – дәстүрлі дүниетаным аясында қызықты болжамдар жасауға негіздейді. Көне түркілік дәстүрлі ұғымда бабаларымыз аспанды – әке, жерді – ана деп санаған. Немесе Нұх пайғамбардың кемесінен түскен жан-жануарлардың жұп-жұбымен түсіп, тіршіліктің әрі қарай жалғасуына баспалдақ болғаны белгілі. Сонымен қатар ғалым Қ.Сартқожаұлы «Екі негіз» ұғымы туралы қызықты пікір айтады:
2.2.4 Тұздық алу ережесі
Тоғызқұмалақтан басқа ойындарда кездеспейтін қызықты ерекшеліктердің бірі – тұздық ережесі. Мәселен, калахта тұздықтың орнын қазан атқарады. Осы ойындағы арнайы тұздықтың болмауы, әр өткен сайын өз қазаныңа бір құмалақ салып отыру да – ойынның тез бітуіне де әсер етеді. Ал тоғызқұмалақты тұздықсыз елестету қиын. Ойын да көбінесе тұздықтар тартысына құрылады. Сонда тұздық ережесі қалай пайда болды?
2.2.5 Тұздықтың ойында бір рет алынуы
Тұздық ойында бір-ақ рет алынады. Шахматта 8 жаяу әскердің сегізі де уәзірге айнала алса, ұлттық ойында ондай мүмкіншілік жоқ. Бұл ереженің қалай шыққаны туралы мәліметтер жоқтың қасы. Сонда да болса осы ерекшелік арқылы құрбандық шалу салтына қатысты ойларымызды тереңдете аламыз.
2.2.6 Маңдайдан және аттас отаулардан тұздықтың алынбауы
Шахмат және дойбы ойындарында тек сегізінші шаршыда ғана уәзірге шығуға болады немесе би алуға мүмкіндік беріледі. Тоғызқұмалақта тұздықты кез келген отаудан алуға болады. Яғни бұл мәселеде көшпелілік пен еріктілік сипаты бар.
2.2.7 Атсырау ережесі және соңгы жүріске мүмкіндік беру
Атсырау ережесі – халқымыздың адамның өмірден өтуіне байланысты «дәм-тұзы» таусылды мағынасына келетін секілді. Өйткені атсыраудың – өзі жүріс сұрау, ат сұрау, күш сұрау. Күші таусылған, демі таусылған пенде өмірден өтеді. Ондай кезде оның барлық иелігі жарық дүниеде қалып, басқа біреулердің меншігіне өтеді. Оның өзіне тиесілі еш нәрсе қалмайды. Тек осы уакытқа дейін жинаған абыройы (тоғызқұмалақта қазандағы құмалақ мөлшері) ғана қалады. Сондықтан атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы қосымша бір жүріс жасап, барлық отауларындағы құмалақтарды өз қазанына салып алады.
3 Ойнды жазу тәртібі және тоғызқұмалақ әліппесі
3.1 Жазу тәртібі
Ойынды жазып ойнау тәртібін үйренудің еш қиындығы жоқ. Жазуды меңгеру – ойналған ойындарды есте сақтауға, жүрілген жүрістерді талдауға көп көмектеседі. Шебер ойыншылардың ойындарын талдау арқылы өз шеберлігін арттыруға, жіберілген кемшіліктерді екінші жолы қайталамауға болады. Жарыс барысында қарсыластың алдап кетуінен сақтанып, әр ойынның сырын тереңінен ашуға септігі тиеді. Жазып жүрудің екі түрлі тәртібі бар. Толық жазу және қысқа жазу тәртібі.
Толық жазу үлгісі төмендегі ретпен жүргізіледі:
3.2 Тоғызқұмалақ әліппесі
Тоғызқұмалақ ойынындағы 5 құмалақтан 2 құмалақ ұтып алу тәсілі – тоғызқұмалақ әліппесі деп аталады. Өйткені шағын сипаттағы комбинация жасауға осы мөлшердегі құмалақ керек. Оның 2 қалыпты жағдайы бар.
4 Тоғызқұмалақ отауларының аттары және тұздық бағалау көрсеткіштері
Адамзаттың ақыл-ойының жемісі болып табылатын әрбір интеллектуалдық ойында – күрделі тартыстық жағдайлар көп туындайды. Бұл сәттерде тақта басында пайда болған әрбір позицияны терең есептеген, мұқият зерделеген ойыншы табысқа жетеді. Әрине, тоғызқұмалақшыға алғашқы жүрістен бастап ойынның мақсаты мен мәні, ондағы негізгі күштер мен оларды бағалау құндылықтарын қалай меңгергені әсер етеді. Сондықтан ойынды қандай теориялық негіздерге сүйеніп ойнау керектігі туралы ақпарат алудың маңызьі зор.
Бірқатар зияткерлік ойындарда негізгі құндылықтар мен оларды бағалау сатылары туралы толық ақпараттармен қарулануға мүмкін болса, кейбір ойындарда мұндай ақпаратқа ие болу шартты түрде жүзеге асады. Мысалы, шахмат ойынындағы фигуралар, олардың ара салмағы, орналасу реті, бағалау көрсеткіштері толығымен зерттеліп, нақтылы талданған. Немесе жапонның госы мен орыстың дойбысында да тақта басындағы құпиялық толык сақталмайды. Мәселен, дойбыда тақтаның сегізінші қатарында ғана биге шығу мүмкіншілігі ойыншыларға бірдей.
5 Ойын бастамалары
Тоғызкұмалақ бастамалары – зерттеушілерінен үлкен қажыр-қайрат талап ететін, аз зерделенген, күрмеуі мол күрделі сала. Бастама нұсқаларының көп болуы, оның сан алуан тармақтарға бөлінуі құмалақтардың ара салмағын анықтаудағы дерексіздік .– бұл саладағы ізденістерге қиындық туғызғанымен Ә.Ақшораев, [11, 12], С.Тілеубаев [9], Е.Қазбеков [І3] секілді ағаларымыздың кітаптарында тыңға түрен салынып, біршама зерттеулер жасалды. Бірақ соған қарамастан бастама мәселесі үнемі назарда ұстап отыруды қажетсінеді. Жүйелі теориялық еңбектер жазуды міндеттейді және бұл бір-екі зерттеушінің көлемді еңбектерімен бітпейді.
6 Ойын ортасы
Ойын бастамаларын білгеннен кейін негізгі ойға алған жоспарды іске асыру үшін ойын ортасын мұқият зерделудің маңызы зор. Бұл екі кезең бір-бірімен тығыз байланысты болуымен қатар, ойынның соңына және нәтижесіне қатты әсер етеді. Ә.Ақшораев ойынның басы мен ойынның ортасы туралы: «…бұл кезде ойынның негізгі шарттары (тақта үстіндегі ойын күштеріне жауапкершілік, отаудағы құмалақтарға қолайлы позиция беру, осал отауларға қысым көрсету, т.с.с.) мен тактикалық тәсілдер қолданып, сайыс тақта үстіндегі позицияның өзгеруіне байланысты кезек-кезек аңдысу, жүрістерді мұқият есептеу сияқты жағдайларда өтеді» – дейді [12.161].
7 Ойын соңы
Ойын соңы – ойынның басы мен ортасында туындаған түрлі тактикалық тәсілдерді жүзеге асырудың шешуші кезеңі. Бүкіл ойын барысын жақсы өткізіп, ойынның аяқ шенін қате ойнап, жеңіліп қалуыңызға да болады немесе ойын ортасында қиын позицияға тап болып, қате жүрістер жасап, жеңіліп отырып, ұтып кетуіңізге де болады. Бұл ойыншының шеберлігіне байланысты. «Сонымен қатар ойынның орта шенінде жеңіп алған басымдықты, жақсы позицияны немесе жеңіске жеткізетін кейбір мүмкіншіліктерді іске асыруға, жүрістерді анықтауда осы дәлдік қажет» – дейді Ә.Ақшораев[12.163]. Шынында ойын соңы мұқият есептеуді талап етеді. Бұл кезеңдегі басты мәселе – ойындағы құмалақтар саны, алған тұздықтардың күштілігі емес, тақтадағы жағдайдың тиімділігі және жеңіске жеткізетін жүрістерді таба білген ойыншының тапқырлығы.
8 Тоғызқұмалақ этюдтері
Тоғызқұмалақ этюдтері – ойын соңында туындайтын, жеңуді немесе тең ойнауды міндеттейтін қызық та, күрделі шығармашылық сала. Ә.Ақшораев бұл туралы: “Демек, этюдтерді құрудың және оны шеше білудің өз алдына жеке заңдылығы бар, әр этюдтер ойынды табысты аяқтауға машықтандыру болып табылады”, – дейді [12]. Шынында этюдтер шебер ойыншылардың тәжірибелерінен алынады және ойын соңын дұрыс аяқтауға әсер етеді. Мысалы, жарыс барысында қарсыластардың бірі уақыттан қысылып, тез-тез жүріс жасауға мәжбүр болады. Ал осы кезде тақтадағы жағдайына сәйкес келетін этюдтің шешімін білетін ойыншы ұтысқа барар жолды тез табары анық.
Қорытынды
Егемендік алған жылдардан кейінгі кезеңде тоғызқұмалақтың компьютерлік нұсқаларын жасаумен бірқатар бағдарламашылар айналысты. Жаттықтырушылар Е.Иманбаев, Ж.Исаханов, қырғыз ағайындарымыз Н.Имакеев, Қ.Қасымов, техника жаңалықтарының жаңа мүмкіндіктерін ұлттық ойынға енгізуге тырысты. Әсіресе, соңғылардың ізденістері сәтті шықты. Алғашқы кезеңдегі ойын бағдарламаларын адамзат ақыл-ой оңай ұтып отырса, одан кейінгі кезеңде бұл бағыттағы ізденістер өз жемісін бере бастады. 2001 жылы Бішкекте өткен Қырғызстанның жекелей біріншілігінде техникалық интеллект табиғи ақыл-ойды жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды.
Әдебиет
1 Землянская И. Домино, нарды, кости. – М. : «Вече», 2001. – 153 б.
2 Сұлтанбеков Т. Шахмат, дойбы, тоғызкұмалақ. – Алматы, «Қазақстан», 1967. – 97 б.
3 Аманжолов С.. Тоғызқұмалақ. – Алматы, 1936. – 81 б.
4 Анаркулов X. Кыргыз эл оюндары. – Бишкек: «Кыргызстан», 1991. – 67 б.
5 Шотай М. Тоғызқұмалақ ойынындағы тәңірлік дүниетаным көріністері. I халықаралық түркология конгресінің жинағы. – Түркістан : ХҚТУ баспасы, 2003. – 121 б.