Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Заңтану

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 69 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

ҚР-дағы зейнетақы қорларының қызметін құқықтық реттеу


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Отандық зейнетақымен қамсыздандыру тарихы 6
2 Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтық мәртебесі 12
2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорларының пайда болуы 12
2.2 Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру 12
2.3 Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері 33
3 Қазақстан Республикасында әрекет етуші жинақтаушы зейнетақы қорларына жалпы сипаттама 41
3.1 «Ұлар Үміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры 43
3.2 «Грантум» Жинақтаушы зейнетақы қоры 45
3.3 «НефтеГаз-Дем» Жинақтаушы зейнетақы қоры 45
3.4 «Атамекен» Жинақтаушы зейнетақы қоры 46
3.5 «Аманат Қазақстан» Жинақтаушы зейнетақы қоры 47
3.6 «Қорғау» Жинақтаушы зейнетақы қоры 48
3.7 «МЖЗҚ» Жинақтаушы зейнетақы қоры 49
3.8 «БТА Қазақстан Жинақтаушы зейнетақы қоры» 52
3.9 «Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» 53
3.10 «Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» 57
3.11 «Отан» ашық Жинақтаушы зейнетақы қоры» 58
3.12 «Республика» Жинақтаушы зейнетақы қоры» 60
3.13 «Еуразиялық» Жинақтаушы зейнетақы қоры» 60
3.14 «Казахмыс» Жинақтаушы зейнетақы қоры» 62
Қорытынды 63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
Қосымшалар 69

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстан халқына Жолдауының үшiншi басымдығында «Халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететiн осы заманғы әлеуметтiк саясат» - деп атап көрсетiлген [1].
Зейнетақы реформасы - әлеуметтік қамсыздандырудағы негізгі мәселелердің бірі. 1998 жылы қаңтарда «Қазақстан Республикасының знейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы қабылданып, онда зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа жинақтаушы моделi негiзге алынды. Қазақстан ТМД елдерi арасында зейнетақыны жинақтау жүйесiмен қамтамасыз етудi бiрiншi болып жүзеге асырды. Жинақтау жүйесiне негiзделген, зейнетақы реформасын жүргiзу әлемдiк қауымдастық еледерiнiң тәжiрбиесiмен қорытылған, осында Қазақстанның қызметiн, шетел сарапшылары өмiрлiк мәнi зор деп таныды.

1 Отандық зейнетақымен қамсыздандыру тарихы

Еңбекке қабілеттігі жоқ азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың қажеттігін теориялық тұрғыдан негіздеу XIX ғасырдың соңында - XX ғасырдың басында, яғни өндірістің жедел қарқынмен даму және жалданбалы еңбек қызметкерлерінің санының өсу кезеңінде басым көпшілік елдерде жасалды. Жалданбалы қызметкерлер санының өсуі еңбекке қабілетті халықтың жастық құрылымының өзгеруімен қатар орын алды: оның құрамында әлеуметтік қорғауды қажет ететін қарт адамдардың үлесі жүйелі түрде өсіп отырды.

2 Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтық мәртебесі
2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорларының пайда болуы

Қазақстан Республикасы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде бірінші болып халықты зейнетақымен қамсыздандыру реформасын жүзеге асырды. Зейнетақы реформасындағы басты оқиға халықтың ынтымақтастығына негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың таратып тұратын жүйесінен жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке зейнетақы жинақ ақшаларды көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақырындап өту болды.

2.2 Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңының 1 бабына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары: ашық және корпоративтiк болуы мүмкiн.

2.3 Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері

Жоғарыда атап өткеніміздей, жинақтаушы зейнетақы қорлары елдің зейнетақы жүйесінің тек бір деңгейі ғана емес, сонымен қатар оның орталық буыны да болып табылады.
Зейнетақы жүйесін реформалау мақсаттарында біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасының Зейнетақы корын Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа өзгертті және жинақтаушы зейнетақы қорларының жүйесін құрды. Жинақталатын жеке зейнетақы қаражаттарын қалыптастыру үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының екі түрі құрылды: мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры (МЕЖЗҚ) [11].

3 Қазақстан Республикасында әрекет етуші жинақтаушы зейнетақы қорларына жалпы сипаттама

2010 жылғы 1 cәуіріне берілген мәліметтерге сүйенсек, республикамызда 14 жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - қорлар) жұмыс істейді. 2008 жылғы ақпан айында зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметтеріне берілетін лицензия заңды тұлғаларға берілген жоқ. 13 заңды тулғаның қорлардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензиясы болды, оның ішінде 9 қор зейнетақы активтерін дербес басқару лицензиясына ие [16, 12б].

Қорытынды

Қазақстанда зейнетақы реформасын жүргізген сәттен бастап 12 жыл ғана өтті. Алайда бүгінгі таңда қазақстандықтар зейнетақы жүйесі басқаша болғанын ұмытып та қалды. Кеңес заманы бойы қолданылған және жалпы әділдік қағидаттарына жауап бермеген бұрынғы жүйе КСРО ыдырағаннан кейін бірден өзінің жарамсыздығын көрсетті. Осы жылдың ішінде өзін ақтап шықты және тиімділігін көрсетті [25].
Кеңес Одағының ыдырауымен миллиондаған қарт азаматтарға қанағаттандырарлық деңгейде күн көруге мүмкіндік берген зейнетақымен қамсыздандырудың бірыңғай жүйесі қирады. Бұрынғы жүйе жоспарлы экономикаға тәуелді еді, ал жоспарлы экономика зейнетақымен қамсыздандыру үшін бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етті және буын ынтымақтастығы қағидаттарына сәйкес құрылған еді.