Мұқағали шығармашылығы қазақ әдебиетінің бай қазынасы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Поээияны сұңқар сезім шыңына қондырған ақын 6
1.2 Мұқағали мақамдары 14
1.4 Аз да болса саз (Аудармалары хаһында) 34
2 Өлеңнен өрбіген ойлар 39
2.1 Ақын поэзиясының көркемдік ерекшеліктері 43
2.3 Аққудың қанатына жазылған жыр 52
2.4 Мұқағали жырлары – оқырман ойында, жұртшылық жүрегінде 62
Қорытынды 69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 73
Кіріспе
ХХІ-ғасырдың төл перзенті және қазақ поэзиясындағы творчествосы күрделі нар ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев. Мұқағали Мақатаев Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген.«Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай» ақын поэзиясы адамның ішкі жан тереңін, нәзік сезімдерін шынайы да әсем бейнелейді.Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді. Ол XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақыны.Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің (қазіргі «Хан-тәңірі», жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер.
1 Поээияны сұңқар сезім шыңына қондырған ақын
Поэзия өнер мүлкі ретінде қыр-сыры мол жан-сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуіндегі эстетикалық арсеналдары түрліше. Негізгі объект алдымен талант қырларында жатыр. Айту мәнері шабыт көзінде жатыр. Лирика – белгілі бір уақыт пен ортаның жемісі, сол орта мен уақыт перзентінің көңіл-күйі , жан тебірінісі. Оның бойындағы барша қасиет – қадірді нақты мезгіл рухы, дәуір мазмұны айқындамақ.
1.2 Мұқағали мақамдары
«Ей, безілдектер! Сендер емессіңдер маған баға беретін. Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де. Мен өзім жайында мынаны айтам: мен 21 ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да...»
Бұл – артына өшпес мұра - жалынды жыр, өрелі өлең қалдырған ақиық ақынның болжамдарының бірі ғана. Ал,әр жерде үзік – үзік жарияланған ақынның күнделіктерінде, біраз өлеңдерінде сол кезде белгісіз болып, бүгінде жүзеге асып жатқан біраз жайттар төңірегінде осындай болжамдарды, философиялық ойларды кезіктіру аса қиын емес. Жоғарыда келтірілген үзіндінің өзі бүгінде шындыққа айналып, Мақатаевтың жыры мына бізбен – 21 ғасыр ұрпақтарымен тілдесуде, сыр бөлісуде.
1.4 Аз да болса саз (Аудармалары хаһында)
Біз Мақатаев өнер-өмірбаяның ілкіалды сөз еткенде, оның бір кезеңіне соқпай кете алмайтынымыз кәдік. Ол - ақынның Мәскеуде болған аз мерзімі. Мұқағали М.Горький атындағы әдебиет институтына барып жүріп, кеудесіне көп нұр құйып, жадына көп тоқыды. Шабытының шаңқай түсіне тап болған ол «түсіме тау кіреді», «Сынық қанат шағалам», «Жүрегім менің – жанартау», «Сағындым ғой», «Пушкинмен қоштасу», «Есенин – Маяковский» тағы басқа өрнекті де, көрнекті өлеңдерін жазды.
2 Өлеңнен өрбіген ойлар
Мұқағали сияқты біртуар ақынның халқына қалдырып кеткен мәңгілік мұрасы теңіздей терең, аспандай биік, даладай кең. Оқырман қай саланың адамы болса да Мұқағалидың жырларынан өзін табады.
«Жазылар естеліктер мен туралы» деп өзі көрегендікпен айтып кеткендей, Мұқағалиды тануға қалам тартпаған әдебиет зерттеушілері кемде кем. Ол хаһында дана да жазды, дара да жазды. Өз ғұмыры аяқталып, өлең ғұмыры мәңгілікке сапар шеккен ақынның әр өлеңі, сол өлеңнің әр жолы үлкен тақырыппен терең тануға шақырып тұрған дүниелер. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған сәтімде:
2.1 Ақын поэзиясының көркемдік ерекшеліктері
Мұқағалидың шығармашылығының ең биік шыңы – оның лирикасында. Ақынның терең де мазмұнды, көркем суретті, фәлсапалық ойға толы, сиқырлы ұйқаспен жазылған лирикалық туындылары халықтың көпшілігіне қатты ұнайды және сүйетін өлеңдері.
Ақын өз жүрегінің лүпілі, жырлары жалпыға тән ой-сезімді білдірген. Ал сол сезім-ой өлеңнің құрылысы, бейнелеу, қайталау, теңеу, метафора, анафора, эпифора сияқты көріктеуіш құралдар арқылы беріледі. Мұнда сөз бейнелері, ақындық толғаныс-тебіреністер арқылы жан сырлары, жүрек лүпілдері айтылады.
2.3 Аққудың қанатына жазылған жыр
Мақатаев поэзиясы атан түйенінің жүйесі көтерген бір ғана тақырып төңірегіне тоқтасқан. Ол адам мен заман, туған халқының тағдыры мен тарихы зерделей зерттеп, тереңнен толғап жазуға өлеңін де өзін де қатар бағыштаған ақиық ақынның туған халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтау жолында өз жыр күмбезін - өмірлік ескерткішін өз қолынан орнатып кеткен ұлы перзентіміз, ұлы ақынымыз екені уақыт сынынан өткен тарихи шындық.
2.4 Мұқағали жырлары – оқырман ойында, жұртшылық жүрегінде
Шыңдары көк тіреген «Шалкөденің» шалғынды баурайында , тау қойнауында балалық шағын өткізген ақын, қазақ поэзиясының көгіне күндей көтерілсе де, тауына табынудан танбай өтті. Тамсантар жырын да, таңдай қақтырар көркемдікті де тау төңірегінен іздеді. Және сол мұратын тапты да.
Өте алмай сонау көк белден,
Шымырлап сағым қайнаса.
Көгеріп қалған бөктерден,
Көпсітіп жылқы айдаса...
Шыңдардан ұзап шыға алмай,
Шыңдарға бұлттар байланған.
Бұлақтар үркіп құландай,
Құйылса төмен сайлардан...
Ақын қай кезде де жалпы адамзаттық мұраттарды асқақтата жырлай алған да ғана өз мақсатына жақындай түседі десек, бұл ретте, Мұқағали тақырыптары сан – алуан қырымен көрініп, жай оғындай жарқылдап, көз тартып, көңіл аударады. Ол – тебіренбей, толғанбай қолына қалам алмаған ақын. Бұлай деп үзілді-кесілді айтуымызға мәжбүрлейтін де ақынның өз жырлары.
Қорытынды
Міне, Мұқаң өмірден озған отыз жылдан бері бұл үрдіс жалғасу үстінде.
Десек те, мұқағалитануды нағыз кемеліне келтіру үшін мұның өзі бәрібір аздық ететін секілді. “Білгің келсе алдымен зертте мені» немесе “Менің нәзік жанымды кім түсінер» деген ақын өсиеттерінде ишарамен нұсқаланған терең мәндер жатыр. Қабат-қабат қазынаны аса сауаттылықпен, сергек сезімталдықпен ақтару үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Оны жетістігіне түбінде бір кенелетін, даңқына риясыз бөленетін сыншы-ғалымды уақыттың өзі қай кезде зерттеу жұмысына белсеніп кіріседі деп елеңдеп күтіп отырғанын сезіп отырмыз.