Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 66 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі 9
1.1 Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу тарихы 9
1.2 Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің ерекшеліктері 14
1.3 Қазақстан Республикасының қазіргі банктік жүйесі 16
2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері 23
2.1 Екінші дәрежедегі банктер – банк жүйесінің негізгі буыны 23
2.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет түрлеріне сипаттама 27
3 Банктік жүйе қызметінің сараптамасы 33
3.1 Банктік жүйелердің қаржылық мүмкіндігі қаржылық жағдайының сараптамасы және мекемелерді тексеру 33
3.2 Банктердің қаржы таратудағы мүмкіндіктері 43
3.3 Ақша-несие саясаты және қаржы секторын дамыту 46
3.4 Банк шығындары мен табыстарынының сараптамасы 48
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 66

КІРІСПЕ
Банк – кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың бос ақша қаражаттарын тарту мен жинақтауды және төлемдерге делдалдық жасауды, сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар эмиссиясын, қысқа мерзімді несие беруді, қайтарылатын, төленетін және мерзімді әр түрлі несиелер беруді (белсенді операцияларды) жүзеге асыратын несие-қаржы мекемесі.
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың аса маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банк дамуы мен тауар-ақша қатынасының дамуы тарихи тұрғыдан қашанда сабақтасып, бір-бірімен жарыса, тығыз байланыста дамып отырады.

1 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
1.1 Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу тарихы
Кеңес дәуірі кезеңінде республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің бөлімшелері мен филиалдары қызмет еткендіктен, Қазақстанның өзіндік дербес банктік жүйесі болмады. Осымен байланысты республиканың банктік жүйесінің пайда болу, қалыптасу тарихы төңкеріске дейінгі Ресей мен КСРО тарихымен тығыз байланыста қарастырылады. Ескі Ресейдің банктік жүйесі Мемлекеттік банк, акцио-нерлік банктер, ипотекалық несие банктері, өзара несие қоғамдары, қалалық банктер мен т.б. несиелік мекемелерді қамтыды.
Өз қызметін 1860 жылдан бастаған Ресей Мемлекеттік банкі барлық несиелік жүйенің Орталық банкі болып табылды. Ол қағаз ақшаларды қолданысқа шығарудың монополиялық құқығына ие болды.
Акционерлік коммерциялық банктер (743 филиалы бар 47 банк) несиелік капитал нарығында басымдылыққа ие болды және 1914 жылға қарай капиталды шоғырландырудың ең жоғарғы деңгейіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазияға ұсақ несиелік мекемелер - өзара несиелік қоғамдар (11081) мен қалалық қоғамдық банктер қызмет етті [5, 54].

1.2 Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің ерекшеліктері
Қазақстан және ТМД банк жүйелері бірқатар өзіндік сипаттарымен ерекшеленеді. ТМД елдерінде көбіне несие-қаржы жүйесі монополиялық ескі жүйе (Мембанк – арнайы банктер – филиалдар) мен қатаң талаптарға негізделген жаңа жүйенің (Ұлттық банк – арнайы банктер – филиалдар) аралық белгілерінің болуымен ерекшеленеді . Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, қызмет ете бастады. Бұрынғы арнайы банктер өз тұтынушылары (негізінен мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар) мен жеңілдіктерге ие акционерлерін әлі де бұрынғысынша несиелендіреді. Бұл жағдай әлдеқайда қуатты банктерді өз тұтынушыларын тарту үшін белгілі бір мөлшерде несие жеңілдіктерінің сақталуын қарастыруға мәжбүр етеді. Халықтың 90 пайызынан астамының есепшоттары жинақ банктерінде сақтаулы. Бұл тұрғындардың жинақ банктеріне деген сенімдерінің жоғары екендігінің дәлелі.

1.3 Қазақстан Республикасының қазіргі банктік жүйесі
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді [10, 124].

2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері
2.1 Екінші дәрежедегі банктер – банк жүйесінің негізгі буыны
Әдетте екінші дәрежелі банктер мәртебесі, мақсаты және бағыттары бойынша бірдей болмайды, дегенмен барлық банктердің балансының және оның құрылымының болуы, негізгі қызметтер мен операциялардың сипаты, өзінің қызметінен кірістер алу сияқты орталық негіздері бар.
Коммерциялық банктер сондай-ақ несие беру жүйесінің негізгі буыны ретінде сипатталады. Бұл банктердің негізгі несие орталығы ретінде несие берудің мол мүмкіндіктерін ашатындығын білдіреді. Банк жүйесінде несиені орталық банк, екінші деңгейдегі банктер, арнаулы несие институттары береді. Нарықтық экономика жағдайындағы коммерциялық банктер - бұл активті іскерлік банктер болып саналады және олар барлық елдердің банк жүйесінде айрықша орын алады. Бұл банктер бүкіл экономикаға қызмет көрсете отырып, шаруашылықтарға, кәсіпкерлерге жекелеген тұлғаларға несиелер береді, тұтынушыларға неғұрлым жақындай отырып, өндіріс саласы мен айналым дамуына көмегін тигізеді.
Нарық бәсекесі жағдайында әрбір банк өзінің басымдықтарын айқындайды, өзіне несие жүйесінің негізгі буының ретінде бекітеді.
Елдің банк жүйесіндегі несие беру қызметін мындай банктер орындайды:

2.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет түрлеріне сипаттама
«ҚР-ғы банктер және банк қызметi туралы» республика Президентiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы №2443 Заң күшi бар Жарлығында «Қазақстандағы екi деңгейлi жүйесi бар Ұлттық банк – мемлкеттiң Орталық банкi, ол банк жүйесiнiң жоғары деңгейiндегi банк. Басқа банктердiң барлығы банк жүйесiнiң төменгi деңгейдегi банктер» делiнген. [2 ]
Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты.
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер Заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты пайда табу.

3 Банктік жүйе қызметінің сараптамасы
3.1 Банктік жүйелердің қаржылық мүмкіндігі қаржылық жағдайының сараптамасы және мекемелерді тексеру
Қазіргі кезеңде банк жүйесіндегі жағдай тұрақты деуге болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктер қызметін қадағалау бағытындағы саясаты республиканың банктік жүйесінің тұрақтылығы мен нарықтық жағдайдағы олардың бәсекелестігін арттыруды қамтамасыз етуді көздейді. Осымен байланысты екінші деңгейдегі банктерге қатаң талаптар қою саясатын жүргізу жалғасуда. Сонымен қатар, ірі банктер мен қаржылық-өндірістік топтарға кіретін банктерді жіті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында кешенді бақылауды енгізу қызметі белсенділендіруде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттарының бірі тұрғындардың банктік жүйеге деген сенімін арттыру және ең алдымен, жеке тұлғалар салымының (депозиттер) міндетті ұжымдық кепілдігін (сақтандыру) дамыту жүйесіне қатысты тұрғындардың уақытша бос қаржысын екінші деңгейлі банктерге тарту болып табылады [14, 68].

3.2 Банктердің қаржы таратудағы мүмкіндіктері
Дамыған банк жүйесінде коммерциялық банктер несие қаржысын кеңінен тартады, активтердің жалпы сомасының 90 пайызға жуығы соның есебінен арзан несие қаржыларын, соның ішінде дпозиттерді де пайдаланудың арқасында банк операцияларынан түсетін аздаған пайда ақыр соңында банк операцияларының тиімділігін жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ететін мөлшерге жетеді. Тартылған қаржының негізгі көзі – депозиттер коммерциялық банктердің бүкіл пассивтерінің 80 пайызын құрайды.
Пассив операцияларын басқару дегеніміз, сөздің кең мағынасында алғанда депозиторлар мен басқа да кредиторлардың қаржыларын тартумен және аталған банк үшін қаржы көздерінің тиісті комбинацияларын анықтаумен байланысты қызыметтерді білдіреді. Банк міндеттемелерінің мейлінше тиімді портфелін айқындап алу маңызды. Ал тұжұрымдап айтқанда, пассив операцияларын басқару деп, қажет болуына несие қаржысын белсенді түрде іздестіру жолымен банктің өтімділігін қамтамасыз етуге бағытталған іс - әрекетті түсіну керек. Бұл міндет анағұрлым ыкшам және Қазақстан банктері үшін банктің корреспонденттік шоттарын басқару міндеттімен ұқсас.

3.3 Ақша-несие саясаты және қаржы секторын дамыту
Ақша-несие саясаты және қаржы секторын дамыту саласында инфляция процестерін реттеу тиімділігін арттыру, валюталық реттеуді кезең-кезеңмен ырықтандыру, банктердің сыртқы қарыз алуын жанама реттеу құралдарын жетілдіру, сондай-ақ қаржы жүйесіндегі бәсекелестікті ырықтандыру мен арттыру, оның орнықтылығы мен айқындылығын қамтамасыз ету негізгі міндет болып табылады.
Инфляция процестерін реттеу бөлігінде Үкімет пен Ұлттық Банк инфляцияның монетарлық та, монетарлық емес те жақтарына әсер ету шараларын қабылдайтын болады.

3.4 Банк шығындары мен табыстарынының сараптамасы
Капитал – қаржылық тұрақтылықтың ең маңызды негіздерінің бірі болып табылады. Тұрақты табыссыз капитал жағдайын теңбе-тең ұстап тұру мүмкін емес. Неғұрлым пайдалы банк соғұрлым жыл сайын өз капиталын толықтырып отыруға және өз табысын акционерлеріне қайтарып отыру мүмкіндігі мол. Акционерлер өз кезегінде банк капиталына деген қызығушылығын өсіре түседі де, банктің қаржылық даму мүмкіндігіне кеңінен жол ашылады. Шығындар банк капиталын тез арада азайта, тіпті жойып та жібере алады. Егер банк акционерлері нақты табыс көзін көре алмаса, олар капиталға қызықпайды, нәтижесінде банк банкротқа ұшырайды. Сондықтан, банк табысын қашықтан бақылау қажеттілігі өте маңызды.

Қорытынды
Қазақстанда бүгінгі таңда «қазіргі заманғы банк жүйесі құрылды. Коммерциялық банктер үздіксіз бәсекелестік жағдайында белсенді түрде дамуда, елімізден сыртқары жерлердегі нарықтарды игеруде. Банк қызметінің нарығы толысуда. Несиелер барынша қолжетімді бола түсті. Тұтынушылық және ипотекалық несиелеу, құрылыс жинағы жүйесі дамуда. Төлем карточкалары әрбір қазақстандықтың күнделікті өміріне кең түрде енуде. Банктік қызмет көрсету мәдениеті айтарлықтай өсті», деп атап өтті.