Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 72 стр.

Год: 2009

Предварительный просмотр

Парсы шығанағындағы Араб монархияларының саяси процестері


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Парсы шығанағындағы араб монархиялары мемлекеттілігінің қалыптасуы 8
1.1 Араб монархиялары мемлекеттілігінің қалыптасуы және билеуші әулеттерінің орнығуы 8
1.2 Араб монархияларының қазіргі мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымының қалыптасуы 19
1.3 Араб монархияларының «Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» шеңберіндегі әскери-саяси интеграциясы 29
2 Парсы шығанағындағы Араб монархияларының мемлекеттік - саяси жүйесінің дамуы: ерекшеліктері мен проблемалары 41
2.1 Араб монархиялары саяси жүйесінің және саяси құрылымының даму ерекшеліктері 41
2.2 Араб монархияларының саяси элитасының құрылымы 51
2.3 Араб монархияларындағы тақ мұрагерлігі 60
Қорытынды 70
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 72

Кіріспе
Өзектілігі.Парсы шығанағындағы араб монархиялары - Сауд Арабиясы, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Кувейт және Оман (бұдан әрі - араб монархиялары) - халықаралық қатынастарға, әсіресе, Таяу Шығыс мәселелері төңірегіндегі саясатқа елеулі ықпалын тигізіп отырған мемлекеттер. Аталмыш мемлекеттердің шоғырлы тобы бүгінгі таңда дүниежүзілік қауымдастықтың қалай да санасуына тура келетін ықпалды мұсылман орталықтары ғана болып қоймай, сондай-ақ Азия даму банкі, Африканың эқономикалық дамуының араб банкі, Африкаға арналған араб қоры, Ислам даму банкі, Мұнайды сыртқа шығарушы елдердің ұйымы, Араб экономикалық дамуының Кувейт қоры, Сауд Арабиясы даму қоры, Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі, Абу-Даби даму қоры сияқты басқа да халықаралық және аймақтық көлемдегі бір қатар ықпалды қаржы-экономикалық институттардың құрылтайшылары болып табылады. Ал қазіргі дүниеде тап осы институттардың Азия мен Африкадағы мұсылман елдерінің басым көпшілігінің, соның ішінде Қазақстанның дамуы барысында Батыс елдерінің қаржы институттарымен тең дәрежеде аса маңызды рөл атқарып келе жатқандығы бұл мемлекеттерге деген ғылыми қызығушылықты туғызады.

1 Парсы шығанағындағы араб монархиялары мемлекеттілігінің қалыптасуы
1.1 Араб монархиялары мемлекеттілігінің қалыптасуы және билеуші әулеттерінің орнығуы
XVIII ғасырдың бас кезіне қарай араб тайпаларының ұзақ уақыт бойы географиялық жағдайдың ықпалымен қалыптасқан өмір салты мен берік орныққан көшіп қону ареалы ішкі және сыртқы факторлардың әсерімен шапшаң қарқынмен өзгере бастады. Соның нәтижесінде олардың Арабияның ішкі шалғай аудандарынан теңізбен шектесіп жатқан шығыс бөлігіне жаппай қоныс аудару процесі басталды.
Ішкі факторға себепші болған нәрсе, шамасы, ұзақ мерзімді құрғақшылық пен қара шегірткенің шабуылы болса керек. Сыртқы факторлар қатарына бұл аймаққа португалиялықтар, голландиялықтар, ағылшындар мен француздардың белсенді ене бастағанын жатқызуға болады. Соның салдарынан отаршылдар мен жергілікті тайпалардың арасында, сондай-ақ жергілікті тайпалардың арасында да көптеген қанды соғыстар жүріп жатты. «Тайпалар арасындағы жиі-жиі соғыстарға ұласқан қоныс аудару процесі, сондай-ақ бұл аудандарға түрік басқыншыларының және еуропалық отаршыл экспедициялардың ел ішіне бірте-бірте ене бастауы көшпелі бэдэуилерді уақыт өте келе Арабия түбегінің шығыс жағалауындағы Парсы шығанағына қарай ығысуына экелді» [9,34].

1.2 Араб монархияларының қазіргі мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымының қалыптасуы
Арабия түбегіндегі саяси құрылымдарға жүздеген жылдар бойғы мейлінше тұрақсыздық және әр түрлі конъюнктуралық өзгерістер тән болды. Кішігірім көшпелі рулық-тайпалық саяси құрылымдар пайда болып, едәуір кеңейе түскеннен кейін көп ұзамай жиі-жиі қайта ыдырап, неғұрлым ірі әрі қуатты көрші ру-тайпалық бірлестіктердің құрамына қосылып отырды немесе саяси сахнадан біржолата кетті. Сондықтан, бұл өңірде көпке дейін ірі мемлекеттік-саяси бірлестіктер болмаған. Дәлірек айтсақ, «Арабия түбегінде сонау орта ғасырлық кезеңнен бастап ірі суландыру жүйесінің жоқтығы және егіншілік-қалалық тұрмыс-тіршіліктің сипаты оазисті жерлерге ғана қатысты болуы елдің тұтас бір мемлекетке бірігуіне ешқашан мүмкіндік бермеді. Ондай экологиялық кедергілерге қоса, Арабия түбегін мекендеген елдің экономикалық күш-қуатының мүмкіндіктері де тым мардымсыз еді және мұның өзі ірі-ірі көшпелі бірлестіктердің пайда болуына, сондай-ақ ірі әрі күшті отырықшы мемлекеттің құрылуына қызығарлық ынта туғызбады. Олардың Еуразия даласындағы көшпелілерден айырмашылығы сол, Арабияда бірнеше көшпелі құрылымдардың салыстырмалы түрде болса да тығыз топтасып бірігуі өте сирек кездесті әрі өткінші сипатта болды» [24,241].

1.3 Араб монархияларының «Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» шеңберіндегі әскери-саяси интеграциясы
Мысыр мен Сирияның 1958-1961 жылдардағы Біріккен Араб Республикасын құруды көздеген бірлескен жобасының сәтсіздігі, 1967 жылы Араб-Израиль соғысында біріккен араб әскерлерінің жеңілуі, сөйтіп Араб әлеміндегі панарабизм идеясының сәтсіздік табуы [88] және 1970-1980 жылдары Парсы шығанағындағы ірі екі мұсылман мемлекеттің-Ирак пен Иранның арасындағы соғыстың басталуы араб монархияларының 1981 жылы мамыр айында «Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» (бұдан әрі - ПШАМЫК) атты әскери-саяси блокқа бірігуіне түрткі болды. Араб монархияларының бұл саяси қадамы, сонымен қатар, Парсы шығанағы аймағында АҚШ үстемдігін алмастыратын жаңа балама іздестіруге мүдделі болып отырғандығының да белгісі еді. Өйткені, 1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың бас кезіндегі оқиғалар көрсетіп бергеніндей, Парсы шығанағы аймағындағы істің барысына АҚШ-тың белсене араласуы бұл аймақта орналасқан мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ете алған жоқ.

2 Парсы шығанағындағы Араб монархияларының мемлекеттік - саяси жүйесінің дамуы: ерекшеліктері мен проблемалары
2.1 Араб монархиялары саяси жүйесінің және саяси құрылымының даму ерекшеліктері
Араб монархияларының тарихи-саяси даму жолының ортақтығы араб әлемінің бұл бөлігінде өзіндік ерекшелігі бар осы заманғы мемлекеттіліктің - патерналистік тұрпаттағы араб монархияларының құрылуына алып келді. Ондағы бүкіл саяси билік аз ғана адамдар тобының қолында шоғырланды. Араб патернализміне тән мынадай ерекше белгілерді атап кетуге болады. Біріншіден, жоғарғы биліктің отбасылық билеуші әулеттің қолында болуы, сөйтіп бүкіл билік тармақтарының - заң шығарушы, атқарушы және сот билігін мемлекет басшысының қолында шоғырлануы. Яғни, осы отбасылық билеуші әулеттің мүшелері қоғам өмірінде үстемдік жасап, мемлекеттің саяси және экономикалық салаларына күшті ықпал етіп отырды. Ал мемлекеттік органдар отбасылық билеуші әулеттен шыққан адамдардың алдында толық есеп беруге мәжбүр болды. Екіншіден, заң шығарушы, атқарушы биліктің саласының едәуір бөлігін осы заманғы үкіметтің міндетін атқарушы - Министрлер кеңесі жүзеге асырады. Ал, осы Министрлер кеңесінің мүшелері мемлекет басшысының жарлығымен ғана тағайындалады. Үшіншіден, басты министрліктердің, атап айтқанда, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Мұнай және газ министрлігінің басшылары әдетте мемлекет басшысының ең жақын туыстары қатарынан іріктеледі. Төртіншіден, билікті бөлу механизмінде өкілетті институттардың құзыры мейлінше әлсіз әрі ықпалсыз. Осы өкілеттілік институттары әр монархия шеңберінде жергілікті ерекшеліктерге сәйкес қалыптасуда. Бесіншіден, заң шығару принциптерінің ислам шариатының нормаларынан ешқашан ауытқымай, оған толық сәйкес болуы қатаң талап етіледі. Өйткені, араб монархияларының конституциялары бойынша, шариат заң шығару ісінің негізгі қайнар көзі саналады, ал халықтың шариат нормаларына мейлінше жоғары дәрежеде мойынсынуы араб қоғамында және күллі араб әлемінде терең тамыры бар дәстүрлі құбылыс. Сол себептен «зайырлы мемлекеттіліқ құру туралы қағида араб мемлекеттерінің конституцияларында кездеспейді» [37, 59.].

2.2 Араб монархияларының саяси элитасының құрылымы
Араб монархияларындағы саяси элитаның өзіне тән сипаты мен ерекшеліктерін айқындау кезінде оларды басқа да бірқатар факторлар тұрғысынан қарастыру қажет. Міне, мұндай жағдайда кейбір жекелеген сегменттерді жеке дара бөліп көрсетуге, олардың ұстанатын өзіндік бағытын, күш-қуатын, тағы басқа ерекшеліктерін айқындауға болады. Ең алдымен, олардың қандай да болсын, белгілі бір сегменттің отбасылық билеуші әулетке қаншалықты дәрежеде жақын екендігіне, өкімет билігінің жоғары тобындағы және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өкілдерінің саны қанша екендігіне талдау жасалап, сондай-ақ қоғамдағы саяси-экономикалық ықпалының қаншалықты күшті екендігін ескерген жөн.

2.3 Араб монархияларындағы тақ мұрагерлігі
Араб монархияларындағы мұрагерлік бойынша тақ иеленуге келетін болсақ, онда, ең алдымен, дәстүрлі әлеуметтік араб қоғамындағы қоғамдық қатынастардың даму ерекшеліктерін еске алу керек. Ол ерекшеліктер араб монархияларындағы саяси құрылым мен биліктің өзіндік ерекшеліктерінде із қалдырмай тұра алмады. Мысалы, саясаттанушылардың топшылауы бойынша, басқару түріне сәйкес Сауд Арабиясы- теократиялық монархия, Бахрейн мен Кувейт - конституциялық монархия, Катар мен Оман - абсолютті монархия, ал Біріккен Араб Әмірліктері - федералды мемлекет болып есептеледі. Бірақ, шын мәнінде, Катар мен Оман секілді қалған араб монархияларының барлығы абсолютті монархия болып табылады, өйткені олардағы үкіметтің жүргізетін жұмыстарына тікелей басшылық етеді, сот билігін, жергілікті монархтар бүкіл ел көлемінде барлық заң шығарушылық билікті өздері жүзеге асырады, басқару жүйесін және бірқатар басқа салаларды өз бақылауында ұстайды.