Қазақстан Республикасының географиясі
МАЗМҰНЫ
К І Р І С П Е 3
1. Батыс 6
2. Батыс қазақстан облысы омыртқалы жануарларының зерттелуінен қысқаша әдеби шолу 27
Әдебиеттер 110
К І Р І С П Е
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблиясы шешімі мен 1982 жылы тіршілік түрлерінің генефондысын, олардың қауымдастықтарындағы сандары ұрпақтарынан сақталатындай деңгейде болуы үшін қамқорлық пен қорғауға шақыратын Бүкіләлемдік табиғат Хартиясын алған болатын. Демек, туған табиғатымыздың тірі асыл мұрасы, оның генефондысы болмақ. Осы тірі мұрамыздың биосферадағы экологиялық жағдайы тұрақты дамуы үшін 1992 жылы Рио-де-Жанейрода Декларациясының 41 қағидасын (принципі) жарияланды. Бұнда, Бүкіләлемдік тұрақты даму БҰҰ-ң ұйымдастыруы мен әлемдік 136 елдері экологтарының басқосқан үлкен ғылыми конференциясы болып өтті. Осы қағидалардың 27-і мемлекеттер мен табиғат арасындағы қатынасқа тікелей байланысты болды. Бұдан туындайтын негізгі ұғым Бүкіладамзат қоғамы, биосферадағы биологиялық көптүрлілікті сақтауға және қорғауға міндетті болды.
1. Батыс Қазақстан облысының табиғат жағдайына қысқаша сипаттама
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Ресупбликасының қиыр солтүстік-батысында орналасқан. Орал тауынан бастау алатын Орал (Жайық) өзенінің 1200 км.жуық төменгі (бірқатары ортаңғы) ағысында орналасуынан, осыншама өзен арнасының облыс территориясын солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай екі бөлікке бөліп өтіп, Каспий теңізіне құюы нәтижесінде өлкенің климаттық құбылысына, топырағына, өсімдіктері мен жануарларына белгілі әсері болып келеді.
РЕЛЬЕФІ. Батыс Қазақстан облысы рельефінің айырмашылығы оның тегістік болып келуінде. Облыс бетінің бедері түстік-шығыстан және оңтүстік-батысқа қарай ойпаңдай түсуі. Сөзімізді дәлелдей түсек, географиялық ерекшелігіне қарай бес ірі геоморфологиялық аймаққа (регион) бөлуге болады: 1. Жалпы Сырт. 2.Оралтегі (Подуральское-Эмбенское) үстірті. 3. Сырт алды жарлы биіктік. 4. Каспий ойпаты. 5. Орал өзені ортаңғы және төменгі ағыстарының алабы.
КЛИМАТЫ. Батыс Қазақстан облыс климаты неғұрлым континентальдығымен ерекшеленеді. Дәлірек көңіл аударсақ солтүстіктен- батысқа қарай, оңтүстіктен- шығысқа қарай бұл ерекшелік үдей түседі.
ГИДРОГРАФИСЫ. Облыстың территориясында 200 астам өзендер бар.
ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫ. Облыстың территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай төрт жүз шақырымнан астам созылып жатқандықтан, әрі осы бағытта жер бедерінің, климатының және өсімдік дүниесінің әркелкілігі оның топырақ қабатының таралуына әсерін тигізіп отырады.
Оңтүстік қара топырақ зонасы облыста Жалпы Сырттың тегістеу суайрықтарында қалыптасқан.
Қызғылт топырақ – қоңыр және ашық қызғылт топырақтардың арасында орналасқан. Оның алып жатқан көлемі 934 мың.гектар. бұл топырақтың құрлымы жеңіл-құм, құмайт және аллювийлі саздақтан тұрады. Шөп жамылғысында ақселеулі-бозды түрі басым. Қарашірік қабатының қалыңдығы 40 см.шамасындай, органикалық құнарлы бөлігі 1,5-2,5%. Осы қызғылт топырақ Батыс Қазақстан облысында Сырт алды жазықтары мен Шыңғырлау – Шалқар суайрығында таралған.
ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АУДАНДАРЫ. Батыс Қазақстан облысының территориясы 5 физикалық-географиялық аудандарға бөлуге болады:
2. Батыс қазақстан облысы омыртқалы жануарларының зерттелуінен қысқаша әдеби шолу
Батыс Қазақстан облысы (БҚО), Қазақстан Республикасының батысында, Орал (Жайық) өзенінің төменгі, едәуір ортаңғы ағыстары бөлігінің екі бетінде орналасқан. Жер көлемі жағынан Батыс қазақстан облысы республика бойынша 6-шы орын алады.
Қазақ елінің ұлан-байтақ территориясының едәуір бөлігін құрайтын Батыс Қазақстан облысын ел арасында Ақжайық өңірі деп те атайды.
Қазақ халқы өзінің өмір кешіп, кіндік қаны тамған туған өлке табиғат кеңістігі - ұлы даласы мен ерте заманнан бері сырласып келген. Дала үсті биологиялық және географиялық обьектілерді сол жердің көзге түсерлік ерекшеліктері мен атаған.
Орал өзені бассейініндегі балықтардың ихтиофаунасын зерттеуде, ең алды мен бекіре тұқымдастар туралы ауқымды істерді 1961-1991 жылдар аралығында атқарып келген Бүкілодақтық бекіретұқымдас шаруашылықтың орталық ғылыми зерттеу институты-ББШОҒЗИ («ЦНИОРХ») Орал-Каспий бөлімшесі Н.Е.Песепиди болды [22,23,24,25,26,27,28].
Өлкелік ихтиофауна (балықтар фаунасы) саны мен сапасының жақсаруында түсімді балықтарды жерсіндіру (акклиматизация) тәсілінің маңызы болған, егер қоректік бәсекелестік, табиғи құбылыстық заңдылығына қарсыластығы болмаса. Осы жағынан Орал тоған шаруашылығы қалыптасқан кезінде оңтүстік шығыс өзендерінен (Амур өзені, Қытай елінен) әкеліп, Түрікмения, Өзбекстан табиғатына жерсіндірілгеннен кейін дернәсіл күйінде Орал тоғанында өсіріліп бір жаздық шабақ (сеголетка), біржастық шабақ (годовик), екі жаздық шабақ (двухлетка) күйінде Жайық өзеніне 1969-1970 жылдары (10,15 мыңдап) жіберудің нәтижесінде 2000 ж.бері Ақдөңмаңдай (кәдімгі, немесе ақ дөңқабақ деп те аталады, кейде-толстолобик белый, обыкновенной) Ақжайығымыздың төменгі ағысына бауыр басқанын байқатып келеді [49,50,51,52].
Қ О С М Е К Е Н Д І Л Е Р
Жалпы жер беті омыртқалы жануарлар тарихында қосмекенділердің (ATPHIBIA) алатын айырықша орны бар. Десекте, олар жербеті төртаяқтылары (Tetrapoda) ішінде ең аз зерттелген тобына жатады. Көп жағдайда зерттеушілердің назары адамның кәсіби, шаруашылық қажеттілігіне орай, әдетте өндіріске пайдалы жануарларды алып отырғанда, ал басқа кәсіби аз маңызы болатындарына көңіл адарылмай, немесе аз көңіл аударылып келген. Осы жағынан келгенде қосмекенділер құстар мен сүтқоректілерге бәсеке бола алмайтыны ақиқат. Дейтұрғанмен, бақаның етін (әсіресе артқы сан еттері) көптеген елдерде деликатеске санап келеді. Осы жағынан болса керек, күні бүгінге дейін Қытай, Еуропа және Солтүстік Америка елдері бақалардың жүздеген миллиондарын жылсайын кәсіби аулау мен өндіріп келеді. Қосмекнділердің соңғы кездегі биологиясын (экологиясын) зерттеулерді деректерінің шалуынан пікір білдірсек, кәсіби қолданылуы кеңи түсуде, әсіресе ғылыми зертханалық мен оқу жүйесіндегі пайдалануы бұрынғыдан да (ХХғ) жаңа қарқынмен дамуда. Салқынқандылар ішіндежалпы жаратылыстану (биология) ғылымдарына қосқан үлесі ерекше.
СҮТҚОРЕКТІЛЕР КЛАСЫ НЕМЕСЕ АҢДАР – МАММАLIA LINNAEUS, 1758
Cүт қоректілер – омыртқалы жануарлар дамуының ең жоғары сатыдағы класы. Олардың дене мөлшері де әр алуан. Ең кішкентай көптісті жертесердің (Suncus etrus Savi) дене тұрқы 38-45 мм, салмағы 1,2-1,7 г болса, ең ірі хайуанат-көк киттің (Balaenoptera musculus L.) денесінің ұзындығы 33 метрге, салмағы 120 тоннаға дейін жетеді. Сүтқоректілердің формасы да әртүрлі. Су жануарлары – киттер балық формасында болса, ұшуға бейімделген жарқанаттардың алдыңғы аяқтары ұшу жарғағына айналғандықтан құстар сияқты самғайды. Десе де, көптеген аңдар денесінің негізгі формасы – салмағы төрт аяқтарына түсетін денесі жер бетінен көтеріңкі. Денесі жүнді терімен жабылған. Кейбір түрлерінде терідегі жүн инеге, қабыршаққа немесе қылтанаққа айналған. Терілері әртүрлі бездерге (сүт, тері, май және т.б.) бай. әсіресе, жалпы сүтқоректілерге тән ерекшелік балаларын қоректендіруге арналған сүт бөлетін бездерінің болуы.
НАСЕКОМЖЕГІШТЕР ОТРЯДЫ – INSECTIVORA BOWDICH, 1821
Бұл отрядқа жататын аңдар – шағын және орта мөлшерлі қарапайым сүтқоректілер. Сына тәрізді болып келген кішкене бастары етті тұмсықпен жалғасады. Аяқтары төрт немесе бессаусақты; барлық саусақтарында тырнақтары бар. Насекомжегіштердің көптеген түрлерінің денесіндегі қоңыр түсті жүндері үлпілдек жұмсақ болса, ал кейбіреулерінде – ине тәрізді тікенекті келеді. Денесінде май, қарапайым тері және басқа да арнаулы бездері, 2 ден 12-ге дейін емшектері болады (Соколов, 1973)
Тістері онша жекеленіп, бөлінбеген. Ит тістері күрек және азу тістерінен айырыла қоймаған.
КІРПІЛЕР ТҮҚЫМДАСЫ- ERINACEIDAE FISCHER VON WALDHEIM, 1817
Бұл тұқымдасқа, дене пішіні ерекше, орта мөлшерлі аңдар жатады. Олардың терісі астында денесін шар тә-різді қалыпқа келтіретін еттері болады. Сына тәрізді келген бастары-етті тұмсықпен жалғасады. Арқасы мен буйірлері тікенекті инемен, денесінің басқа бөлімдері жұмсақ жүнмен қапталған; аяқтары мен күнрықтары шолак.
І-сурет. Кәдімгі (1) және қара (2) кірпілердің, Алтай көртышқаны-
ның (3), орташа жертесердің (4), кіші (5) және Бұқар (6) тағатұм-
сықты жарқанаттарының Қазакстанда таралуы (келесі суреттерде
де аңдардың республикамызда таралуы көрсетілген).
Әсіресе, жапыракты ормандарда, бұталар арасында, езен, көл жағаларында, шабындық арасын мекендеуді ұнатады. Қоныстарында тұрақты тіршілік етеді. Тас арасында, бұталар ішінен, ағаштар қуысында ұя жасап, кейде ін қазып өмір сүреді.
2-сурет. Құлақты кірпі.
Ауыл-село маңын көбірек мекендейді. Тауға 800—1000 м биіктікке дейін көтеріледі. Көбіне індерде тұрады. Тамақ іздеуге қараңғы түсе шығады да, түн бойы қозғалыста болады. Құлақты кірпі - тамақ талғамайтын аң. Негізгі қоректері - насекомдар (қоңыздар, шегірткелер және т.б.). Сондай-ақ ұсақ омыртқалы жануарлар мен өсімдіктерді де азық етеді. Бір түнде әр кірпі 200-250 г ет жейді. Күзге қарай жаксы семіріп, қазан айында қысқы ұйкыға кетеді. Одан наурыз айының аяғында немесе сәуір айында оянып, өніп-өсуге кіріседі. Қазақстан жерімде бұл кірпі жылына бір рет көбеюге қатысып, 3-тен 9-ға дейін өсім береді.
ЖҰПАР ТЫШҚАН ТУЫСЫ - DESMANA GULDENSTAEDT, 1777
Жұпар – Desmana moschata Linnaeus, 1758
Сыртқы пішіні. Орта мөлшері насекомжегіш. Дене тұрқы 180-226 мм, салмағы 320-480 г. Дене құрылысы суда тіршілік етуге бейімделген. Құлақ қалқаны болмайды. Түймедей сығырайған көзі өте кішкентай. Сүйірлене келген басы етті тұмсықпен жалғасады. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда 2 еседей үлкен; башайларының арасында жүзу жарғақтары бар. Терісінің жүні жылтыр, жібектей жұмсақ, түсі сұр немесе бурыл күміс тәрізді болады. Құйрығының астыңғы жағында тері безі орналасқан. Осы безден хош иісті зат бөлінеді. Бұл аңның жұпар атануы да осыған байланысты. міне осындай пішіндегі жұпарды басқа аңдармен шатастыру мүмкін емес.
3-сурет. Тяньшань (1), тундра (2) жертесерлері және жұпар (3).
Б и о л о г и я с ы. Жартылай суда өмір сүретін хайуан. Жағасында, қамыс, кұрак, әртүрлі ағаштар өскен өзен, көлдер - бұл аңның негізі мекендері. Су жағасынан ін қазып, сонда тұрады. Оның аузы су астында ашылады. Жұпарлардың тіршілігіне көбіне тереңдігі 1,5— 2 м болатын сулар қолайлы, өйткені бұл өзен, көлдер қыс айларында. түбіне дейін қатып калмайды. Бір інде ересек аңдармен бірге олардың ұрпақтары қыстап шығады. Көктемде жас жұпарлар өздеріне қоныс іздеп, тауып, сонда ауысады.
ЖЕРТЕСЕРЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ – SORICDAE FISCHER VON
WALDHEIM, 1817
Насекомжегіштердің ішіндегі майдалары, дене тұрқы 18 см-ден аспайды. Оған сүткоректілердің салмағы 1,4-4,5 г ғана келетін ең кішкентай өкілдері - көптісті және ергежейлі жертесерлер де жатады. Денесі сопақша, аяқтары қысқа. Басы денесіне карағанда өте үлкен, көзі кішкентай, ұзынша келген етті тұмсығы болады, Құлақ қалқандары ерекше құрылысты - ішкі жағы қалта тәрізді қатпарлы. Мұрттары ұзын. Терісінің, жүні денесінде біркелкі орналасқан, жұмсак, кез-келген бағытта жата береді. Түгі қоңыр, сұр және қара түсті. Қүйрығы жан-жағына қарай тікірейіп тұрған түктермен жамылған (ақтісті жертесерлер), кейбіреулерінде мұндай түктер болмайды (жертесерлер), оның орнында құйрықтың астында ұзына бойы созылып жатқан осындай түктерден тұратын жолақша болады (су жертесері).
ЖЕРТЕСЕРЛЕР ТУЫСЫ - SОRЕХ LІNNАЕUS, 1758
Кәдімгі жертесер — Sогех агапеиs Liппаеиs, 1758
С ы р т қ ы п і ш і н і. Дене тұркы 60-83 мм, салмағы 7,5-15,2 г. Жасына байланысты арқа, бауыр, бүйір жақтарының түсі өзгеріп отырады. Басқа жертесерлер-ден ерекшелігі-денесі ірі, тері жамылғысы 3 түсті: арқа, бүйір және бауыр жақтарының реңі бір-бірінен анық бөлінеді.
Т а р а л у ы мен сан мөлшері. Скандинавия түбегі, Франция мен Италия жерлерінен бастап, Батыс, Сібір мен Алтайға дейін тараған (Гуреев, 1979). Қазақ-станда солтүстік облыстарда, Орталық және Шығыс Қазақстанның солтүстік аймақтарында кездеседі (4-сурет). Сан мөлшері мекендейтін аудандарына және ауа райына байланысты жылма-жыл өзгеріп отырады. Тәулігіне 100 аулау құралына бір ауданда 5-ке дейін, ал ауа-райы қолайлы болғанда сол мекеннен 70-ке дейіи жертесер ұс-талады.
4.-сурет. Қәдімгі жертесер (1) және үлкен тағатұмсықты жарканат (2)
Биологиясы. Орманды, орманды-бұталы және су жағаларындағы биік және су жағаларындағы биік шөптесін есімдіктер өскен ылғалды жерлерде мекендейді. Күз, қыс айларында тұрғын үйлер мен қора-қопсыларда да қоныстанады. Отырықшы. Жазда тұрақты баспанасы болмайды; кез келген жерді паналай береді. Ұрғашылары туатын кезде және күз түсіп, күн суытқанда әр жертесер бір-бірінен 3-20 м қашықтықта орналасқан, жылы ұясы бар 3-тен 7-ге дейін баспана жасап, оларды алма-кезек пайдаланады.
ҚОЛҚАНАТТЫЛАР ОТРЯДЫ НЕМЕСЕ ЖАРҚАНАТТАР – CHIROPTERA BLUMENBACH, 1779
Қолқанаттылар Арктика мен Антарктика құрылықтарынан басқа жерлерде кеңінен тараған. әуеде ұшып тіршілік етуге бірден-бір бейімделген сүтқоректілердің өкілдері. Алдыңғы аяқтары ұшу қанатына айналған. Артқы аяқтары ерекше құрылысты: тізелері орала біткен, сол себепті үлкен саусағы артқа, кішісі – ішкі жағында орналасқан. Денесі жалпақ, төсінде бұлшық еттер бекінетін қыр сүйегі болады. Бұғана сүйектері жақсы жетілген, жауырыны-жалпақ.
Тоған жарқанаты – Муоtis dasycneme Bole, 1825
С ы р т қ ы п і ш і н і. Дене тұрқы 51-73 мм, салмағы 15-22,5 г. Арқасы бозғылт сұр, қара қоңыр. Құлақ қалқанының ішіндегі түймесі қысқалау, ұзындығы құлағының жартысындай. Су қоймаларының үстінде өте төмен ұшып, жемін аулайды.
Су жарқанаты – Myotis daubentoni Kuhl, 1819
С ы р т қ ы п і ш і н і. Дене тұрқы 47 мм, қары сүйегінің ұзындығы 37,7-39,4 мм. Арқасы көкшіл сұр, бауыры сұр түсті. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқанының түсі – көкшіл. Құлақ қалқанындағы түйме кішкентай. Тепкісінде тері өсіндісі болмайды. Су қоймаларының үстімен өте төмен ұшып, ұшу бағытын жиі әрі шапшаң өзгертіп, жемін ұстайды.
Мұртты жарқанат – Myotis mystacinus Kuhl, 1819
С ы р т қ ы п і ш і н і. Дене тұрқы 40-49 мм, салмағы 4,5-8,9 г. Қолдың қары сүйегінің ұзындығы 32-36 мм. Жүннің түсі арқа жағында ақшыл, сарғыш, бауыры ақ немесе ақшыл сұр. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқанының түсі – қоңыр, көкшіл сұр. Басқа жарқанаттардан ерекшелігі – дене мөлшері кіші, ұшуы шапшаң, ықшам, айқыш-ұйқыш қалықтап ұшады.
ҚҰЛАҚТЫ ЖАРҚАНАТТАР ТУЫСЫ – PLECOTUS E.GEOFFROV, 1818
Қоңырқұлақты жарқанат - Plecotus auritus Linnaeus, 1758
С ы р т қ ы п і ш і н і. Дене тұрқы 42-49 мм, қолдың қары сүйегінің ұзындығы 39-43,3 мм. Құлақ қалқаны үлкен. Желкесінің екі бүйірінде қызғылт дағы бар. Танау тесіктерінің үсті жүн басып ісік тәрізді көмпиген. Көздерінің алдында ұзын мұртшалар өскен сүйел тәрізді қос төмпешік бар. Арқа түсі қоңыр немесе көкшіл, бауыры-құм түстес сарғыш. Бұлар мекендейтін жерлерде құлақты жарқанаттардың басқа өкілдері кездеспейді.
КЕШКІ ЖАРҚАНАТТАР ТУЫСЫ – NYCTALUS BOWDICH, 1825
Кіші кешкі жарқанаттар туысы- Nyctalus leisleri Kuhl, 1819
С ы р т қ ы п і ш і н і. Дене тұрқы 58-72 мм, салмағы 16 г. Қолдың қары сүйегінің ұзындығы 42-46 мм. Жүні қалың әрі ұзын. Арқасындағы түктері 2 түсті: ұшы көкшіл, қоңыр, түбі-қаралау, бауыры ақшыл. Қанаты ұзын әрі жіңішке, ұшу жарғағы қара сұр.
Қызғылт жарқанат – Nyctalus noclula Schreber, 1775
С ы р т қ ы п і ш і н і. Дене тұрқы 70-79,3 мм, салмағы 19-47 г. Қолдың қарының ұзындығы 52-59,9 мм. Денесі бір түстес қысқа жүнмен жабылған. Арқасы ашық қызғылттан бастап қою қызыл түске дейін боялған, бауыры-ашықтау. Құлақ түймесі түйреіш тәрізді, ұшу жарғағы- қара қоңыр. Қанаты енсіз әрі ұзын. Өте шапшаң тұра ұшады; ұшып жүріп адам құлағы қабылдайтын дыбыс шығарады. Қуыс, шатырлардағы жарқанаттарды шығаратын дыбысы арқылы басқа қолқанаттылардан оңай айыуға болады.
Т а р а л у ы м е н с а н м ө л ш е р і. Англия мен Мароккодан бастап Жапония мен Тайваньға дейінгі аралықта тараған. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысында Қаратаудан Алтайға дейін кездеседі. Сол сияқты республикамыздың батыс аудандарында бірен-саран жерлерден ұсталған. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста сан мөлшері біршама.
Б и о л о г и я с ы.
Тоғай жарқанаты – Pipistrellus nathusii Keyserling et Blasius, 1839
С ы р т қ ы п і ш і н і. Дене тұрқы 42-48 мм, қолдың қары сүйегінің ұзындығы 33-36 мм. Арқасы біртүстес қара қоңыр, бауыры қызғылт сұр. Ұшу жарғағы қоңыр қара. Қанаты сүйір. Тепкіріндегі тері өсіндісі жақсы дамыған және көлденең орналасқан қалқаны болады. Құлақ түймесі ортасына қарай жуандаған сәл ғана үлкендеу.
Т а р а л у ы м е н с а н м ө л ш е р і.
Жерорта теңізі жарқанаты-Pipistrellus kuhl, 1819
С ы р т қ ы п і ш і н і. Дене тұрқы 40-55 мм, салмағы 6,6-9,1 г. Қолдың қары сүйегінің ұзындығы 34-37 мм. Арқа түсі бозғылт, сарғыш, бауыры-ақшыл. Түктерінің түбі қара қоңыр. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқаны қара көк.
Кәдімгі жарқанат – Ерtesicus serotinus Schreber, 1775.
С ы р т қ ы п і ш і н і. Қазақстанда мекендейтін жарғақты қолқанаттылардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 60-75 мм, салмағы 13-31 г, қолдың қары сүйегінің ұзындығы 45,3-55 мм. Құлағы әрі биік, әрі жалпақ. Арқасы сұрлау, бауыры ақшыл сұр. Үлкен топ құрып тіршілік етеді. Қанаттары жалпақ, асықпай қанаттарын жай қағып ұшады.
ҚОСТҮСТІ ЖАРҚАНАТТАР ТУЫСЫ – VESPERTILIO LINNAEUS, 1758
Қос түсті жарқанат - Vespertilio murinus Linnaeus, 1758
С ы р т қ ы п і ш і н і. Дене тұрқы 50-60 мм, салмағы 8,2-17,9 г. Қолдың қары ұзындығы 42-46 мм. Арқасы өте жұмсақ, сәл бұйраланған, түбі қара, қызғылт қылшықтары бар, қоңыр түсті, ұшының ақшылдығы бірден байқалады, бауыры ақшыл. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқаны – қара қоңыр. Құйрық жарғағының түбін жүн басқан.
КЕМІРГІШТЕР ОТРЯДЫ -RODENTIA BOWDICH, 1821
Дене турқылары кіші және орташа келген сүтқоректілер. Дене формалары да әр алуан. Аяқтары бес сау-сақты, сирегірек төрт және үш саусақты; денелерінде жүндері жақсы жетілген. Әдетте бұғанасы бар. Тістері - азу және күрек тістері болып бөлінген. Ит тістері жоқ. Күрек тістерінің тамыры болмайды да, олар үнемі өсіп отырады. Жатыны екі тармақты.
САРШҰНАҚТАР ТУЫСЫ – CITELLUS OKEN, 1816
Ұзынқұйрық саршұнақ– Citellus undulatus Pallas, 1778
С ы р т қ ы п і ш і н і. Зорманнан сәл кішілеу, дене тұрқы 220-280, құйрығының ұзындығы 110-133 мм, салмағы 200-420 г келген кеміргіш. Басқа саршұнақтарға қарағанда құйрығы үлпілдек жүндес, ұзын. әр маусымға байланысты жүнінің түсі әртүрлі. Қысқы жүні ақшыл сұр болса, жазғы жүні көгілдір күрең, ақшыл түсті болады.
Кіші саршұнақ – Citellus pygmaeus Pallas, 1778
С ы р т қ ы п і ш і н і. Саршұнақтардың ішіндегі ең кішкенесі. Дене тұрқы 17,0-21,0 см, салмағы 300-400 г, құйрығы қысқа (3-4 см). реңі сұр, арқасында теңбілдерә бар; бауыры ақшыл-сары.
Т а р а л у ы м е н с а н м ө л ш е р і. Европада Днепрден бастап, Қара теңіз бен Кавказ тауларына дейін таралған. Қазақстанда Атырау, батыс қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Торғай, Жезқазған, қарағанды облыстарында кездеседі (20-сурет).
Зорман — Citellus fuluus Lichtenstein, 1823
С ы р т қ ы п і ш і н і. Саршұнақтардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 23,0-37,0 см, салмағы 700-1600 г. Реңі арқасыыда құм түстес сары қара қылшықты қоңырлау болып келеді, бауыры ашық сарғылт. Таралу аймағына қарай зорманның дене мөлшері де өзгеріп отырады. Ірі орман оның таралу аймағының солтүстік бөлігінде, ал ұсақ өкілдері республикамыздың оңтүстік және оңүстік-шығыс бөлігінде таралған.
Балпақ - Citellus major Pallas, 1778
Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 250-340 см. Арқасынық түсі сары сұрлау, сұр қоңырлау келеді. Көзінің үсті мен астында қоңыр теңбілдері бар.
Таралуы мен сан мөлшері. Ресей территориясында, Қазақстанда таралған. Республикамызда ол Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Ақмола облыстарында мекендейді (22-сурет). Қоныстанатын аудандарда оның саны да әртүрлі. Әсіресе, Жайық, Елек, Барбастау өзендерінің алқабында бір гектар жерде 6- 8, ал Ақтөбе облысында 12-18 балпақтан кездеседі.
Биологиясы.
СУЫРЛАР ТУЫСЫ — MARMOTA BLUMENBACH, 1779
Дала суыры — Marmtia bobas Muller, 1776
С ы р т к ы п і ш і н і. Ірі суырлардың бірі. Дене тұрқы 45,5-57,0 см, салмағы денесінде майдың жиналуына карай әртүрлі - 2,5 кг-нан 6,5 кг-ға дейін жетеді. Арқа жүнінің реңі құм тәріздес сарғылттау, қыр арқасы қара немесе қара бурыл қылшықты, жүні жұмсақтау болып келеді.
Т а р а л у ы м е н сан мөлшері.
23-сурет. Дала (1) суыры және сұр (2) суыр.
Қостанай облысы территориясында 16 мың, Торғай облысында 130 мыңдай суыр бар. 750-800 мыңдай Ақмола және Қарағанды облыстарынын, жерінде тіршілік етеді. Қазіргі кезде Қазақстанда дала суырының қоры шамамен бір миллиондай деп есептелінеді. Әрине, бұл бағалы аңның соңғы жылдары саны азайып кетті. Басты себебі тың және тыңайған жерлерді игеру және браконьерліктің етек алуы.
ҚАМШАТТАР ТҮҚЫМДАСЫ — CASTORIDAE HEMPRICH, 1820
Бұл тұқымдасқа дене құрылымы ерекше, салмағы 30 кг-ға жететін, жартылай суда тіршілік етуге бейімделген кеміргіштер жатады.
ҚАМШАТТАР ТУЫСЫ - CASTOR LINNAEUS, 1758
Қамшат — Castor fiber Linnaeus, 1758
Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 110-120см, құйрығы 28 см, салмағы 18-26 кг. Кейде ірілерінің салмағы 30 килограмға жетеді. Дене пішіні жұмырланып келген. Басы дөңгелек, үлкен, құлақ қалқаны кіші, жүннің арасынан көрінбейді. Көздері кішкене. Құйрығы сулы ортада тіршілік етуге бейімделген.
Таралуы мен сан мөлшері.
ТЫШҚАНДАР ТҰҚЫМДАСЫ - SMINTHIDAE BRAND,1855
Бұл туқымдасқа жататын кеміргіштердің кұйрығы, денесінен әлде қайда ұзын. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан сәл ғана ұзындау. Аздап тістерінде өзіндік ерекшеліктері бар.
ТЫШҚАНДАР ТУЫСЫ - SICISTA GRAY, 1827
Дала тышқаны — Sicista subtilis Pallas, 1773
С ы р т к ы п і ш і н і. Дене тұрқы 59—72 мм, құйрығының ұзындығы 67—82 мм. Арқасының жүні қызғылт түсті; онда желкеден құйрығына дейін созылып жатқан қара жолағы бар. Бауыры сұрғылт, ақ (29-сурет).
ҚОСАЯҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ — DIPODIDAE WATERHOUSE, І842
Бұл тұқымдаска артқы аяқтары ұзын, секіріп жүруге бейімделген майда не орташа денелі кеміргіштер жатады. Дене тұрқы 4,0-26,0, құйрығының ұзындығы 7,0-31,0 см. Жай қозғалғанда 4 аяғын тең басса, жылдам жүргенде тек артқы аяқтарымен секіреді.
ҚОСАЯҚТАР ТУЫСЫ - ALLACTAGA F. CUVIER, 1836
Үлкен қосаяқ — Atlactaga jaculus ■Pallas, 11778
С ы р т қ ы п і ш і н і. Қосаяқтардың ішіндегі ең үлкені. Дене тұрқы 17,4—22,0 см, кұйрығының ұзындығы 23,9 — 29,2 см. Түсі - мекендейтін жеріне байланысты ақшыл сарыдан құм түстес сұрғылт, бауыры – ақ.
32-сурет. Үлкен (1) жэне Северцов (2) косаяқтары.
Сан мөлшері әртүрлі. Арал өңіріндегі Қарақұмда бір гектарда бір ғана косаяқ кездессе (Лобачев және басқалары, 1972), терістікте 5 - 6 (Әлімбаев, 1968), Оңтүстік Балқаш өңірінде 8-ге дейін бұл кеміргіш ұшырасады (Мазин, 1973).
Б и о л о г и я с ы. Түрлі-түрлі жерлерде - терістіктегі жазық даладан оңтүстіктегі шөлді тақырлы жерлерде ін қазып, жеке-жеке мекендейді.
Секіргіш қосаяқ — Allactaga sibirica Forster, 1778
С ы р т к ы п і ш і н і. Дене тұрқы 12,7-15,8, құйрығының ұзындығы 19,0 - 25,0 мм. Үлкен және Северцъв қосаяқтарынан ерекшелігі - дене мөлшері кіші және құйрығындағы қара түсті «желпуіштің» алдында ені -3,0 см болатын ақ «сақина» болады. Бессаусақты артқы аяқтарының табаны түктермен көмкеріліп, сазды-тасты жерлерде жүруге бейімделген.
33-сурет. Секіргіш косаяқ.
Б и о л о г и я с ы. Қатты топырақты, тасты, сазды жерлерде жеке-жеке ін қазып, тұрақты мекендейді. Баспанасы сыртынан қарағанда үлкен қосаяқтыц ініне ұксас, бірақ мөлшері кіші; ал ұсақ қосаяқтардан ерекшелігі - інге кіру тесігінің формасы сопақша.
ТІҚҚҰЛАҚТЫ ҚОСАЯҚТУЫСЫ-ALACTAGULUS NEHRING, 1897
ТІкқұлак; қосаяқ — Alactaqulus acantion Pallas, 1778
С ы р т қ ы п і ш і н і. Дене тұрқы 8,5 —13,2, қүйрығының ұзындығы 11,4 - 16,2 см. Кіші қосаяққа ұқсас, бірақ одан айырмашылығы «желпуіші» нашар жетілген, қүлақ қалқаны кішкентай. Денесінің түсі құм тәрізді сарғыш, бірақ кылшықтарының ұшы қаралау (35-сурет). Кіші қосаяққа қарағанда асықпай, баяу қозғалады.
МАЙҚҰЙРЫҚ ҚОСАЯКТАР ТУЫСЫ -PYGERETHMUS GLOGER,1841
Майқұйрық қосаяқ — Pygerethmus platyuras Lichtenstein, 1823
C ы р т қ ы п і ш і н і. Дене турқы 7,5 — 11,2, күйры-тының үзындығы 6,4 — 9,4 см. Бессаусақты қосаяқ-тардың ішіндегі ең кішкентайы. Қүйрыгы ерекше фор-малы: түбІ мен үшы жіңішке, орта бөлзмі май жинала-тындықтан өте жуан (сондықтан да майқуйрық қос-аяқ деп аталады).
КӨРТЫШҚАНДАР ТУЫСЫ – SPALAX GULDENSTAEDT, 1770
Алып көртышқан – Spalax giganteus Nehring, 1898
С ы р т қ ы п і ш і н і. Дене тұрқы 24,0-30,0; құйрығының ұзындығы 0,6-0,8 см. дене пішіні ұршық тәрізді, мойыны қысқа, басы жалпақ, көзі және құлақ қалқаны жоқ, жер астында тіршілік етуге бейімделген кеміргіш. Күрек тістері өте жақсы жетілген; олардың түсі ересектерінде сары, жастарында – ақ. Кәдімгі соқыртышқаннан ерекшелігі – жер бетіне шығаратын топырақ үймелерінің көлемі үлкен (диаметрі 32-120, биіктігі 10-50 см)
Т а р а л у ы м е н с а н м ө л ш е р і.
ҚАПТЕСЕРЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ - MURIDAE JLLIGER, 1811
Дене мөлшер әртүрлІ кеміргіштер. Тұқымдастын, кейбір түрлерінде артқы аяқтары алдыңғыларына карағанда сәл үзынырақ келеді. Қүйрықтары үзын. Денесі жұмсақ жүнмен жабылған; онық түсі көбіне қоңыр сүр болады.
НАҒЫЗ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАР ТУЫСЫ — RATTUS FISCHER, І802
Сүр егсуқұйрык, — Raiius norvegicus Berkenhout, 1769
С ы р т к ы п і ш і н і. Дене тұрқы 15,4-27,5; қүйрығының ұзындығы 14,1 -19,5 см. Салмағы 520 кг-ға дейін жететін Қазакстанда мекендейтін тышқан тәрізділердің ішіндегі ең ірісі. Атына сай түсі - сұр.
ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ҚАПТЕСЕРЛЕРІ ТУЫСЫ -APODEMUS KAUP, 1829
Дала қаптесері — Apodemus agrarius Pallas, 1778
Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 91-117, құйрығының ұзындығы 63-99 мм, салмағы - 27-44 г. Арқасындағы жүннің түсі сұрғылт қызылдау, ұзына бойына созылып жатқан қара жолағы бар (42-сурет). Шапшаң қимылдайды.
42-сурет. Дала қаптесері.
Т а р а л у ы м е н с а н м ө л ш е р і. Ылғалды жерді мекендейді. Оның таралуы Европаны түгел қамтиды. Біздің өңірде Солтүстік және Шығыс Қазақстанда таралған (43-сурет). Оңтүстікте Іле Алатауының етектерінде көбірек, ал қалған қоныстарда сиректеу ұшырасады.
Орман қаптесері - Apodemus sylvaiicus Linnaeus, 1758
С ы р т к ы п і ш і н і. Дене түрқы 82-115 мм, қүйрығының ұзындығы 68-96 мм, салмағы 16-28 г. Сырт қарағанда құлағы мен көзі үлкен болып көрінеді. Арқа жоны жирен сары немесе қоңырлау, арқасында қара жолағы жоқ, бауыры- ақшылдау.
44-сурет. Орман (1) және кішкентай (2) қаптесерлер.
Б и о л о г и я с ы. Бұталы жерлерді, орманда, шабындықтарда мекендейді. Қоныстарында тұрақты тіршілік етеді. Інін бұталар мен ағаштардың арасынан қазады. Кейде індері түбірлер мен тастар астынан да ұшырасады. Орман тышқаны азық іздеуге қараңғы түсе шығады. Негізінен барлық ағаштардың, бұталардың тұқымымен және насекомдармен қоректенеді. Қысқы үйқыға кетпейді. Өніп-өсуі сәуірдің бірінші онкүндігінде басталады. Ұрғашы қаптесер 4 - 10-ға дейін бала туады.
КІШКЕНТАЙ ҚАПТЕСЕРЛЕР ТУЫСЫ - MICROMYS DEHNE, 1841
Кішкентай қаптесер — Micromys minutus Pallas, 1771
С ы р т к ы п і ш і н і. Дене тұрқы 54,5-66,0 мм, құйрығының ұзындығы 51,8-60,0 мм, салмағы 6,5-9,9 г. Арқа жүнінің түсі қызғылт сары, кейде қоңыр, бауыры - ақ немесе жылтыр сұр.
АЛАМАН ТУЫСЫ - CRICETUS LESCE, 1779
Аламан — Cricetus cricetus Linnaeus, 1758
Сыртқы п і ш і н і. Ел ішінде бұл кеміргішті алақоржын деп те атайды. Дене тұрқы 239-280 мм, салмағы 312-536 г. Арқасының жүні қызыл қоңыр, жауырыны ақ дақты, бауырының жүні - қара.
ЭВЕРСМАН ДТЖАЛМЛНЫ ТУЫСЫ — ALLOCRICETULUS ARGYROPULO, 1937
Эверсман атжалманы— Allocricetulus eversmani -Brandt, 1859
С ы р т қ ы п і ш і н і. Дене тұрқы 150 мм, салмағы 95 г. Түсі сарғылт қоңыр, кеудесінде қара теңбілдері бар.
Т а р а л у ы м е н с а н мө л ш е р і. Батыс Моңғолия мен Солтүстік-батыс Қытайда кең таралған. Қазақстанда Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстары шеңберінде кездеседі. Зайсан ойпатында да таралған (48-сурет). Республиканын, батыс бөлігінде құмды жерлерде де ұшырасады. Өлкеміздің көпшілік жерлерінде саны көп.