Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Сайлау технологиялары


Жоспар

1 Сайлау технологиялары 3
1.1 Сайлау технологиялары: түсінік пен мазмұны 3
1.2 Сайлау бірлестіктеріндегі тактикалық технологиялар 4
1.3 Сайлау үрдісіндегі бәсекелестік күрес 6
Әдебиеттер 8

1 Сайлау технологиялары

1.1 Сайлау технологиялары: түсінік пен мазмұны

Сайлау науқанын саяси үрдістің бірі ретінде қарастыратын болсақ, ең біріншіден, сайлау науқанының бастаушылары, яғни басқарудың субъектілері болып табылатындарға «ойын шарттарын» айтуға құқықтары жоқ, басқа сөзбен айтқанда өз объектілеріне қажетті нормаларды құра алмайды. Бірде – бір кандидат немесе сайлау ұйымдары электоралды ұстанымның моделі жөнінде көпшілік қауымға бұйрық шығара алмайды. Екіншіден, басқару субъектісі легитивті жәбір көрсету құқығынан айырылады және потенциалды сайлаушыларға әсер етуге немесе санкция қолдануға құқығы жоқ. Демократиялық қауымда адамдарды күшпен белгілі бір кандидатқа дауыс бергізуге борлмайды. Сондықтан, субъектінің басқару объектісіне тигізетін әсері ерекше болу керек жеке тұлғаның мотивациялық ерекшеліктерін ескере отырып, сайлау науқанының өзекті мазмұны халық қалауына күрес болып табылады.

1.2 Сайлау бірлестіктеріндегі тактикалық технологиялар

Сайлау бірлестіктерінің стратегиялық ойлары тек кандидаттың өзінің нақты жұмыстарында, өзінің жеке командасында және өз еркімен көмектесуші адамдар арқылы ғана жүзеге аса алады. Осы адамдардың іс–әрекеттері арқылы бірлестік бәрімізге таныс бояу алады: жарнамалық өнімнің көпшілікке жайылуы, кандидаттың халық алдында сөз сөйлеуі, көшедегі үгіттеушілердің пайда болуы. Белгілі бір технологияларды таңдап алулары таңдалған тактикаға тәуелді болады, басқа сөзбен айтқанда жұмыстың әдіс–тәсілдері мен жағдайдың дамуына байланысты қызметкерлердің алға қойған мақсаттары арқылы жүзеге асады.

1.3 Сайлау үрдісіндегі бәсекелестік күрес

Қазіргі кезде кандидатқа және оның командасына өзінің сайлау бірлестігін әрқашан сайлаушылардың дауысын алу мақсатында қатаң бәсекелестік күресте сақтауы қажет. Бұл күрес үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
- кандидат атағын және оның бағдарламасын алға қарай ілгерілету;
- қарсыластардың әлсіз жерлерін тауып сынау;
- кандидатты және оның бағдарламасының әлсіз жақтарын қарсыластардан қорғап қалу.
Кез келген сайлау бірлестігінің жұмыс барысында осы үш бағыттың үйлесімділігі жайында туатын сұрақтарды шешуге тура келеді. Сайлау науқанындағы күресті өз бағдарламанды насихаттау арқылы құруға болады. Әдетте бұл бағытты билікке жеткен, белгілі нәтижелер көрсеткен партиялар мен кандидаттар таңдайды. Басты бағыт ретінде қарсыластарды сынау позициясын алуға болады. Бұл бағытты билікке қолы жете алмаған оппозициялық күштер мен кандидаттар таңдайды. Егер сайлау науқанының алдында кандидат атағын шығару, бағдарламаны жарнамалау бағыты, яғни үшінші бағыт таңдалынса, бұл бірлестіктің әлсіздігін көрсетеді.

Әдебиеттер

1 Выдрин Д. И Очерки практической политологии. – Киев. : Луч, 1991. – С. 180.
2 Василенко И. С. Политические переговоры. – М. : Академия, 2006. – С. 380.
3 Гаджиев К. С. Политическая философия. – М. : Политиздат, 1999. – С. 368.
4 Кудинов О. П. Большая книга выборов. – М. : Просвещение, 2003. – С. 240.
5 Поляков Л. В. Основы политического консультирования: теория и практика. – М. : КДУ. Изд-во МГУ, 2004. – С. 135.