Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қылмыстық құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 42 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Сот төрелігіне және жазаларды орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар


Жоспар
1 Сот төрелігіне және жазаларды орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар 3
1.1 Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері 3
1.2 Көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-бап) 5
1.3 Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-бап) 7
1.4 Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе тұтқында ұстау (346-бап) 8
1.5 Жауап беруге мәжбүр ету (347-бап) 9
1.6 Қинау (347-1-бап) 10
1.7 Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (350-бап) 12
1.8 Заң бойынша әділсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары 14
1.8.1 Көрінеу жалған сөз жеткізу (351-бап) 14
1.8.2 Көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару (352-бап) 15
1.8.3 Куәнің немесе жіәбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (353-бап) 17
1.8.4 Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету (355-бап) 18
1.8.5 Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (356-бап) 19
1.8.6 Хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер (357-бап) 20
1.9 Сотталғандар мен басқадай қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын өтейтіндердің жасайтын қылмыстары 22
1.9.1 Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-бап) 22
1.9.2 Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару (359-бап) 24
1.9.3 Қылмыстық атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына кәнігі түрде бағынбау (360-бап) 26
1.9.4 Қоғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу (361-бап) 27
1.10 Сот әділдігіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары 28
1.10.1 Сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау (339-бап) 28
1.10.2 Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу (340-бап) 29
1.10.3 Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-бап) 30
1.10.4 Сотты құрметтемеу (343-бап) 31
1.10.5 Судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жала жабу (343-бап) 32
1.10.6 Айғақтарды бұрмалау (348-бап) 33
1.10.7 Параға немесе коммерциялық сатып алуға арандату (349-бап) 34
1.10.8 Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (354-бап) 35
1.10.9 Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау (362-бап) 36
1.10.10 Қылмысты жасыру (363-бап) 37
1.10.11 Қылмыс туралы хабарламау (364-бап) 39
1.10.12 Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау (365-бап) 40
Әдебиеттер 42

1 Сот төрелігіне және жазаларды орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
1.1 Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Жаңа Қылмыстық кодекстің қабылдауына байланысты бұрыңғы Кодекс бойынша қылмыс болып келген кейбір құрамдар: жер аударылған орыннан, еңбекпен емдеу немесе еңбекпен тәрбиелеу профилакторийінен қашып кету (бұрыңғы Кодекстің 198-бабы), еңбекпен түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторында, тәрбие-еңбек профилакторийлерінде отырған адамдарға тыйым салынған заттарды заңсыз беру (ескі Кодекстің 199-бабының 3-тармағы) қылмыс қатарынан мүлдем шығарылды.

1.2 Көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-бап)
Қылмыстық кодекстің 344-бабында көзделген осы қылмысты жасау азаматтардың конституциялық құқығын өрескел бұзумен бірге, әділсоттылық мүддесіне, жәбірленушінің заңды құқықтары мен бостандықтарына қылмысты қиянат келтіре отырып, заңдылық қағидасының өрескел бұзылуына әкеп соғады. Қылмыстың тікелей объектісі прокуратура, сот, тергеу, анықтама және басқа да осыларға теңестірілген органдардың дұрыс қызметі.

1.3 Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-бап)
Бұл норма Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде жеке құрам ретінде тұңғыш рет көрсетіліп отыр. Бұрыңғы кодекс бойынша мұндай әрекеттер қызмет бабына қиянат жасау ретінде сараланатын еді. Бұл тұрғыдағы қылмыстың қоғамға қауіптілігі орасан, мұндай әрекеттер жауапсыздық сезімін туғызумен бірге, қылмыспен қарсы күрес шараларына кесірін тигізеді, құқық қорғау органы қызметкерлеріне іріткі салып, олардың беделін аяққа басады.

1.4 Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе тұтқында ұстау (346-бап)
Қылмыстық кодекстің 346-бабында екі бірдей қылмыс:
1) көрінеу заңсыз ұстау;
2) көрінеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау үшін жауаптылық белгіленген.

1.5 Жауап беруге мәжбүр ету (347-бап)
Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакті (1966ж.), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы алдын ала тергеу және анықтама жүргізу сатысында күш қолдануға мүлдем тыйым салады. Мұндай әрекеттерді қолданудың өзі қылмыс. Осы қылмыстың объектісі-тергеу немесе алдын ала анықтаушы органның бірқалыпты дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объекті-азаматтардың жеке басына қол сұғушылық.

1.6 Қинау (347-1-бап)
Біріккен Ұлттар Ұйымының 1984 жылғы арнаулы Конвенциясында жауап алуда азаптау тәсілдерін қолдануға тыйым салынған. Қазақстан Республикасы қол қойған азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалаулардың түрлеріне қарсы конвенцияның орындалуы үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде адамды қинап жауап алу амалдарын қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.

1.7 Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (350-бап)
Қылмыстың объектісі-сот жүйелерінің бір қалыпты қызметі, әділсоттылық мүддесі, оның беделі. Қосымша тікелей объект-жәбірленушінің, заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары. Қылмыстың затына-сот үкімі, шешімі немесе өзге де сот актісі (қаулы, қорытынды) жатады. Объективтік жағынан бұл қылмыс тек әрекет арқылы істеледі.

1.8 Заң бойынша әділсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары
1.8.1 Көрінеу жалған сөз жеткізу (351-бап)
Көрінеу жалған сөз жеткізудің қоғамға қауіптілігі сол, мұндай әрекеттер құқық қорғау органдары өмірде анық орын алған қылмыспен күрес жүргізудің орнына оларды жалған хабарлама арқылы, шын мәнінде болмаған іс-әрекеттерді тексеруге, сөйтіп оған қыруар уақытты жоғалтуға әкеп соғады. Мұндай жалған сөз жеткізу жәбірленушінің қайғылы жағдайға душар болуына да әкеп соғады.

1.8.2 Көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару (352-бап)
Мұндай әрекеттер қылмыстық немесе азаматтық істер бойынша шындықты ашуға бөгет келтірумен бірге сот, тергеу немесе алдын ала анықтаушы органдардың дұрыс қызмет атқаруын бұзады. Осыған орай қылмыстың тікелей объектісі-әділ-соттылық мүддесі, ал қосымша тікелей объектісі жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделері болады. Құрылысы жөнінен бұл қылмыс формальдық құрамға жатады және қылмыс объективтік жағынан мынандай әрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:

1.8.3 Куәнің немесе жіәбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (353-бап)
Қылмыстық іс және Азаматтық іс жүргізу кодекстері куәгерге немесе жәбірленушіге сотта немесе алдын ала анықтау жүргізу, сондай-ақ алдын ала тергеу жүргізу кезінде дұрыс жауап беруді міндеттейді. Куәгердің немесе жәбірленушінің шындыққа сай келетін жауабы дәлелдеменің көзі болып табылады.

1.8.4 Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету (355-бап)
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес тергеуші қорғаушыға, куәларға, жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың заңды өкілдеріне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, қалыс адамдарға және тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде қатысқан басқа адамдарға өзінің рұқсатынсыз істелген мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіні туралы ескертеді, бұл туралы аталған адамдардан олардың жауапкершілігін ескерте отырып, қолхат алады.(205-баптың 2-тармағы).

1.8.5 Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (356-бап)
Қазақстан Республикасында соттардың және қылмыстық процеске басқа қатысушылардың тәуелсіздігін нақты жүзеге асыру мақсатымен Қылмыстық кодекске енгізілген бұл баптың басты мақсаты-қылмыстық процеске қатысушылардың және олардың жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі-соттардың әділсоттылықты жүзеге асырудағы бірқалыпты қызметі, сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушылардың, олардың туыстарының қауіпсіздігі.

1.8.6 Хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер (357-бап)
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес егер айыпкер, сезікті қылмыс істеу арқылы мүліктік зиян келтірсе келтірілген зиянның орнын толтыру мақсатымен олардың мүлкі хатталуға, пайдалануға тыйым салынуға немесе иелік етуге шектелуі мүмкін. Қылмыстың объектісі-соттың әділсоттылықты жүзеге асыру және сот үкімін орындау жөніндегі дұрыс қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар.

1.9 Сотталғандар мен басқадай қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын өтейтіндердің жасайтын қылмыстары
1.9.1 Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-бап)
Қылмыстың бұл түрінің қоғамға қауіптілігі орасан. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқыннан немесе қамаудан қащқан адам қылмыстық жауаптылықтан құтылаудан немесе жазаны өтеуден бұлтару мақсатын көздейді. Қылмыстың объектісі-сот және тергеу органдарының, сондай-ақ түзеу мекемелерінің бірқалыпты дұрыс қызметі болып табылады.

1.9.2 Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару (359-бап)
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде бас бостандығынан айырылуға сотталғандарды ерекше жағдайларға (жақын туысының қаза табуы немесе ауыр науқасқа душар болуы, сотталған адамға немесе оның отбасына ауыр табиғи апат салдарынан елеулі материалдық зардап, басқадай ауыр оқиғалар болуына) байланысты қысқа мерзімге түзеу мекемелерінен шығуға рұқсат етілуі мүмкін.

1.9.3 Қылмыстық атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына кәнігі түрде бағынбау (360-бап)
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар қылмыстық-атқару мекемесі-түзеу мекемелерінің режимі белгіленген талаптарды қатаң сақтаулары қажет. Қылмыстық-атқару мекемесінің әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау қылмыс болып табылады. Қылмыстың объектісі-түзеу мекемелерінің бірқалыпты дұрыс қызметі.

1.9.4 Қоғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу (361-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі қоғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін мекемелердің заңды қызметі. Қосымша тікелей объект-бас бостандығынан айыру орнының немесе қамауда ұстау орнының қызметкерлерінің, сондай-ақ түзелу жолына түскен сотталған адамның қауіпсіздігі. Көрсетілген адамдар қылмыстың жәбірленушісі болып табылады.

1.10 Сот әділдігіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары
1.10.1 Сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау (339-бап)
Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол сот төрелігін жүзеге асыруға кез келген түрде кедергі жасау арқылы судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек қана заңға бағыныштылық принципі бұзылып, әділетсіз сот актісін қабылдауға жол ашылады. Қылмыстың тікелей объектісі сот төрелігін дұрыс жүзеге асыру және прокурордың, алдын ала анықтама жүргізуші адамның, тергеушінің қызметі болып табылады.

1.10.2 Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу (340-бап)
Бұл қылмыс өте қауіпті қылмыстардың қатарына жатады. Өйткені бұл қылмыстың тікелей объектісі әділсоттылық мүддесі мен қатар адамның өмірі де болады. Қылмыстың жәбірленушісі барлық инстанциялардағы судьялар, присяжной заседатель, прокурор, тергеуші, алдын ала анықтаушы адам, қорғаушы, сарапшы, сот приставы, сот атқарушысы, сондай-ақ олардың туыстары болып табылады.

1.10.3 Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-бап)
Бұл қылмыс Қылмыстық кодекстің 339-бабында көрсетілген құрамға объектісі, жәбірленушісі бойынша ұқсас. Бұл екі құрамның айырмашылығы әділсоттылықты жүзеге асыруға кедергі келтіру тәсіліне ғана байланысты. Қылмыс құрамының объективтік жағының құрылысы формальдық, ол Қылмыстық кодекстің 341-бабының 1 және 2-тармақтарының диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін (өлтіремін деп, денсаулыққа зиян келтірумен, мүлкін бүлдірумен немесе жоюмен қорқыту) істеген немесе күш қолдану әрекеттерін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

1.10.4 Сотты құрметтемеу (343-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі соттың дұрыс қызметі және беделі, қосымша тікелей объектісі сот процесіне қатысушылардың ар-намысы және адамгершілігі. Сот талқылауына қатысушыларға прокурор, қорғаушы, жәбірленуші, сотталушы, кәмелетке жасы толмаған сотталушының немесе жәбірленушінің заңды өкілі, азаматтық талаптар және жауапкер, сарапшы, аудармашы, маман, сот мәжілісінің хатшысы, азаматтық кодекстің жақтары, азаматтық іс бойынша үшінші жақ т.с.с. жатады.

1.10.5 Судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жала жабу (343-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі-сот, прокуратура, тергеу, алдын ала анықтау органдарының дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объект заңда көрсетілген жәбірленушілердің ар-намысы, адамгершілігі. Жәбірленушілердің тізімі заңның өзінде көрсетілген, олар –судьялар, присяжной заседательдер (343-баптың 1-тармағы), прокурор, тергеуші, алдын ала анықтауды жүргізуші адам, сот приставы, соттың атқарушы (343-баптың 2-тармағы).

1.10.6 Айғақтарды бұрмалау (348-бап)
Бұрыңғы Қылмыстық кодекстерде мұндай бап болған емес. Адамдарды жаппай қуғын-сүргінге салу кезеңдерінде бұл қылмыс кең өріс алды, айғақтарды көрінеу бұрмалаудың салдарынан сан мыңдаған адамдар жазықсыз жалаға тартылады. Мұндай қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол айғақтарды бұрмалау нәтижесінде әділетсіз шешім, үкім, басқа маңызды іс жүргізу актілерінің шығарылуына жол берілді.

1.10.7 Параға немесе коммерциялық сатып алуға арандату (349-бап)
Қылмыстың объектісі лауазымды адамның немесе коммерциялық және өзге де ұйымдардың басқару функциясын атқаратын адамдарын заңды қызметі. Қосымша тікелей объект осы адамдардың ар-намысы, қадір-қасиеті. Қылмыстың затына ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүліктер немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулер жатады.

1.10.8 Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (354-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі сот, анықтама, тергеу органдарының дұрыс қызметі, қосымша тікелей объект процеске қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделері. Қылмыс объективтік жағынан алғанда мазмұны жағынан екі түрлі қылмыс нысанының жасалуы арқылы көрініс табады.

1.10.9 Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау (362-бап)
Сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау соттарды құрменттемеудің бір көрінісі болып табылады, мұндай әрекеттер соттың беделін келтірумен бірге әділсоттылықтың міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Қылмыстың тікелей объектісі әділсоттылықты мүддесі, ал қосымша тікелей объектісі жеке немесе заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделері.

1.10.10 Қылмысты жасыру (363-бап)
Қылмысты жасыру қылмысқа жанасушылықтың бір түрі болып табылады. Мұндай әрекет қылмыстың дер кезінде ашылуына, айыптының қылмыстық жауапқа тартылуына кедергі келтіреді, мұның өзі әділсоттылықтың жүзеге асырылуына, қылмысқа қарсы күрес жүргізуге теріс әсер етеді. Қылмыстың тікелей объектісі-әділсоттылық мүддесі. Қылмыс объективтік жағынан ауыр немесе аса ауыр қылмысты алдын ала уәде бермей жасыру арқылы жүзеге асырылады.

1.10.11 Қылмыс туралы хабарламау (364-бап)
Бұл қылмыстың объектісі алдын ала анықтама, тергеу және сот органдарының дұрыс қызметі. Объективтік жағынан дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламау арқылы сипатталады. Аса ауыр қылмыс деп жасалғаны үшін осы кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекеттерді айтамыз.

1.10.12 Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау (365-бап)
Адвокаттар мен өзге де адамдардың (қоғамдық қорғаушы, заңды өкіл) азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету арнаулы заңдармен реттелген. Осы қылмыстың тікелей объектісі адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау, оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі қатынастарын реттейтін қоғамдық қатынастар.