Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Реферат

Объем: 7 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

ҚР жастар еңбек нарығының жағдайы және оны тиімді реттеудің механизмдері

Жастардың еңбек нарығына енуі елеулі қиыншылықтармен және қайшылықтармен катар жүреді. Олар ен алдымен мамандық таңдауда жастар оңын еңбек нарығында қажеттілігіне емес, қоғамдағы беделділігі мен абыройына қарай бағыт ұстауына байланысты туындайды. Осыған байланысты оқу орнын бітірген жастардың көп бөлігі алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді, бұл жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің артуына әкеледі. Нәтижесінде жастардың біліміне салынған қаражат өзін-өзі ақтамайды.

Халықты жұмыспен қамтудың өзгеру серпіні жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендегенін дәлелдеп отыр. Мәселен, жұмыссыз жастар саны 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 95 адамға, сәйкесінше жұмыссыз жастардың деңгейі 2004 жылғы 14,3 %-дан 2008 жылғы 7,4 %-га дейін айтарлықтай азайды.
ҚР халқын жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жұмыс таңдауға және жұмысқа орналасуға жастарға жәрдем көрсетуде.

Еңбек нарығындағы шиеленісті оқудан кейін жұмысқа орналастырылмаған мектеп, басқа білім беру ұйымдарын бітірушілер, түрлі себептермен оқуды аяқтамаған жастар, 23 жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар күшейтіп отыр.

Еңбек нарығын тиімді реттеу - кез келген мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясатын жүргізу мен жүзеге асырудағы белгілі бір Заңнама көлеміндегі және жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыс істеуші арасындағы міндетті келісімшарттың орындалу кепілдемесін қамтамасыз етуге негізделген аса маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта келесі суреттегі бейнеленген жастардың заманауи еңбек нарығын реттеудің институционалдық механизмінің моделін ұсынамыз.