Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Орта мектепте М.Әуезов шығармаларын оқыту


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 М.Әуезовтың әдеби-шығармашылық еңбегіне шолу 7
1.1 Көркем мәтінді оқу-талдау жолдары 7
1.2 Орта сыныптарда ақын-жазушылардың шығармашылығын оқыту жұмыстарын ұйымдастыру 11
1.3 М. Әуезовтың 1918-1928 жылдары жазылған шығармалары 13
1.4 М. Әуезовтың 1930-1950 жылдары жарық көрген шығармалары 22
1.5 «Абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы 24
2 М.Әуезовтың өмірі мен шығармаларын орта мектепте оқытудың өзіндік ерекшелігі 29
2.1 Орта мектепте ақын-жазушылардың өмірі мен творчестволық қызметін оқыту - әдебиетті оқыту методикасындағы өзекті мәселелердің бірі 29
2.2 «Қорғансыздың күні» әңгімесін факультатив сабақта оқыту 39
2.3 «Абай жолы» романынан үзінді оқыту 53
2.4 «Абай жолы» эпопеясындағы кездесетін салт-дәстүрлерді оқытудың маңызы 57
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 62

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы Абай ауданында дүниеге келді.
Атасы Әуез және әкесі Омархан арабша хат таныған адамдар. Мұхтар атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің қолында тәрбиеленеді. Әуез Мұхтарға алғаш арабша хатты өзі танытып, Абайдың өлеңдерін оқытады. Сонымен бірге бала Мұхтар Самарбай молда, Камалиддин қазыреттен сабақ алды, қазақ эпосының, араб, парсы әдебиетінің үлгілерін оқиды. 11 жасқа келгенде әкесінен айрылады. Оны ағасы Қасымбек өз қолына алып, Семейдегі 5 сыныптық қалалық училищеге орналастырады.

1 М.Әуезовтың әдеби-шығармашылық еңбегіне шолу
1.1 Көркем мәтінді оқу-талдау жолдары
Әдебиет - өнер пәні. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты - оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы парасаттылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.

1.2 Орта сыныптарда ақын-жазушылардың шығармашылығын оқыту жұмыстарын ұйымдастыру
Мектепте ақын-жазушылар өмірін оқытудың маңызы зор, әрі әдебиетті оқудың күрделі бір саласы болып табылады. Қай ақын-жазушыны, суреткерді алмайық, оның шығармашылығында, қол жеткен табысында өзі өмір сүрген орта мен шыққан ортасы, өмір жолының ізі жатады. Қай шығарма суреткердің қай өмір кезеңіне байланысты туған, ол шығарманың жазылу себебі не, мәселелерге де олардың өмір жолы жауап бермек. Мысалы, С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы қиялдан туған шығарма емес екені, он жазу кезінде Көкшеге үш рет баруынан туған дүние екені мәлім. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Немесе, Міржақып, Сұлтанмахмұттардың, Мағжандардың «Алаш» туралы өлеңдері сол партияда болулары немесе сол қозғалыс кезінде оған жақтас, пікірлестерінен туғандығы баршаға аян. Сондықтан суреткер өмірі оның шығармашылығынан біртұтас қарастырылу керек [5, 99].

1.3 М. Әуезовтың 1918-1928 жылдары жазылған шығармалары
Мұхтар Әуезов әдеби-творчестволық еңбекпен ерте айналысқан. Оған, әрине, тума қабілеті, өмірлік тәжірибе және өзі оқып-тоқып, үлгі тұтқан үш сала өнеге мектебі ( қазақтың төл әдебиеті, орыс және еуразия классикасы) шешуші фактор болды.
Ол Семейдегі гимназияда, семинарияда оқыған кездерінде қаладан далаға - өзінің туған ауылына каникулға келіп жүреді. Жай келіп жүрмейді, ауыл өмірін әр қырынан байқап, байыптап, зерттеп жүреді. Шынында да Қазан революциясынан бұрынғы қазақ даласының тіршілігі мен тағдыры - Әуезовтың жан-жақты зер салып, терең таныған дүниесі.

1.4 М. Әуезовтың 1930-1950 жылдары жарық көрген шығармалары
М. Әуезов отызыншы-қырқыншы жылдарда бір топ әңгімелер жазды: «Іздер» (1932), «Білекке білек» (1933), «Қасеннің құбылыстары» (1933), «Үш күн» (1934), «Құм мен асқар» (1935), «Шатқалаң»(1935), «Бүркітші» (1937), «Асыл нәсілдер» (1947). Бұлардың бәрі дерлік төңкерістен кейінгі жаңа өмірді, кеңес шындығын, колхоз тұрмысын суреттеуге арналған.
Шын мәніндегі көркем сөз ұсталары қашанда болсын өзі өнер туындысына айналдырып отырған өмір шындығын бетінен қарпымайды, тереңнен қамтиды, жалаң алмайды, ішкі қыртыстарымен қоса, қопара көрсетеді, қолдан бояп, жасандылыққа апармайды, өзі түр-түсімен табиғи қалпында кескіндейді.

1.5 «Абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы
«Абай» эпопеясы творчестваның тылсым сырына, өмір мен өлеңнің өзара байланысына терең бойлаған туынды, ақын мен поэзия жайлы әлем әдебиетіндегі ең шоқтығы биік үздік шығарма. М. Луконин: Абай! Ол – ұлы есімімен жүректің дәл түбін жашыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған, ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократияшыл озат ойларда берік тұтанған кесек тұлғалы аса көрнекті қоғам қайраткері.

2 М.Әуезовтың өмірі мен шығармаларын орта мектепте оқытудың өзіндік ерекшелігі

2.1 Орта мектепте ақын-жазушылардың өмірі мен творчестволық қызметін оқыту - әдебиетті оқыту методикасындағы өзекті мәселелердің бірі
М.Әуезовтың шығармалары сан жылдар бойы мектеп бағдарламалары мен әдебиет оқулықтарының төрінен орын алып, мыңдаған оқушыларды ғылымға сусындатты, эстетикалық ләззатқа бөледі, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиеледі.
Мектеп бағдарламасы бойынша М.Әуезов шығармалары бесінші сынаптан бастап оқытылады.
Мектеп бағдарламасы бойынша М.Әуезов шығармалары төмендегідей сыныптарға жіктелген:

2.2 «Қорғансыздың күні» әңгімесін факультатив сабақта оқыту
Қазіргі қолданылып жүрген қазақ әдебиетінің орта мектептерге арналған бағдарламасында М.Әуезов творчествосын монографиялы оқып үйрену ХІ сынып үлесіне тиген. Бірақ соның өзінде де жан жақты танысып, текстік талдаудан өткізілетін шығарма тек «Абай жолы» эпопеясы ғана. Ал жазушының ұлан-ғайыр творчестволық еңбегінің басқа салалары тек ат үсті аталып, шолу ретімен ғана қамтылады. Сондықтан жазушының әңгімелері мен повестерінің, драмалық туындылары мен аудармаларының, ғылыми-зерттеулерінің мән-мағынасын ішіне дендей еніп, терең танытуға мүмкіндік бола бермейді. Өйткені оқу жоспарымен мөлшерленген сағат саны әдебиет пәнінің қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызбайды [27, 44].

2.3 «Абай жолы» романынан үзінді оқыту
Көрнекті классик жазушы, «Қазақстан үшін екінші Абай атанған М Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқушылардың санасына терең ұялатудың өзіндік ерекшелігі бар. Себебі «Абай жолы» эпопеясы қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін, салт-санасы мен әдет-ғұрпын, өнер мен әдебиетін, шаруашылық тіршілік тынысын жан-жақты, кең көлемде қамтып жазған бес жүзге тарта кейіпкері бар энциклопедиялық шығарма.
Біз эпопеяны өту үстінде оқушыларға халық өмірінің қыры мен сырын шытырман уақиғалар жемісі арқылы ажыраттырып, әділдік пен жауыздық, өнердің өресі жайында мол мағлұмат береміз.

2.4 «Абай жолы» эпопеясындағы кездесетін салт-дәстүрлерді оқытудың маңызы
Әдебиет - өмір оқулығы. Онда бүкіл дүние тынысы бар: сұлулық та, сүреңсіздік те, қаталдық та, қайрымдылық та, елдік те, махаббат достық, адамгершілік - бәрі-бәрі бар.
Қазақ әдебиеті- халқымыздың тарихы. Шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы. Әдебиет халқымыздың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын, тарихи біртұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құралы.

ҚОРЫТЫНДЫ
Мектептегі қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына аса қажетті білімділік, тәрбиелік әр жақты қызметтер атқаратын негізгі эстетикалық пән. Өйткені көркем туындыда халықтың өмір белестері, елдік, ерлік дәстүрлері, тұрмыс салты, әдет-ғұрпы, психологиясы, адамгершілік-эстетикалық, философиялық ұғым-түсінігі, арман-мұраты баршасы көрініс тапқан, бай тілдік қазынасы жинақталған, кең дала табиғаты кескінделген.
Сондықтан ол оқушы зердесіне заманалар келбеті мен өмір тынысын жеткізетін халқымыздың көркем тарихы, ұлттық рухани сана тәрбиелейтін, тіл үйрететін, оқушының адам мен адам, адам мен қоғам туралы түсінігі мен тәжірбиесін байытатын әрі реттейтін өмір оқулығы.