Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 58 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Абай Құнанбаев шығармаларындағы тәрбиелік мәні


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 АБАЙ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТІЛІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ, КӨШБАСЫ 7
1.1 ӘДЕБИ ТІЛ ОНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІК 7
1.2 АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДА АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ 14
1.3 АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ 17
1.4 АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ – ҰЛЫ АҒАРТУШЫ 20
2 АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ – ӨЗІ ӨМІР СҮРГЕН ТАРИХИ ДӘУІРДІҢ ТҰТАС БЕЙНЕСІ 26
2.1 А.ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ МӘДЕНИЕТКЕ, БІЛІМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ 26
2.2 АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢ, СӨЗ ӨНЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЛИРИКАСЫ 31
2.3 А.ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАҒЫЗ АДАМ БЕЙНЕСІ 33
2.4 А. ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА АДАМ БОЙЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ЖАҒЫМСЫЗ ҚЫЛЫҚТЫҢ СУРЕТТЕЛУІ 41
2.4.1 А. ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЙҒЫ СӨЗІНІҢ СИПАТТАЛУЫ 45
2.4.2 А.ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАҚТАН СӨЗІНІҢ СИПАТТАЛУЫ 46
2.4.3 А.ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ 48
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 58

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жалпы Абай есімін атағанда ойымызға ҚАЗАҚ сөзінің еріксіз түсетіні белгілі. Абай өзі өмір сүрген дәуірде халқының қамын жеп өткені, Абай туындыларының алғаш бетін ашып оқығаннан-ақ байқалады.
Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озат үлгілерімен деңгейлес тұрғаны білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абайдың маңдай алды ақын болып үздік шығуы, алдына жан салмауы, әрине, оп-оңай өзінен-өзі бола қалған нәрсе емес. Ұлы ақынды заман туғызады.

1 АБАЙ - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТІЛІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ, КӨШБАСЫ
1.1 ӘДЕБИ ТІЛ ОНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІК
Сөйлеу де, жазу да сөз қолдану заңдылығына сүйенеді. Жалпы халықтық тілді жұмсаудын. дәстүрлі үлгісі болады.
Сөйлей білмес жаманның,
Сөзі өтпес бір пышақ,
Сөз білетін адамның
Әр сөзіне бір тұзақ.
Осы мақалдын, қай кезде, қай ғасырда қалыптасып нақыл сөзге айналғанын білу қиын. Бірақ оның мазмұнын біркелкі түсінеміз. Өйткені мақалда сөз қолдану туралы айтылады. Сонымен тіл нормасы деп адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз.

1.2 АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДА АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқпақпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Абай өлеңді өте ерте, он екі жасынан бастап шығарған. Оның бұл кезенде шығарғандарының көпшілігі бізге жеткен жоқ [5].

1.3 АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ
Абай Құнанбаевтың бай рухани қазынасының халық мұраларына, халық өнері мен дәстүрлеріне, тіліне байланысты тұстарын түгелдей шолып өту мүмкін емес, сондықтан біз олардың педагогикадағы ұлттық тәрбиеге қатысты жақтарын ғана сөз еттік, ол туралы зерттеу жұмысымызда аталған. Ал оны жетістіре жазып, ұрпақтар жадына салу жастар тәрбиесіне қатысы бар әрбір саналы адамның абыройлы борышы.

1.4 АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ – ҰЛЫ АҒАРТУШЫ
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.

2 АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ – ӨЗІ ӨМІР СҮРГЕН ТАРИХИ ДӘУІРДІҢ ТҰТАС БЕЙНЕСІ

2.1 А.ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ МӘДЕНИЕТКЕ, БІЛІМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ
«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.

2.2 АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢ, СӨЗ ӨНЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЛИРИКАСЫ
Поэзия туралы өлеңдерінен Абайдың бір жағынан өз көзқарасын мүмкіндігінше образды теңеумен білдіретінін, енді бір жағынан сол образды суреттеулердің ара-арасында, кейде бірер жол ақыл-кеңес, ұлағаттық сөздерді де қыстыруға мәжбүр болатынын байқаймыз.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең».
(«Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол»).
Осындағы ұғымға айналдырылған соңғы екі жолы алдыңғы екі жолындай образды бейнелеу емес. Бірақ, қазақ оқырмандары мұны аса тамаша жазылған шумақ деп біледі, олай дейтіні, осы бір шумақ өлең қазақтың ұлт екенін де, өлең мен өмірдің айырылмастай біте қайнасқан байланысын да әйгілейді. Абайдың поэзия туралы өлеңдерінің көбі осындай. Автор образды сөздерді қолданған кезде әлгіндей ұғымдық жолдарды қайта-қайта өңдеп, ырғағына түсіріп, ұйқастарын күшейтіп, сөздерін саралай қолданады, Сондықтан оның поэзия туралы өлеңдері лирикалық және философиялық өлеңдері сияқты замандар бойы өлмей ел аузында жатталып келеді. Жаңағы бір шумақ өлең қазақ атаулының өлеңсіз жүре алмайтынын да түсіндіреді. Поэзия туралы жазылған мақалаларға қарағанда өлең туралы өлеңнің оқырманы қазақ арасында көбірек болатыны даусыз. Абайдың поэзия туралы өлең жазуының басты себебі осы болса керек.

2.3 А.ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАҒЫЗ АДАМ БЕЙНЕСІ
Абай «адамтанудың көркемсөздегі өрнегін салып, үлгісін қалыптастырды» деген дәлелдеуді қажет етпес тұжырымды пікірді Абайдың шығармаларына талдау арқылы бекітуге болады. Мысалы, Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, / Сонда толық боласың, елден бөлек;
Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек – деген өзекті ойлары арқылы биік адамгершілік иесін және оның кемел келісіммен келген кісілік келбетін сомдайды. Осы қасиетті иеленген адам ғана адам деген даңққа лайық болатындығына нұсқайды. Немесе «Қайрат пен ақыл жол табар, / Қашқанға да қуғанға, Әділет, шафғат кімде бар, / Сол жарасар туғанға деген жолдардағы сөздер астарында да үлкен мән жатыр. Бұлар – нағыз адам жөніндегі ұғымдарды құрайтын басты сипаттар, яғни толық, кемел адамға тән қасиеттер. М.Әуезовтің сөзімен айтқанда, Абай Он жетінші Сөзінде өз тұсындағы және өзінен бұрынғы «үлкен моралист, педагог ойшылдардың, ұстаздардың көп айтқан пікіріне жанасатын ой-толғау жүргізеді. Ол – толық сапалы адам болудың шарты, гармоническая личность жайындағы ойлар. Адам жан-жақты, асыл қасиетті болу үшін оның бойындағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бірдей болып, тең табыссын деген талап қояды».
Барлық жақсылық пен жамандық туралы ұғымдар өз қосымша мәнін де осы сөздерге байланысты айқындайды.

2.4 А. ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА АДАМ БОЙЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ЖАҒЫМСЫЗ ҚЫЛЫҚТЫҢ СУРЕТТЕЛУІ
Әрбір тілдің сөз байлығы мен көркемдік қуатын сол тілдегі көріктеу амалдары және сөздік қордың деңгейімен ғана өлшеу жеткіліксіз. Сонымен қатар, тілдің байлығы ұлттың тілдік тұлғасының танымдық деңгейімен де өлшенеді. Ол үшін сол ұлттың танымдық әлемі және содан өрістейтін ұғымдар кеңістігіне тұтастай барлау жасалуы керек.
1. Күлкі – «адалдық» семантикасының контекстік синонимі ретінде қолданылады. Автор дос көңілін қалтқысыз түсінетін ниеті түзу, көңілі адал, достың шынайы әрекетін «шын күлерлік» деп бағалайды. «Күлу» етістігінің ішкі формасының мағыналық жылжуы нәтижесінде семалық өрісі кеңейген.

2.4.1 А. ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЙҒЫ СӨЗІНІҢ СИПАТТАЛУЫ
Бұл тараушада Абай шығармаларында аса жиі қолданылған лексикалық бірліктің бірі – «қайғы» сөзінің мән-мазмұны талдау нысанына алынады. «Күйік, шер, мұң, қасірет» мағынасындағы қайғы семантикасының мәні Абай шығармаларында тереңдей түседі. Абай шығармасында кездесетін бұл лексеманың нақты қолданысы жайлы проф. Р.Сыздықова былай дейді: «Әр адамның тіршілігінде жиі кездесетін үлкенді-кішілі уайым-қайғының үстіне, заманын, айналасын ойлаған күйініш сезімі қосылғанын білсек, «бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды» деп шынын айтқан Абайдың бір басында қайғы-қасіреттің аз болмағанын көреміз. Сондықтан оның тілінде қайғы жеу, қайғы басу сияқты үш-төрттен келген тіркестерден өзге, жеке тұрып қолданылған қайғы тұлғасын 60-тан астам рет кездестіреміз. Бұл – ақынның жан даусын тілмен, сөзбен, сөздің активтігімен танытуы.

2.4.2 А.ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАҚТАН СӨЗІНІҢ СИПАТТАЛУЫ
Р.Сыздықова: «...Бұрын жеке көп қолданыла бермейтін мақтан сөзін Абай бірде фразалық тіркес жасауға қатыстырып (мақтан қуу, мақтан күйлеу), бірде қарапайым сөз ретінде, бірде ғылыми атау ретінде пайдаланып, 60-қа жуық рет келтіреді. Мұндай фактіні Абайдан өзге тұстастарынан немесе алды-артындағылардан кездестірмейміз», – деп шығармашылық зерттеуінің бір түйінін айтады.

2.4.3 А.ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ
Аңдар мен жануарлар, құс пен жәндік атаулары (зооморфизмдер) көркем мәтінде жиі метафоралана қолданылады. Өйткені әдебиеттің нысаны – адам мен оның өмір сүрген ортасы болып табылатыны белгілі. Сол адамның мінез-құлқы мен қимыл-әрекетін сипаттайтын тілдік құралдың бірі ретінде зооморфизмдерді метафоралап қолдану жиі байқалады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Егемен Қазақстан елінің өркениетті дамуында жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің мазмұнын ұлттық рухани мұра негізінде қайта қарап, оны қоғам талабына сай жоғары сапалық деңгейге көтеру – бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселенің бірі.
Қазіргі бетбұрыс кезінде әдебиет пен өнер аясында осы күнге дейін белгісіз болып келген қаншама жұлдыздар жарқырай түсті! Қандай асыл жандарды жасырған біздерден. Таңқалған жас ұрпақтың көз алдында қазақ жерінде өніп-өскен бәйтерек пен арыстар айқын болды. Сол арыстардың бірі Абай Құнанбаев.