XIX ғ. Ресей мемлекетіндегі сыртқы саясатындағы негізгі бағыттар
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Ресей тарихнамасындағы XIX ғ. I–ші жартысындағы Ресейдің халықаралық жағдайының және сыртқы саясатының бейнеленуі 10
2 XIX ғ. бірінші жартысындағы орыс-түрік қарым – қатынастары мәселесінің шешілуіндегі дағдарыстардың тарихы 23
2.1 1806-1812 жж. Ресей мен Түркия арасындағы қатынастарының даму тарихы мен Ресейге Бессарабия жерлерінің қосылуының маңызы 23
2.2 ХIХ ғ. 20-30 - шi жж. «Шығыс мәселесiнің» шиеленiсуi саясатындағы Ресейдiң Қара теңiз жағалауында бекiтiлуі 28
3 Ресей мемлекетінің сыртқы саясатындағы үшінші дағдарыс - Қырым соғысының халықаралық маңызы 46
Қорытынды 61
Пайдаланған әдебиет тiзiмi 63
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда мемлекетімізде тарихқа деген қызығушылық артып келеді. Қазіргі тарих ғылымының ерекшелігі Ресей тарихнамасының жалпы тарих ғылымынан дербес сала ретінде қарастырылуында жатыр: ол ұзақ уақыт жалпы одақтық тарихтің бір бөлігі болып келеді. Осыған байланысты тарихшылар көптеген мәселелерді «орталық» зерттушілерінің пікірлерін қайталаумен қатар, олардың бағытын мақұлдап отырды. Ал бүгінгі таңда елімізде тарихнама саласы әлі толығымен зерттелмеген мәселелерді алдынғы кезекке қойып, Қеңес үкіметі кезіндегі идеологиялық талаптар шеңберіңде зерттеліп келген мәселелерді қайта қарастыруды қолға алып отыр.
1 Ресей тарихнамасындағы XIX ғ. I–ші жартысындағы Ресейдің халықаралық жағдайының және сыртқы саясатының бейнеленуі
Мемлекеттің сыртқы саясаты, оны қалыптастыратын ішкі саясатпен тығыз байланысты. Басыбайлық Ресейдің ішкі және сыртқы саясаты бәрінен бүрын помещиктер тобының мүддесін қөздеді. Оның ізқуалаушылығы мен қалыптылығы XIX ғ. бірінші жартысында ішкі әлеуметтік – экономикалық жағдайлармен - феодалдық жүйенің ыдырауы мен жаңа буржуазиялық қатынастардың қалыптасуымен түсіндірілді [5,б.8].
Басыбайлықтың қүлазып барып жатқан түрақтылығын демеу мақсатымен дворяндық үкімет капиталистік қатынастарға белгілі орын беруге, яғни қәсіпкерлікті қолдау мен сауда-сатықтын дамуына рақымшылық жасауға мәжбүр болды. Закавказьенің Ресейге қосылуымен орыс қөпестері үкіметтің материалдық қолдауымен Кавказды кіріс нарығы мен Ресейдің ішкі губернияларының өндірісі үшін шикізат қөзі ретінде қарастыра келе сонда қызу сауда жүргізді.
Тауарлы - ақшалай қатынастардың одан арғы дамуы, капиталистік манафактуралардың өсуі, Ресей империясының шет аймақтарын отарлауға және патшалықты жаңа жаулап алушылықтарға итермеледі [5, б.10].
2 XIX ғ. бірінші жартысындағы орыс-түрік қарым – қатынастары мәселесінің шешілуіндегі дағдарыстардың тарихы
2.1 1806-1812 жж. Ресей мен Түркия арасындағы қатынастарының даму тарихы мен Ресейге Бессарабия жерлерінің қосылуының маңызы
ХIХ ғ. басында халықаралық жағдайда белгiленген Англия мен Францияның Еуропада билеу үшiн тартыстары. ХIХ ғ. алғашқы екi он жылдығында Ресейдiң сыртқы саясатында «Шығыс» саясаты «Батыс» саясатымен салыстырғанда тәуелдi орында болды. ХIХ ғ. басында маңызды көңiл тартқан Грузия және Закавказья мәселелерi, кейiн орыс-түрiк және орыс-иран қатынастары [1, б.145]. Құпия комитетiнiң отырысында Кавказ мәселесiн талқылау барысында бiрнеше рет орыс-түрiк қарым - қатынастары жөнiнде сұрақтар қарастарылды.
1804 жылы Александр Н. Новосельцевтi Еуропалық мәселелердi шешу кезiнде одақтас келiсiмдер үшiн Лондонға жiбердi және ағылшын үкiметiнен Еуропалық Түркияны басқаруға қатысты пiкiрлерi бiлiп келудi тапсырды. Лондондық кабинет Османдық Порт бөлу туралы, келiсiм жасауды ерте деп санап, бас тартты. Бiрақ ағылшындар Еуропада Наполеонмен бiрiгiп күресу жөнiндегi келiсiмге қол қойды. Ауестермецтегi одақтас әскерлерiнiң жойылуына байланысты Франция дәрежесi тек Еуропада ғана емес, сонымен қатар Шығыста да көтерiлдi [28, б.6].
2.2 ХIХ ғ. 20-30 - шi жж. «Шығыс мәселесiнің» шиеленiсуi саясатындағы Ресейдiң Қара теңiз жағалауында бекiтiлуі
Бұқараның басыбайлыққа қарсы қозғалысын өршуi және декабристердiң көтерiлiсi патшалы Ресейдiң революциялық дүмпеулерден шет қала алмайтыны байқатты. Осы жағдайда орыс басыбайлық – помещиктерi шетелдердiң билеушi топтарымен легетимизм жалауы астында бiрлесу қажеттiгiн өте айқын сезiндi. Декабристтердi жазалауға байланысты түскен құттықтауларға жауап бере отырып, I Николай Еуропа монархтарын «Қасиеттi одақтың» контрреволюциялық принциптерiне сенді. Ескi, феодалдық базистi қорғап қалу ниетi патша үкiметiнiң сыртқы саясатында бұдан бұрын да реакцияшыл тенденциялар туғызған болатын. Ендiгi жерде, басыбайлық жұйенiң дағдарысы және ел iшiндегi топ күресiнiң өлшеусiз шиеленiсуi жағдайда бұл реакцияшыл тенденциялар бұрынғыдан гөрi ең бiрiншi кезектегi мiндетiне айналды.
3 Ресей мемлекетінің сыртқы саясатындағы үшінші дағдарыс - Қырым соғысының халықаралық маңызы
XIX ғасырдың ортасына қарай Батыс Еуропада өнеркәсіп капитализмі толык жетілді. Дағдарысты сілкінулерден аулақ болу үшін буржуазия зат өткізетін жаңа нарықтарды іздеуді күшейте түсті. Осының салдарынан Англияның және Францияның Таяу Шығыстағы отарлау экспансиясы кеңейді [46, б.94].
Тозығы жеткен Түрік империясының мешеулігі және дәрменсіздігі Батыс державаларының әкспансиялык саясатына бүрынғысынша қолайлы болды. Баскарушы топ шетел капиталының кысымына қарсылық көрсету орнына өздері олардан қолдау іздеп, өз елін отарлық бүғауға салуға себін тигізді. Сондықтан да, бүрынғысынша Батыс Еуропа буржуазиясы шіруі жеткен сүлтандық тәртіптің өмір сүре беруін тиімді санады. Алайда Балкан түбегі мен араб Шығысындағы капиталистік қатынастардын дамуына байланысты түрік езгісіне қарсы халықтардың сүрақсыз түрмесі болып аталған Түрік империясының түғырын дүр сілкіндерген үлт-азаттық қозғалыс күшейе түсті [46, б.95].
Қорытынды
Ресейдің ішкі жағдайы патшалық құрылыстың сыртқы саясатын түгелдей анықтап тұрды. Бір жағынан: патшалык қүрылыс қай елде пайда болса да, әр елдегі революциялық қозғалыстарға қарсы күреске күшін аямады. Осы жағынан ол сол кездегі барлық Еуропа мемлекеттерінің басқарушы тобынан макүлдау мен колдау тапты.
Екінші жағынан, Ресейдегі тауар-ақшалай қатынастың дамуы және оның дүние жүзілік нарыққа тәуелсіздігінің күшеюі царизмді баска ірі мемлекеттермен шикізат және өтіс базары үшін, әлемді бөлу үшін ынталы күреске жетеледі.