Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 23 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

І. Есенберлин – талантты жазушы


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы 4
1.1 Ілияс Есенберлиннің ғұмырнамасы 4
1.2 І. Есенберлин және Алаш рухы 9
2 «Көшпенділер» трилогиясындағы тарихи шындық 13
2.1 «Алмас қылыш» романындағы тарихи шындық 13
2.2 «Жанталас» романдарындағы Отан соғысының көркем баяндалуы 12
2.3 «Қаһар» романындағы ұлт-азаттық қозғалыс және Кенесары бейнесі 17
Қорытынды 20
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 23

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Бұл тақырыпты таңдап алудағы себебіміз - біз өзіміздің тарихымызды, оның ішінде ата-бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен алып беріп кеткен жерлеріміздің, сол жерді, елді қалай басқарып, қайтып билегенін білуіміз керек. Ал, оны терең білу үшін сол тарихтың тұлғасына айналған хандарымыз, жырауларымыз, билеріміз, батырларымыздың өмір жолын - адами парасат жолын тануымыз жөн. Өйткені ер тарихы - ел тарихы.
Қазіргі еліміз тәуелсіздігін алып өркениетті елдер қатарынан көрінуге талпыныс жасап жатқан шақта - еліміздің тарихын жаза білген І.Есенберлин - қазақ өркениетінің перзенті.
І.Есенберлин тарихи шындықтың тереңінен өзіне, қазақ әдебиетінің кәдесіне жарарлық шынайысын ғана ала білген, ерлік пен еңбекті ұштастырған дарабоз қаламгердің бірі.

1 Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы
1.1 Ілияс Есенберлиннің ғұмырнамасы
І. Есенберлин Ақмола облысы Атбасар іргесінде 1915 жылы қаңтар айында дүниеге келген әкесі Есенберліден үш перзент: үлкені Назым, одан кейінгі Ілияс, одан кейін Раунақ. Әкесі ертерек қайтыс болған. Ілияс тоғызға шыққанда шешесі қайтыс болып енді немере ағасының қолына көшеді.
Қазақтың қайсар жазушысы Есенберлин жетімшілік көрген, соғысқа
қатысқан, жаралы елге қайтып келген соң әр қызметтің басын бір шалып аса
көп қиындық, мұқтаждық көрген адам. Жас күнінде оның қабілетін танып,
қанатына алып баулып, баптайтын адамы болмады. Есейе келе «халық
жауының қызына үйленген» деген күйедей сөз жамылды, көлеңкеше ілесіп
қыр соңынан қалмады. Жазған өлең, дастандары басылмады. Үшінші бір
мықтап етегінен тартқан жайт: кісі айналып сәлем берердей мықты қызметі
болмады. Өзге ұлыс, ұлттарда, бәлкім басқаша болар, ал біздің қазақта жаман
бір мінез бар: ол - қанша басың алтын болса да мына жұрттың сәлем беріп
санатқа іліктіруі үшін: я сол өзгелердің ісі түсетін, я ісін шешіп беретін кісі
болуың керек, я болмаса жұртты сескендіретіндей ірі жерде отыруың керек.
Қазақ осы екеуінен басқасына сәлемді қиналып әрең-әрең беріп үйренген.
Қазаққа сор боп жабысқан өзімшілдіктің, әсіресе кісіліктің салқыны Есенберлин басына көп пәлелерді үйірді, жүдетті, табиғат берген дарындығын елеусіз етіп, көптің бірі етті.

1.2 І. Есенберлин және Алаш рухы
Халық ғұмыры – тарихи дамудың диалектикалық заңдылығын құрайтын жалғыз нысана. Дәуірлер сипатынан табиғи дамудың бел-белестерін, алған асу, шыққан биігін пайымдап, кешегі мен бүгіннің арақатынасын ажыратуға, өзгенің өресі жетпес жорамал деректердің жанды-жансыз жобасын жасауға болады.
Осы ретте көз жетер тарихын қаламен аттап, қағазға тақтап қойған елге қызыға да, қызғана да қарайсың. Хаттаулы тарих – халық болмысының рухани, мәдени өрісіне берілген төлқұжат. Ондай елдің әлемдік дамудағы кімнің-кім болғанын сарапқа салар тұста алдына жан салмай кететіні де сондықтан.

2 «Көшпенділер» трилогиясындағы тарихи шындық
2.1 «Алмас қылыш» романындағы тарихи шындық
Алғашқы «Алмас қылыш» 1971 жылы жарық көрді. «Алмас қылыш» романы І.Есенберлиннің әйгілі «Көшпенділер» тармағының бірінші бөлігі. Романда XIV-XV ғасырдағы оқиғалар әлеуметтік қақтығыстар, жаугершілік, қазақ хандығының құрылуы суреттеледі. «Алмас қылыш» Көшпенділер трилогиясының бірінші кітабы ретінде «Жазушы» баспасынан 1976 жылы 66 мың дана болып шығады.
«Алмас қылыш» романы «Загаворенный мечь» деген атпен Москваның «Молодая гвардия» баспасынан 1974 жылы 100 мың дана болып шығады. Орыс тіліне аударған Б.Семашко алғы сөзін жазған Әлкей Марғұлан. «Алмас қылыш» романы «Кочевники» деген атпен «Советский писатель» баспасынан 1978 жылы орыс тілінде жарияланған. Тарихи трилогияның бірінші кітабы ретінде үшінші рет басылады. Одан кейін «Атамұра» баспасынан 2000-2001 жылы шыққан. І.Есенберлиннің «Алмас қылыш» романы көне тарихтағы көмескі тұстарды қайта жаңғыртуға арналған. Романның оқиғалық негізіне 15 ғасырдағы біртұтас қазақ хандықтарын құрудағы күресі, аты тарихқа белгілі хандар, ақын, жыраулар, қарапайым халықтың бейнесі алынған. Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының басты қыры

2.2 «Жанталас» романдарындағы Отан соғысының көркем баяндалуы
«Көшпенділер» трилогиясының екінші кітабы «Жанталас» романы XVII-XVIII ғасырлар арасындағы қазақ халқының тарихына қатысты оқиғаларға құрылған көркем шығарма.
«Көшпенділер» трилогиясының екінші кітабы «Жанталас» романы - XVII-XVIII ғасырлар арасындағы қазақ халқының тарихына қатысты оқиғаларға қүрылған көркем шығарма [11]. Негізінен ХVІІІ ғ. Қазақстандағы әлеуметтік-қоғамдық тартыстар халық басынан өткен сан алуан оқиғаларды бейнелейді.

2.3 «Қаһар» романындағы ұлт-азаттық қозғалыс және Кенесары бейнесі
«Қаһар» романы - «Көшпенділер» трилогиясының үшінші кітабы болғанымен, циклдің ішінде бірінші болып жазылған шығарма. Тұңғыш рет «Жазушы» баспасы 1969 жылы басып шығарды. Орыс тілінде алғаш «Простор» журналының 1970 жылғы 5-6 сандарында «Хан Кене» деген атпен жарияланды. Аударған Б. Симашко. Москваның «Советский писатель» баспасы 1971 жылы «Хан Кене» атпен жариялады. «Көшпенділер» трилогиясының үшінші кітабы ретінде «Советский писатель» баспасынан 1983 жылы шықты. Ә.Әлімжанов, Р.Бердібаев, Х.Әбдібаев, М.Қаратаев, Ш.Елеукенов, орыс сыншылары Г.Ломидзе, В.Оскоцкий т.б мақалаларында бұл шығарма тарихи романтиканың үздік табысы, реализм әдебиетінің шоқтығы биік туындысы ретінде бағалады. Расында «Қаһар» романы - әдебиет тарихында елеулі құбылыс болған, қалың оқырмандардың махаббатына бөленген, ел тағдырын шыншылдықпен бейнелеген халықтық шығарма [16].

Қорытынды
I. Есенберлиннің шығармашылығы туралы көптеген еңбектер жазылды, қалаларда оның есімімен көшелер, мәдени ошақтар аталады. Бір сөзбен айтқанда, артында өлмейтіндей сөз қалдырған жазушы еңбегі ешқашан халқының жадынан өшпейді.
Тәуелсіздік туын берік ұстаған жас Қазақ мемлекеті күрделі жағдайды басынан кешіріп отыр. Жүзден астам ұлттың басы қосылған еліміз даңғаза мен дақпыртқа елеңдемей, Абай атамыз айтқандай «ақырын жүріп, анық басып келеді». Ілекең жазған осы тарихи романдар кезінде оқырмандардың да, үкімет тарапынан да жақсы баға алғанын 1968 жылдары - орталықтың қылышынан «қан тамып» тұрды деген кезде Қазақ ҚСР Мемлекеттік атағын алған.