Мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау әдісін донорлар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 5
1.1 Эмбриондарды трансплантациялау әдістемесін қазіргі кезде қолдану деңгейі және келешегі 5
1.2 Гормондық препараттар көмегімен суперовуляцияны индукциялау 12
2 Донорларды, реципиенттерді және қошқарларды іріктеу 18
3 Донорларды гормоналдық препараттармен өңдеу тәсілдері 22
3.1 Донор саулықтарды суперовуляция жасау тәсілдері 22
3.2 Донорларды ұрықтандыру 25
3.3 Донорлардан эмбриондарды жуу 26
3.4 Эмбриондардың сапасын бағалау 27
4 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 29
4.1 Тәжірибе малдарын биологиялық және нәсілдік қасиеттері бойынша іріктеу 29
5 Донор саулықтардың сипаттамасы 30
5.1 Донор саулықтардың суперовуляциялану деңгейі 33
5.2 Жуып алынған эмбриондардың сапасы 34
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Мал тұқымы ауыл шаруашылығындағы өндіріс құралы, ал олардың әртүрлілігі және өнімділігі еңбек қарқынын арттырып қана қоймай, шаруашылықтың экономикасын көтеріп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруын қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығын өзгертудегі келеңсіз жағдайлар мал шаруашылығына да әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл еліміздегі сапалы, әрі жоғары өнім беретін асыл тұқымды мал басының күрт азаюына, асылдандыру жұмысының қарқын сыздануына әкеп соқтырды. Мұндай жағдайда селекциялық жолмен тез арада мал басын сақтап қалудың немесе оларды өз төлінен көбейтудің мүмкіншілігі шектеулі, әрі ұзақ уақытты қажет етеді.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Эмбриондарды трансплантациялау әдістемесін қазіргі кезде қолдану деңгейі және келешегі
Қой тұқымдары ішіндегі елтірі өнімін беретін негізгі тұқым - қаракөл қойлары. Ең бастысы бұл қой тұқымы шөл-шөлейт аймаққа жақсы бейімделген және жалпы биологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Қаракөл қойының түсі, реңі және басқа да елтірілік белгілері бойынша генетикалық құрылымы өте күрделі. Мұндай өте бай гендік қоры бар басқа қой тұқымы кездеспейді.
Қазіргі кезде Қазақстанда қаракөл қойлар саны 2,45 млн., оның ішінде 193,4 мың бас асыл тұқымды [1], Өзбекстанда 5 млн. [2], Тәжікстанда 206 мың бас [3]. Бұл мәліметтерге сүйенсек, онда еліміздегі қаракөл қой саны 2,5 есеге азайған. Сонымен қатар, келешекте атқарылатын сұрыптау жұмыстарына өте қажетті генетикалық материалды жоғалтып алуға мүмкін екендігін байқауға болады. Сондықтан да, бұл қой тұқымының генетикалық құрылымын сақтау және олардың өсімталдығын арттыру бүгінгі таңда өте күрделі, әрі келелі мәселе болып тұр. Әрине мұндай жағдайда малды өз төлінен көбейтудің мүмкіндігі аз, әрі ұзақ уақытты қажет етеді [4].
1.2 Гормондық препараттар көмегімен суперовуляцияны индукциялау
Ауыл шаруашылығы малдарын эмбриондарды трансплантациялау тәсілі арқылы көбейтуде ғалымдардың назарын аударған негізгі мәселелердің бірі - көптік суперовуляцияны гормоналдық жолмен болдыру болды.
Эмбриондарды трансплантациялау технологиясында барынша қажетті кезең - донорларда суперовуляцияны тудыру болып табылатындықтан, ауыл шаруашылығы малдарын өсіруде оны енгізбесе, бұл әдістің мәні болмайды.
Көптік овуляцияны болдырудың гормоналдық әдісінің теориялық негізін М.М.Завадовский [40] қалаған.
3 Донорларды гормоналдық препараттармен өңдеу тәсілдері
Донорларды гормоналды препараттар арқылы өңдеп, суперовуляция жасау эмбриотрансплантациялаудың негізгі этапы болып саналады. Мұндағы негізгі мақсат жуып алынатын эмбриондар санын арттыру.
3.1 Донор саулықтарды суперовуляция жасау тәсілдері
Донор саулықтардың жыныс безін суперовуляция жасау үшін гормоналды өңдеудің әр түрлі нұсқаларын пайдаланады.
1-нұсқа. Саулықтарды СЖК (ББС) арқылы индукциялау
3.2 Донорларды ұрықтандыру
Гормоналды өңдеуден соң келесі күні донор-саулықтардың күйге келгенін күйіттеуші қошқарлар арқылы анықтайды. Донорларды шағылыстыру үшін түсі мен реңі әр түрлі 3 бас қаракөл қойы қошқарлары іріктелініп алынды.
ББС салғаннан кейін күйге келген донорларды өз түсіне, реңіне сәйкес қошқарлармен күніне екі рет ұрықтандырдық.
3.3 Донорлардан эмбриондарды жуу
Донорлардың жатыр мүйізінен эмбриондарды жуу үшін: ұрықтанып, күйіті қайтқаннан кейін 4-5 күндері хирургиялық операция жасалды. Бұл үшін донорды операция столына жайғастырып, операция жасалатын тері аумағын сабынды сумен жуып, жүнін қырып, одан кейін йод араластырған 80% спиртпен залалсыздандырады. Операция жасалатын жерді жансыздандыру үшін 2% новокаин ерітіндісін жібереді. Лапаротомияны қарынның ақ сызығының бойымен 7-8 см тіліп, жатыр мүйізін ұрық жолымен бірге сыртқа шығарып, егілген гормональды препараттың аналық безіне әсерін, ондағы фолликулалардың санын және қаншасы жарылғанын анықтайды.
3.4 Эмбриондардың сапасын бағалау
Жуып алынған эмбриондардың даму сатысы және сапасы МБС-9 микроскопы арқылы 100-160 есе ұлғайту арқылы анықтайды.
Эмбриондардың даму сатысы және сапасы халықаралық классификацияға сәйкес бағаланады.
4 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
4.1 Тәжірибе малдарын биологиялық және нәсілдік қасиеттері бойынша іріктеу
Қаракөл қойының негізгі өнімі елтірі болғандықтан, қаракөл өсіретін барлық өндірістік шаруашылықтарда оларды таза өсіру әдісі қолданылады. Сондықтан бұл қой тұқымын асылдандыру жұмысы өте күрделі. Себебі қаракөл қой тұқымы түсі бойынша тұқым ішінен бірнеше типтерге бөлінеді: қара, көк, сұр, қоңыр және тағы басқа. Ал, тұқым ішіндегі әр типтер, өз кезегінде елтірілік және қылшық жүндерінің бұйралығы бойынша тағы да көптеген топтарға жіктеледі. Осыған орай олардың өздеріне тән биологиялық және шаруашылыққа тиімді қасиеттерін ұрпағына беру қабілетін қошқарларды іріктеп алып, олардың бүкіл ұрпағын мұқият тексеру тек селекциялық жолмен тұқымын асылдандыру жұмыстарында ғана емес, сонымен қатар өз тұқымына тән бойындағы нәсілдік қасиеттерін ұрпағына тұрақты түрде бере алатын қошқарларды асыл тұқымды мал ретінде және саулықтарды донор ретінде эмбриондарды трансплантациялау жұмыстарына пайдаланудың ерекше мәні бар.
5 Донор саулықтардың сипаттамасы
Сирек реңді қаракөл саулықтарын донор ретінде іріктеуде селекциялық тиімді белгілері арқылы сұрыптап алумен қатар, гормоналдық статусының бір-бірімен қаншалықты байланыс барын анықтау мақсатында ФЖГ және ЛГ гормондары бойынша іріктеп зерттедік.
5.1 Донор саулықтардың суперовуляциялану деңгейі
Қолдан жасанды полиовуляция немесе суперовуляция жасау аналық жасушалардың қосымша өсіп-жетілуіне түрткі болатын негізгі тәсілдің бірі болып саналады. Осыған орай, суперовуляция жасау үшін ББС гормоналдық препаратын қолдандық.
Мұндағы негізгі мақсат саулықтарды гормоналдық препаратпен егу тәсілінен кейін, олардың аналық безінің реакциясын байқау еді .
5.2 Жуып алынған эмбриондардың сапасы
Донордан жуылып алынған эмбриондардың морфологиялық сапасына, оларды өзге малға трансплантациялау кезінде және криоконсервациялау кезінде ерекше мән береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Малдың аса бағалы кейбір тұқымдары мен топтарының азаюын реттеу, мал басын көбейту маңызды міндет. Қазіргі мал шаруашылығының өндірісі малдардың өнімін арттыруда, әр түрлі стимуляторларды қолдануға дайын. Ғылымның міндеті қолданыстағы гормональды дәрмектерді және оларды пай» далануды жетілдіру, сонымен қатар жаңа тиімділігі жоғары дәрмектерді іздестіру және оларды тиімді қолданудың әдістерін жасау. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарында трансплантацияға жарамды эмбриондар алу мақсатында гормональды суперовуляция әдісі пайдаланылды. Егілген гормондардың мөлшері донорлардан жуылып алынған эмбриондардың сапасына қаншалықты әсер ететіндігі анықталды. Біз пайдаланған ББС препаратының мөлшері фолликулалардың өсуі мен дамуына тікелей әсер етті. Кистозды фолликулалардың пайда болуы төмендеді.