Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 60 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Ахмет Байтұрсынов және ана тілін оқыту әдістемесі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1 Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту – ғылым, шығармашылық құбылыс
1.1 «Тіл құрал» еңбегінің ерекшеліктері 10
1.2 Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолданылатын оқыту әдістері 16
1.3 Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында әдіс – тәсілдерді қолдану
Жолдары 18
1.4. Көркем шығармаларды оқып үйренудің әдіс – тәсілдері 23
2 Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
2.1 А.Байтұрсынұлы – қазақ жазуының авторы 25 .
2.2 А.Байтұрсынұлы шығармаларын оқыту 33
2.3 Ахмет шығармаларын орта мектепте оқутыдағы шығармашылық жұмыстар 34
2.4 Ахмет шығармаларын өтуде ақпараттық технология пайдаланудың тиімді жолдары әдіс – тәсілдері 44
2.5 Ахмет.Байтұрсынұлы шығармаларын сыныптан тыс жұмыстарда қолдану 52
Қорытынды 56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 60

Кіріспе
Ақаңның бұрынғы айтқан сөзін әлі қазақ баласы ұмытқан жоқ,, өлеңіндегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ даласының күшті сарыны болып, Арқаның қоңыр желімен бірге есіп шалқып жатыр.
М.Әуезов
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың және Жүсіпек Аймаутовтың творчестволық мұрасы туралы» каулысы республиканың рухани өміріндегі үлкен маңызды оқиға болды. Онда «Жазықсыз жазаға ұшырып, республикада отызыншы жылдары орын алған зорлық – зомбылықтың, социалистік заңдылықты бұзудың құрбаны болған аса көрнекті қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың, ірі ғалым – лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын – аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың, қазақ романының негізін салушылардың бірі, белгілі лингвист, ақын – аудармашы Жүсіпек Аймаутовтың творчестволық мұрасын зерттеген комиссияның жұмыс қорытындыларын қарай келіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюросы комиссияның Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың және Жүсіпек Аймаутовтың қоғамдық – саяси, ғылыми – педагогикалық және әдеби қызметі туралы тарихи шындықты толық көлемінде қалпына келтіру, олардың жеке шығармаларын баспасөзде көрсетілген қателіктері мен уақытша адасуларын сын тұрғыдан зерделеу жөніндегі тұжырымдарымен келісті... »делінген. Сонымен бірге қаулыда олардың өмірі творчестволық қызметі туралы мақалалар сериясын жариялау, таңдамалы шығармалары мен ғылыми еңбектерін әзірлеп, басып шығару қажеттілігі атап көрсетілген.

1 Қазақ тілі мен әдебиетті оқыту-ғылым, шығармашылық құбылыс
1.1 «Тіл құрал» еңбегінің ерекшеліктері
Ахмет Байтұрсынұлына өзі көшбасшы болған қазақ тіл білімінде ғана емес, күллі түркологиялық әлемде атақ-абырой әперген «Тіл – құрал» атты кітабы болды.
«Тіл – құралы» оқулығы «Сөз басы», «Тіл мүшелері», «Сөйлеу мен сөйлем», «Сөйлем мен сөз», «Сөз бен буындар», «Буын мен дыбыс», «Қазақ тіліндегі дыбыстар және олардың таңбалануы», «Сөз жазуының жалпы ережелері», «Жұрнақтар» /19 түрі көрсетілді/, «Атауыш сөздер» /зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік/, «Шылау сөздер», «Үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөз, қорыту, тасымал» бөлімдерінен тұрады. Әрбір ұғымға анықтама берген, мысалдар келтірілген, «Сынау» деген айдармен түрлі жаттығу тапсырмалар ұсынылады. Берілетін анықтамалар өте ұғыныңқы, мәселен, зат есімге арналған тұжырымға назар аударайық:

1.2 Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолданылатын оқыту әдістері
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне де байланысты болады. Әдіс-тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе –мұғалім оқытуы, екінші мәселе –оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері,оқу әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі -әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері- кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді.

1.3 Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында әдіс – тәсілдерді таңдап алу жолдары
Ұтқырлық мұраты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс - тәсілдердерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл аса маңызды , мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе болып табылады.Мұғалім әр әдіс – тәсілдің өзіндік ерекшелігін,мүмкіндіктерін де жете білуі қажет.

1.4 Көркем шығармаларды оқып-үйренудің әдіс-тәсілдері
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Қай көркем шығарманы оқыса да, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Біреуге қатты ұнаған шығарма екіншісіне ұнамауы мүмкін. Оқушы көркем туындыны өз дүниетанымы, сезімі, білім дәрежесіне байланысты қабылдайды. Әдеби талдаудың басты мақсаты – оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін - әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады. Көпшілік ұстаздар талдауды бастамас бұрын, оқушылармен сол туынды жайында арнаулы әңгіме, пікірлесу ткізеді, тіпті шағын әдеби айтысқа да жетелейді.

2 Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
2.1 Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ жазуының авторы
А.Байтұрсынов мұғалімдер даярлайтын оқу орнын /мектебін/ бітірісімен, 1895 жылдан бастап 13–14 жыл бойы бала оқытумен шұғылданады.. 1895 – 1909 жылдар арасында ауылдық, болыстық бастуыш мектептер мен 5 – 6 жылдық екі кластық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады. Бала оқыта жүріп, сол оқыту ісіне қажетті жағдайларды қарастырады. Ең алдымен қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбалары /графикасы/ бар ма, екіншіден, оқыту жүйесі жолға қойылған, үкімет тарапынан ашылған мектептер бар ма, үшіншіден, ондай графикасы мен мектебі болған күнде қазақ тіліндегі «Әліппе» кітабы мен оқулықтары бар ма, міне осыларға назар аударуы. Әрине, осылардың бірде-біреуінің жоқ екенін біледі және осыларды дүниеге келтірмейінше, жүзеге асырмайынша, қазақ даласындағы оқу-ағарту ісін дұрыс жүргізу мүмкін емес екендігін жақсы түсінеді. Енді ол «Барымен базар болып», күнделікті бала оқытумен қатар, жоғарыда айтылған «Жоқтарды түгендеуге» кіріседі. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов 1990 жылдардан бастап қазақ графикасымен /жазуымен/ айналыса бастады. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақтың ұлттық жазуына икемдеп, қайта түзуді қолға алды.

2.2 Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығын оқыту
Бағдарламада Ахмет Байтұрсынұлы қазақ мәдениеті тарихында ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері және белгілі де беделді ақын, аудармашы болғанын білгізу мақсаты қойылады.
Алғашқы сабақта Ахмет өмірінің елеул кезеңдері – оқып білім алуы, мұғалімдік қызметі, саяси іске араласуы, «Қазақ» газетіндегі жұмысы, «Алаш» қозғалысынан өтіп, Кеңес өкіметі жағына бет бұруы, қоғамдық, ұстаздық қызмет атқаруы, жазықсыз айыпталуы таныстырылады. Ахмет өміріне қатысты мәліметтерді таныстыруда оқушылардың білгісі келетін деректері-жазықсыз айыпталуы, оның себебі,бастан кешкен азаптары, өмірінің соңғы жылдары.
Оқулық ақын өміріне қатысты деректерді, естелік материалдарды түгел қамти алмайды. Сондықтан мұғалім бұл орайда С. Кәкішевтің «Ахаң туралы ақиқат» кітабын (1992ж), «Бес арыс» кітабындағы (1992ж) Г.Дулатованың естеліктерінен үзінділер мен газет-журналдардағы зерттеу мақалаларды, Ахметтің шығармалар жинағын пайдаланады.

2.3 Ахмет шығармаларын орта мектепте оқытудағы шығармашылық жұмыстар
Қазіргі кезең тарихымызды түбірімен қайта қарастыруды талап етіп отыр. Әдебиетті оқыту алдында да келелі міндеттер тұр. «Халық жауы» болып жабылып келген саңлақтар шығармасын былай қойғанда, өзіміз әбден білеміз, танимсыз деген ақын –жазушылар шығармаларын қайта қарастырып, саясат «құрбанына» айналған еңбектеріне жол ашып, оларды партиялық идеядан аршып, халқымен табыстыру-басты мақсат болуы керек. 10 – сыныпта қазақ әдебиетінің тарихы оқылатын орта мектептің жоғарғы буыны. Бұл сыныпта ақын – жазушылардың шығармашылығы монографиялық тұрғыда өтіледі.

2.4 Ахмет шығармаларын өтуде ақпараттық технология айдаланудың тиімді жолдары әдіс- тәсілдері
Қазіргі заман – бұрын – соңды болып көрмеген бәсекелестік заманы. Ұзақ жылдар бойы білім беру тек рухани – интеллектуалдық көзқараста болып келсе, енді білім туралы әлеуметтік әділдік пен өмір сапасына қажет құрал ретінде түсінік қалыптасуда. Себебі халықтың саналық деңгейінің өсуі де, мемлекеттік саясатты түсінуі де білік пен білімді қажет етеді.

2.5 Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын сыныптан тыс жұмыстарда қолдану

Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Әдебиет- өнер, сөз өнері пәні. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ икем дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілеті, дарынына әсер ету, оған әрі қарай білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие берудің басты-басты мәселелері сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. Осы мақсатта Ахмет Байтұрсынов шығармашылығына байланысты – мәнерлеп оқу, драма үйірмесін ұйымдастыру. Мұнда Ахмет шығармаларынан үзінді, инсценировкалар әзірлейді. Оларды мұғалім сабақта пайдаланып отырады.

Қорытынды
Ахметтің қай шығармасын алсақ та халықтығы басым, тәлім – тәрбиеге толы. Ұлы Ахметтің қазақ өмірінің қай кезеңіне де дәл келмейтін сөзі бар ма, тәйірі! Мына жолдар да бүгінгі жас ұрпаққа білдіргелі отырған зиялылар мен қазақ ұлтының қасиет тұтар қазынасы болып табылады.. Қай шығармасын алып талдасақ та, халық мұрасының айнасы екендігіне сөз жоқ.