Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Қазақ тілін оқытуда тарихи тұлғалардың рөлі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Тарихи тұлғалардың тіл мәдениетін дамытуға әсер ететін негіздер 8
1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы 8
1.2 Тіл мәдениетінің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар 11
2 Қазақ тілі сабағында тарихи тұлғалар арқылы тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру 14
2.1 Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық, әдістемелік ұстанымдар 14
2.2 Қазақ тілі пәнінен орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеу 15
2.3 Қазақ тілі сабақтарында жоғары сынып оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері 18
2.4 Тарихи тұлғаларға арналған диктант, мазмұндама түрлері 22
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

КІРІСПЕ
Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.
Тіл - қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.

1 Тарихи тұлғалардың тіл мәдениетін дамытуға әсер ететін негіздер
1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы
Дүние жүзі тарихына үңілсек, көптеген халықтар Академияларындағы ғылым атаулы тілді зерттеуден бастаған.
Тілдің тіл саясатының биік ұғымы, барлық мәні оның қолдануында. Тіл мәдениетінің деңгейі, оның зерттелуі әрі қоғамдық қызметі арқылы көрінеді.
Тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды.

1.2 Тіл мәдениетінің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар
«Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт» - деп тұжырымдайды М.Балақаев. Көптеген зерттеуші, ғалымдардың еңбектерін, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдай келе, оқушылардың тіл мәдениеті деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама, әңгімелесу, байқауларды негізге ала отырып, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық, көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытындыға келдік.

2 Қазақ тілі сабағында тарихи тұлғалар арқылы тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру
2.1 Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық, әдістемелік ұстанымдар
Тіл мәдениетіне тәрбиеленудің жолға қойылуы — бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талабынан туындап отырған мәселе. Мемлекеттік мәртебеге ие болған казақ тілінің қолданыс өрісінің кеңеюі, біршама жылдар бойы өзге тілдің өктемдігінен табиғи арналарынан ажырап қалған ана тілімізді өрістетуге деген талаптың күшеюі республикамыздағы білім беру жүйесінің негізгі буыны болып саналатын жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі пәнінің рөлінің, маңызының арттырылуына қажетті алғышарттарды қалыптастыруды керек етеді. Бұл орайдағы негізгі шарттар — қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын жаңарта отырып, оқушыға терең білім беру, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру ана тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін жетілдіру.

2.2 Қазақ тілі пәнінен орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеу
Тіл мәдениетіне тәрбиелеу – қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады.
Бүгін алдымызда тұрған келелі мәселе - өзіндік пікірі бай, ойлы, сезімді, мейірбан ұрпақ тәрбиелеу десек, бұл тікелей сөз өнерімен байланысты. Әр адамға ауадай қажет осы ғажайып өнерге тәрбиелеу – тіл мен әдебиет мұғалімінің қиын да құрметті міндеті.

2.3 Қазақ тілі сабақтарында жоғары сынып оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Жалпы білім беретін мектептер бағдарлы оқытуға бет алды және оқу мерзімі де ұзарды, ал оның әлеуметтік тиімділігі неде болуы тиіс деген сұрақтың жауабын табу әрбір пән әдістемесінің негізгі мәселесіне айналды. Бұл мәселенің түйіні білім философиясының жаңаруы, жаңа парадигманың енуі, білім мазмұнының қоғам талабымен ұштасуы, жаңа технологияның қолданылуы т.б. тенденциялардың маңыздылығын ескере отырып, оқытуды интеллект дамуының қайнар көзіне айналдырудың тетіктерін айқындау арқылы шешілері сөзсіз.

ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмысты қорытындылай келе, қазақ тілін оқытуда тарихи тұлғалар туралы тірек- кестелердің тиімділігі оқушыларды тіл (сөйлеу) мәдениетіне тәрбиелеуде қойылатын мақсат – ана тілінің мәні, тарихы мен бүгіні, шешендік өнердің алуан түрлі сипаттары туралы мағлұматтар бере отырып, оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.
Осы мақсатқа сай туындайтын негізгі міндеттер: