Метонимияның жасалу жолдары және стильдік ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4
1 Метонимия табиғаты 7
1.1 Метонимияға берілген анықтамалар мен түсініктемелер 7
1.2 Метонимия мен синекдоха 11
1.3 Метонимияның ақын-жазушылар шығармаларындағы көрінісі 13
1.4 Метонимияның лексика –семантикалық ерекшелігі 19
2 Метонимияның жасалу жолдары және стильдік ерекшеліктері 30
2.1 Есім сөздердің метонимия ретінде қолданылуы 30
2.2 Етістіктердің метонимия ретінде қолданылуы 37
2.3 Үстеу мен одағай және еліктеуіш сөздердің метонимия ретінде қолданылуы 38
2.4 Метонимияның стильдік ерекшеліктері 42
2.5 Метонимияның троп түрлерімен байланысы 44
Қорытынды 61
Қолданылған әдебиеттер тізімі 62
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі ... Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.
1 Метонимия табиғаты
1.1 Метонимияға берілген анықтамалар мен түсініктемелер
Халық тілі «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» білдіретін, бейнелі ойды бедерлеп жеткізетін өрнекті сөз орамдарына аса бай. Қай тіл болса да, оның сөздік қорының мол болуы сол тілде сөйлеушілердің қарым- қатынасын жақсартуға, айтайын деген ойын терең, мазмұнды етіп түсіндіруге өз септігін тигізеді.
Орнын тауып қолдана білсе, қандай күрделі пікірлерді де әрі түсінікті, әрі көркем, әрі орамды етіп қолдануға болады. Сөздің немесе тілдің көркемдігі дегенде, ең алдымен, оның әсерлігін ұғамыз. Ал, әсерлі сөйлеу, яғни көркем тілмен сөйлеу, өз ойын өзгеге шама-шарқынша айқын түсіндіру –тек өнер- білім адамына ғана емес, «мәдениеттімін» деген барша қауымға міндет әрі қажет.
1.2 Метонимия мен синекдоха
Ғылымда метонимияны синекдохадан бөліп, екеуін троптың екі басқа түрі деп қарайтындар да, синекдоханы метонимияның бір түрі деп, екеуін біріктіре қарайтындар да бар. Біздің ойымызша, соңғы пікір дұрыс сияқты.
Синекдоха (гректің- synecdoha)- жобалап, нобайлап, шамалап түсіну- бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны (дараны), үлкеннің орнына кішіні немесе жалқының орнына жалпыны, бөлшектің орнына бүтінді қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы. Ахмет Байтұрсынов синекдоханы мезгеу деп атайды да, мынадай анықтама береді: «Бір ұғым орнына екінші ұғым айтылуы мезгеу болады. Мезгеу мынадан шығады:
1.3 Метонимияның ақын-жазушылар шығармаларындағы көрінісі
Көркем әдебиет тілінің сүргіден өткен тақтайдай бір тегіс болып келуі, әрине, шарт емес. Әрбір қабілетті жазушы тілді өзінше, өзгеше меңгеруге тырысады. Осы тұрғыдан келгенде, ақын- жазушыларымыздың қаламынан стильдік метонимиялар, яғни сөздердің метонимиялы қолданыстары көптеп пайда болады. Мұндайларды шартты түрде өзіндік метонимиялар деп атадық. Өзіндік метонимиялар- ақын- жазушылардың ана тіліне тартқан ең қымбат, асыл сыйы. Әуелгі кезде өзіндік метонимиялар көбінесе конекстен ғана белгілі болып, бертін келе тұрақты метонимияға айналуы мүмкін.
1.4 Метонимияның лексика –семантикалық ерекшелігі
Метонимия троптың өзге түрлерінен грамматикалық құрылысы жағынан емес, мағыналық жағынан ажыратылады. Сондықтан оны негізінен мағыналық немесе лексикалық – семантикалық категориялармен қалай байланысқа түсетінін талдау арқылы ғана ажыратамыз.
Қазақ тілі –бедерлі де, бейнелі тілдердің бірі. Ол «өнер алды-қызыл тіл» деп ұққан дана халықтың, ердің құнын екі ауыз сөзбен тындырған көшпелі билердің тілі. Ана тілімізде халық тұрмысына, төрт түлік малға, аңға, құсқа, тағы басқа табиғат құбылыстарына байланысты туған бейнелі теңеу, метафора, метонимия, мақал мен мәтелдерге басқа тілдерден балама табу қиын. Ұлы Абай: «өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» дегенде, осы шындықты ескерген болуы керек.
2 Метонимияның жасалу жолдары және стильдік ерекшеліктері
2.1 Есім сөздердің метонимия ретінде қолданылуы
Метонимиялар өзінің құрылымы жағынан екі түрге бөлінеді:
1. Жай метонимиялар бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: « Жорғасы болса мінісіп, торқасы болса киісіп » (Алдаспан). Біріншісі –жүрісіне қарап ат деген, екіншіс -матасына қарап киім деген ұғымды алмастырып тұрған жай метонимиялар. «Бірақ ол қанша зарласа да, қанша қараса да, даусын естіген құлақ, көзіне түскен жылы жүз табылған жоқ (І. Жансүгіров). Осы сөйлемдегі «құлақ», «жүз» деген дене мүшелері- «адам» деген мағынаны білдіріп тұрған жай метонимиялар.
2. Күрделі метонимиялар екі немесе одан да көп сөзден тұрады. Мысалы: «Ә дегенде айқаймен кетіп қалатын « жалбыр шаш қара ойланып қалды»
(І. Жансүгіров). Шеткі шоқ талдан асып, көп тал мен арадағы алаңқайға барғанда қара мұрт тоқтады» (Ж. Аймауытов). «Қауға сақал етіктерін қайта шанди бастады» (Ғ. Мүсірепов). Бұл үш сөйлемдерде адамның жеке мүшелерінің түр- сипаты оның өзін алмастырып, күрделі метонимия болып тұр.
2.2 Етістіктердің метонимия ретінде қолданылуы
Қай тілде болса да, етістік аса күрделі сөз табының біріне жатады. Сондықтан ғалымдардың етістіктен жасалған метонимиялар жайында бір пікірде болмауы заңды да. Етістікке жататын сөздер де заттанып барып метонимия болады яғни, іс-әрекет, қимылды білдіретін сөздер заттық атауға ие болады. Түсініктірек айтқанда, іс пен қимылдың атауы заттың атауымен алмасады. Осы алмасуды біраз ғалым метонимиялық алмасу деп қарайды. Біздің ойымызша, метонимияға жату-жатпауы дүдамал етістіктердің метонимияға жатқызуылына негізгі себеп осы. Мысалы, біраз ғылымдар «ою», «бояу», «қыстау», «шаншу», «жамау», «көсеу», «қашау», «жабу» сияқты бірде етістік, бірде зат есім болып келетін сөздерді метонимияға жатқызады.
2.3 Үстеу мен одағай және еліктеуіш сөздердің метонимия ретінде қолданылуы
Сөз таптарының ішінде метонимиялық қолданыста ең аз кездесетін сөз табының бірі -үстеу. Іс-қимылдың амалы мен тәсілін, сыны мен бейнесін білдіретіндіктен, үстеудің заттануы, яғни субстантивтенуі өте қиын. Сондықтан үстеуден метонимия болған сөздер тілімізде өте сирек кездеседі. Алайда оның ойды айшықты, астарлы мағынада жеткізуде қызметі ерекше. Мысалы, «Кейінгілері, болды құмар шекпенге» дегендегі (А.Байтұрсынов)
«Кейін» үстеуінен туындаған сөз «Кейінгі жастар», соңынан «келе жатқан адамдар» деген күрделі ұғымды беріп тұрған метонимияға жатады. Сол сияқты «би екеу болса, дау төртеу болады деген бұрынғылар» (М.Мағауин) «Бұрынғылар» сөзі «бұрын» деген үстеуден туындап, мағынасын «бізден бұрын өмір сүрген, көпті көрген ақсақалдар» дегенді білдіреді. «Таң сұлу келініндей бұрынғының, ұстады нұрға малған шымылдығын» дегендегі (Ф.Оңғарсынова) «бұрын» үстеуінен түындаған сөз-«бұрын өткен кісілер бұрынғы заман» деген ұғымды қосарлай алмастырып тұрған терең мәнді метонимия. Мында «кейін», «бұрын» деген мезгілдік үстеулері -ғы, -гі жұрнақтары жалғану арқылы заттанып, метонимияға айналғанда, одан кейін –лар, -лер, көптік жалғаулары, -ның септік жалғаулы, -і тәуелдік жалғауы зат есімге жалғанғандай жалғанып тұр.
2.4 Метонимияның стильдік ерекшеліктері
Тіл табиғатына тереңірек үңілсек, метонимияның қолданылуы мен ондағы жұмсалу аясының өте кең екендігі байқалады. Бұл-әдеби тіліміздің стильдік сырының қат-қабат болып келетіндігінің белгісі. Метонимия тілдің әр түрлі стилінде әр қилы қолданылады. Мәселен, ғылыми-көпшілік әдебиет пен оқулықтарда, ресми-іс қағаздары мен түрлі құжаттық материалдарда метонимиялар сирек қолданылады. Себебі бұларға бейнелі, астарлап айтудан гөрі ойдың тура, дәл айтылуы қажет. Ал ауызекі тілде метонимия жиі қолданылады. Өйткені кез келген адам өзінің айтқан сөзіне, ойына мейлінше әсерлі түр-сипат беруге тырысады.
2.5 Метонимияның троп түрлерімен байланысы
«Сөз сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады. Біріне бірін жарығын түсіріп тұратын сөздерден құрылған сөйлем айтайын деген ойыңды дәл жеткізеді. Бұл арада ерекше ескеретін бір нәрсе-әр сөздің ой мен сезімге дәл тиіп жатуы,- ең үлкен арман осында. Біріне-бірі көлеңкесін түсіріп тұратын сөздер өз мағынасын дәл баспай, екі оқты болып, ауытқып шығады. Жазба сөз-бірөңкей әскер легі емес, қой-сиыры аралас шұбаған көш те емес, теңіз толқыны да емес, жайнап тұрған бақша да емес, өмірге түгел ортақ ой-сезімді дәлірек те толығырақ бере алатын тіл байлығы. Бұл байлықты қалай болса солай пайдалану –болашақ үшін үлкен қиянат, -дейді Ғ.Мүсірепов. Яғни тіліміздегі жай сөз де, көркем сөз де -бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Тілдің көркемдік құнын көтеруде метафора, метонимия, эпитет, теңеу сияқты троптарды мол пайдаланудың мәні айрықша. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар:
Қорытынды
1989 жылдың 22 қыркүйегінде республикамызда қазақ тілі туралы заң қабылданып, қазақ тілі республика шеңберінде мемлекеттік тіл деп жарияланды. Қазақ тілін білу мен үйрену күрделі жағдайға тап болып отырғанда, оның кейбір мәселелерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды болмақ. Өйткені әрбір зерттеу жұмысы сол тілдің дамуына белгілі дәрежеде өз үлесін қосады.
Шығарма тіліндегі жазушының тіл шеберлігі көріктеуіш амал-тәсілдерге байланысты. Шеберліктің шыңдалуы үшін көркем ойды көрікті жеткізетін түрлі тәсілдерді меңгеру қажет. Жазушы қолданған тілдік тәсіл ойды бейнелі жеткізумен бірге даралық қолтаңбасын анықтайды. Сондықтан қаламгер тіліндегі метонимия троптың әр түрімен байланыста қаралды.