Сөйлемнің түрлері
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Сөйлем туралы түсінік 8
1.1 Предикативтілік 8
1.2 Модальдік белгісі 9
2 Сөйлемнің (айтылу мақсатына қарай) түрлері 11
2.1 Хабарлы сөйлем 11
2.2 Сұраулы сөйлем 11
2.3 Бұйрықты сөйлем 13
2.4 Лепті сөйлем 14
2.5 Болымды және болымсыз сөйлемдер 15
2.6 Жай сөйлемнің түрлері 16
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер 27
Кіріспе
Сөйлемнің түрлері өте кең әрі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Осы «Сөйлемнің түрлері» атты курсттық жұмыстың өзектілігі мынада болып саналады. Жалпы алғанда, тіліміздегі сөз тіркестерінің түрлеріне қарай оның көптеген тәсілдер мен жолдар арқылы жасалуын да ескергеніміз жөн. Сөйлемнің түрлерінің жасалуы уақыт өте келе бір жерде тоқтап қалмай, дамып, байып келеді. Тілімізге басқа тілдерден енген сөздер арқасында осы сөйлемнің түрлері атты сала жақсы әрі қарқынды дамып келеді. Сол себепті дамып келе жатқан осы білім саласын жан-жақты зерттеп, қыр-сырын терең қарастырғанымыз дұрыс. Міне осы мәселелердің бәрін де қамтып қарастыру өзекті мәселе болып саналады.
Курстық жұмысымның мақсаты сөйлемнің түрлерін зерттеу болып табылады. Күнделікті оқып жүрген сөйлемнің түрлерін қарастыру. Бұл арада әдеттегідей жалпыланған, үстіңара жай шолудан өзгеше, тереңдей оқып, жан-жақты талқылау. Сөйлемнің түрлерінің мәселелерін тек зерттеп қана қоймай, сонымен қатар егжей-тегжейлі талқыға салу да менің алға қойған мақсаттарымның бірі.
1 Сөйлем туралы түсінік
Сөйлем-синтаксистің ең негізгі бірлігі, өйткені сөйлем ғана тілдің негізгі қызметін анықтай алады. Сөйлемнің ең негізгі қызметі-оның коммуникативті функциясы және шандық болмыстан хабар беруі. Сөйлем өзіне ұқсас басқа тілдік құбылыстардан осы қасиеттері арқылы ажыратылады.
Бұрынырақта синтаксистің объектісінің ең жоғары сатысы-сөйлем делініп келді. Синтаксисте тек сөйлемді ғана қарастырумен шектеліп келдік. Ғылым дамиды, соңдықтан оны бір фактімен шектеуге болмайды. Қазіргі қазақ тілінде мәтін, абзац, күрделі синтаксистік тұтастық сияқты синтаксистік категориялар бар.
1.1 Предикативтілік
Сөйлемнің негізін құрайтын элемент-бастауыш пен баяндауыш. Ең алдымен сөйлемге тән қасиет-предикативтілік. Бастауыш пен баяндауыштың негізінде сөйлемнің модальділік қасиетін айқындаймыз.
Сөйлемді сөйлем ететін-предикативтілік. Предикативтілікке жақ, шақ мәселесі негіз болады. Осы екеуі арқылы предикативтілік жүзеге асады. Предикативтиліктің арнайы көрсеткіші-жақ және шақ көрсеткіштері. Предикат- Баяндауыш деген мағынаны білдіреді.
1.2 Модальдік белгісі
Сөйлемнің ең, негізгі белгісі-предикативтиліктен кейінгі белгісі-модальділік. Модальділік-орындағы мәселе. Сөйлем арқылы адам қуану, шаттану, еркелету, жақтырмау, керектілік т.б. семантикалық белгілерді білдіреді. Сөйлемнің бойындағы мундай қасиеттердің барлығы да модальділік белгісі арқылы беріледі. Модальділікті білдірудің негізгі белгілері:
2 Сөйлемнің (айтылу мақсатына қарай) түрлері
Сөйлем айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінеді.
2.1 Хабарлы сөйлем
Бір нәрсенің немесе бір іс жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.
Мысалы: Абай екі-үш күндік жолдан шаршап, ауылға кеше оралған еді. Оның ұлы үлкен қаладан үлкен оқу тауысып келген көрінеді. Ұлымызды балалар бақшасына бердік.
Хабарлы сөйлемдердің маөмуны әр түрлі болады. Олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздермен, әсіресе баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшіліктерімен байланысты болады. Баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктеріне қарай хабарлы сөйлемдер:
2.2 Сұраулы сөйлем
Басқадан жауап күту мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады. Сұраулы сөйлемдер интонация арқылы және сұрау есімдіктері, сұраулық шылаулар, көмекші етістіктер және қосымшалар арқылы жасалады.
2.3 Бұйрықты сөйлем
Бұйрықты сөйлем біреуді бір іске жұмсау мақсатымен айтылады. Ондай сөйлемдер тек қана буйрықты мағынада емес, сонымен бірге кісінің еркін, талабын, тілегін, жалынышын білдіреді. Бұйрықты сөйлем негізінде ауызекі тілге тән. Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық және қалау райы арқылы жасалады. Олар сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады. Бұйрықты сөйлемдердің айтылу әуені олардың мазмұнына, байланысты болады. Мысалы:-Шеген! Тоқта! Қайырыла кет!
2.4 Лепті сөйлем
Адамның көңіл-күйін, әр түрлі эмоциялық сезімін сөйлемдер лепті сөйлемдер деп аталады. Лепті сөйлемдер жай хабарды берумен қатар, кісінің ішкі сезім-күйін білдіруі мүмкін. Лепті сөйлемдер одағайлармен жасалады. Кейде одағайлардың өзі лепті болады, сонымен қоса сөйлем көтеріңкі әуенмен айтылады:-Қап!-деді Ахмет өте шығып.
2.5 Болымды және болымсыз сөйлемдер
Адам объектівті болмысты, ойлаған ойын хабарлауға сөйлемді болымды не болымсыз етіп қурайды.
Бүгін қар жауады-болымды сөйлем.
Бүгін қар жаумайды-болымсыз сөйлем.
Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің қай-қайсы да осындай екі түрлі синтаксистік құрылыстың бірінде айтылады. Болымсыз сөйлем болымды сөйлем арқылы жасалады. Болымды сөйлем-ойды айтудың негізгі формасы да, болымсыз формасы одан гөрі сирек қолданылатын формасы (қосымша формасы). Сонда болымсыз сөйлем арқылы объектівті болмысты, ойлаған ойымызды жоққа шығармаймыз, керісінше айтылған ойға ерекше стильдік өң беріп, сөйлемді түрлендіріп, эмоциялы, экспрессивті етіп айтудың тәсілі етеміз.
2.6 Жай сөйлемнің түрлері
Грамматикалық бастауышы бар, не бастаушы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауыш арқылы тауып алуға болатын сөйлем жақты сөйлем болады. Жақты сөйлемдердің баяндауыштары бастауышпен қиысу үшін белгілі бір жақ жалғауларында не жалғаусыз жақтық мағынада айтылады. Баяндауыштың тұлғасына, мағынасына дәлме-дәл үйлесімді айтылатын бастауышы бар сөйлем ғана жақты болады. Мысалы: Біз ұстазымыздың айтқаның булжытпай орындап келеміз.
Қорытынды
Сөйлемнің түрлері өте кең әрі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі екені бәрімізе де белгілі. Осы «Сөйлемнің түрлері» атты курсттық жұмыстың өзектілігі жалпы алғанда, тіліміздегі сөйлемнің түрлерінің санына қарай оның көптеген тәсілдер мен жолдар арқылы жасалуы деп жоғарыда кіріспеде айтып кеткен едім. Сөйлемнің жасалуы уақыт өте келе бір жерде тоқтап қалмай, дамып, байып келеді. Тілімізге басқа тілдерден енген сөздер арқасында осы сөз тіркесі атты сала жақсы әрі қарқынды дамып келеді. Сол себепті дамып келе жатқан осы білім саласын жан-жақты зерттеп, қыр-сырын терең қарастырғанымыз дұрыс. Міне осы мәселелердің бәрін де қамтып қарастыру өзекті мәселе болып саналады.