Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы


Жоспар
Кіріспе 3
1 Проблеманың жай-күйін талдау 4
2 Стратегияның мақсаты мен міндеттері 8
3 Мақсатқа қол жеткізу және басымдық міндеттерді шешу жөніндегі негізгі шаралар 9
4 Нашақорлықтың бастапқы алдын алу 13
5 Есірткіні теріс пайдаланатын адамдарды емдеу және әлеуметтік оңалту 15
6 Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымының жолын кесу 18
7 Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың мемлекет белгілеген айналымын тиімді бақылауды қамтамасыз ету 21
8 Ұйымдастырушылық және ресурстық қамтамасыз ету 23
9 Күтілетін нәтижелер 24

Кіріспе

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) Қазақстан қоғамының одан әрі дамуы, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мүддесінде әзірленді.
Стратегия «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы « Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығының негізгі қағидаларына жауап береді, онда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып айқындалған. Онда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің басшылары 1999 жылғы 25 тамызда жариялаған Бішкек декларациясының, 2000 жылғы 21 сәуірде Ташкент қаласында Орталық Азия экономикалық қоғамдастығына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Терроризмге, саяси және діни экстремизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және Тараптардың тұрақтылығына өзге де қатерлерге қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы шарттың, сондай-ақ осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелері ескерілген.

1 Проблеманың жай-күйін талдау

Қазіргі таңда Қазақстан қоғамының алдында тұрған және шұғыл шешуді талап ететін өзекті мәселелердің ішінде ел халқының денсаулығына және тұтастай алғанда ұлттық қауіпсіздікке төнген жаһандық қатер ретінде нашақорлықтың және есірткі бизнесінің өсу проблемасы алдыңғы орындардың біріне шығып отыр.
Соңғы 10 жыл ішіндегі Қазақстандағы есірткі ахуалына жасалған талдау республикада оның тұрақты келеңсіз серпінге ие айтарлықтай асқынуымен сипатталатындығын көрсетеді.
Қазіргі кезде Орталық Азия өңірі әр алуан шығу түрлері мен нысандардағы есірткілердің экспансиясына ұдайы ұшырап отыр. Оның негізгі себептері:

2 Стратегияның мақсаты мен міндеттері

Стратегияның мақсаты Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесін жетілдіру болып табылады.
Стратегияның ең маңызды міндеттерінің қатарында мыналарды айқындау қажет:
1) нашақорлыққа қарсы насихатты күшейту;
2) есірткіге тәуелділердің алдын алу, оларды ерте анықтау, тиімді емдеу және әлеуметтік оңалту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру;
3) есірткі бизнесіне қарсы күресте ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту;
4) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
5) уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алуға және оны емдеуге мамандандырылған медициналық мекемелердің материалдық-техникалық әлеуетін нығайту;
6) наркологиялық қызметті реформалау мен дамыту процесін жаңғырту және тиімді ғылыми-ақпараттық сүйемелдеу;

3 Мақсатқа қол жеткізу және басымдық міндеттерді шешу жөніндегі негізгі шаралар

Әлемдік тәжірибені және өңірдегі жағдайдың даму ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес 2006-2014 жылдары мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
1) нашақорлықтың бастапқы алдын алу;
2) есірткілерді теріс пайдаланатын адамдарды емдеу және әлеуметтік оңалту;
3) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымының жолын кесу;
4) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына мемлекет белгілеген тиімді бақылауды қамтамасыз ету.
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес процесінің үдемелі дамуын қамтамасыз ету мақсатында Стратегияны іске асыру үш кезеңге бөлінген: 1-кезең - 2006-2008 жылдарды; 2-кезең - 2009-2011 жылдарды; 3-кезең - 2012-2014 жылдарды қамтиды. Тиісінше Стратегия оның негізінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің өңірлік және салалық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру арқылы кезең-кезеңмен орындалатын болады.

4 Нашақорлықтың бастапқы алдын алу

Қазақстандық қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік мәдени факторлары (моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы, батыстық мәдениеттің жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруі) ұлт денсаулығының негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін өзекті етеді.
Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана емес, азаматтық қоғам институттарының да қызметі болуы тиіс.
Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс.

6 Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымының жолын кесу

Құқық қорғау және нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуына қарсы іс-қимылға қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың басты назары халықтың есірткі құралдары мен психотроптық заттарға қол жетімділігін барынша шектеуге бағытталатын болады. Осыған байланысты аталған салада Стратегияның негізгі ұстанымдары елге заңсыз есірткілерді әкелуді болдырмаумен, есірткілерді заңсыз айналымнан тиімді алумен, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымнан заңсыз айналымға өтуінің алдын алумен байланысты болады.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттің өзіне баса назар аударатын орталық проблемалары контрабанда көлемінің және опиаттар (героин, апиын) мен синтетикалық есірткілердің неғұрлым қауіпті түрлері транзитінің өсуі болып қалуда.
Республиканың есірткі нарығындағы контрабанда құрамасын ескере отырып, шетелдердің, ең алдымен шекара маңындағы елдердің құқық қорғау және арнайы органдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге баса назар аударылуы тиіс. Осы мақсатта есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында, атап айтқанда «бақыланатын жеткізілім « әдісі бойынша бірлескен арнайы операциялар мен іс-шараларды өткізу, қылмыстық кірістерді және басқа шараларды заңдастыруға қарсы шараларды жүзеге асыру кезінде кең халықаралық ынтымақтастық үшін құқықтық негіздерді құрайтын нормаларды жетілдіруді және бірыңғайлауды жалғастыру қажет. Түрлі мемлекеттер оқу орындарының базасында оқытуды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыруда халықаралық ынтымақтастықтың рөлін күшейту қажет. Есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күрестің ақпаратымен, тәжірибесімен және тәсілдерімен алмасу мақсатында құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің кездесулерін кеңейту және бұдан әрі ұдайы жүзеге асыру қажет.

7 Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың мемлекет белгілеген айналымын тиімді бақылауды қамтамасыз ету

Елде қалыптасып отырған есірткі ахуалын ескере отырып және есірткі мен оларды дайындау технологияларын медициналық емес пайдаланудың таралуының алдын алу мақсатында құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар дәрілік заттар мен препараттарды өндіруді, сақтауды, тасымалдауды және ұтымды медициналық пайдалануды, сондай-ақ оларды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануды реттейтін заңнамалық нормаларды және бақылау - технологиялық талаптарды мінсіз сақтаудың бірінші кезектегі маңызы бар.
Бұл үшін есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына қатаң бақылау орнату, олардың заңды айналымнан заңсыз айналымға түсуін елеулі түрде қысқарту жөнінде шаралар қабылдау қажет.

8 Ұйымдастырушылық және ресурстық қамтамасыз ету

Стратегияны іске асыруды ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетіне, мүдделі мемлекеттік органдарға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, сондай-ақ олардың өкілеттіліктері мен мәртебесіне сәйкес нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссияларға жүктеледі. Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті жыл сайын Қауіпсіздік Кеңестің отырысында республикадағы есірткі ахуалы, оны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы баяндап, Стратегияны іске асыру барысы туралы есеп беретін болады.

9 Күтілетін нәтижелер

Стратегияның мақсаттарына қол жеткізудің тиімділігі барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес бірлестіктердің және қалың жұртшылықтың оның негізінде Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің өңірлік және салалық бағдарламаларын әзірлеуге әр кезеңде барынша топтасуының жағдайына байланысты болады.
Толық көлемде қаржыландыру және осы бағдарламаларды іске асыру кезіндегі орындаушылардың жауапкершілігі мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: