Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 48 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Қазақстанның Ресейге қосылуы


Мазмұны
Кіріспе 3
1-Тарау. Ресейге қосылар алдындағы Қазақстан 7
1.1 Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік және сыртқы жағдайы 7
1.2 Қазақ әдет-ғұрып заңдарының негізгі тармақтары және оның институттары 13
ІІ Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның салдары 23
2.1 Ресейдің Қазақстанды отарлап алуы және оның салдары 23
2.2 Құқықтық және саяси әкімшілік реформалар 30
2.3 Озбырлыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістер 35
Қорытынды 46
Қолданылған құжаттар тізімі 48

Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің нығайып, жан-жақты дамуы , адамдардың әлеуметтік тұрмысының жақсаруы, ұлтаралық татулықтың орнауы, рухани мәдениетінің өркен жаюы қашан да имандылық пен ата-бабаларымыз ұрпақтарына қалдырған қағида - ережелеріне байланысты болмағы даусыз. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойына моральдық нормаларға бағынып, арақатынастарын солар арқылы реттеп отырған. Оны еліміздің өткен ата-бабалар өмір салтынан көруге болады.

1-Тарау. Ресейге қосылар алдындағы Қазақстан
1.1 Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік және сыртқы жағдайы
17 ғасырдың аяғы 18 ғасырдың басына қарай Қазақстанның саяси жағдайы онша мәз емес енді. Уақ хандықтарға бөлінген қазақ феодалдары өзара алауыздық пен кикілжіңге белшесінен батып, ал сұлтандар болса, осы алауыздықты өз бас пайдаларына жаратып, қазақтардың ұлы ханы болуға тырысып жатты. Шыңғыс тұқымдарының «Тақ таласы» талай жазықсыз жандардың қызыл ханы текке төгіліп, қазақ елінің күйзеліске ұшырауына жақындата түсті. 1640 жылы «Дала құрылтайында» әскери тәртібін нығайтатын заңдар қабылдаған соң іргелі елге айналған Қалмақ мемлекеті пайда болуы нәтижесінде бұл қауіп күшейе түсті. 1640 жылы « Дала ережелерін» қабылдаған жоңғарлықтар «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», қазақтарға аса қауіпті, күшті мемлекетке айналды.

ІІ Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның салдары
2.1 Ресейдің Қазақстанды отарлап алуы және оның салдары
Ресейдің Қазақстанға,қазақ жеріне қызығуы әсіресе, патшалық өкіметтің башқұрттар мен татарларды күшпен қосып алғаннан кейін күшейе түсті. Енді ұлан-ғайыр қазақ жері арқылы Қытай, Үндістан, Орта Азияға шығуға болатынын білгенімен, бірақ алдымен Балтық, Қара теңіз жағы мәселесін шешіп алуды бірінші кезекке қойған еді. Жалпы Ресей империясының Қазақстанды отарлап, бодан етуін мынадай кезеңдерге бөлеміз:

2.2 Құқықтық және саяси әкімшілік реформалар
Қазақстанның Ресейге бодан болып кіруі салдарынан елдің құқығы бұзылып, түпкі тамырына балта шабылып, қазақ әдет-ғұрып заңдарының қолдау ауқымы мүлдем тарыла түсті әрі бірлі жарым өміршеңдерінің мәні өзгеріске ұшырады. Патшалық шенеуніктер жіті қадағалап отырған билер съезінің шығарған Ережелеріне ерекше мән берілді.Осы билер съезі арқылы патшалық Ресей қазақтардың ескіден келе жатқан әдеттік заңдарын бұрмалап, жазба заңға айналдырды. Әсіресе империялық орыс заң нормаларын негізге алып, оны ел арасында күштеп ендіруді алдарына мақсат етіп қойды.

2.3 Озбырлыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістер
Ресейге қосылған Қазақстанның бастапқы түрі протекторат болды. Сөйтіп,ә дегеннен-ақ басқа елдермен халықаралық-құқықтық қарым-қатынас жасау субъектісінен айрылып, сыртқы саяси бостандығынан айырылды.

Қорытынды
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан Елбасы Н.Ә.Назарбаев тәуелсіз еліміздің негізін нығайтамын деп, қолынан келгеннің бәрін жасауда. Құдайға шүкір, қазір Қазақстан әлемге танылғанымен, тәуелсіздігімізді бекіте түсер мәселелер көп. Солардың бірі ретінде Ресей боданы болған кезең жайлы М.Қозыбаев, Ж.Қасымбаев, с.З.Зиманов, Ғ.Сапарғалиев, т.б. қалам тартты. Бірақ, әлі де шындыққа сай зеттеулер жүргізіле берулері қажет.
Алдымызда демократиялық-құқықтық мемлекет құру мақсаты тұр. Олай болса оны алдымен алыстан іздемей, өзімізден іздегеніміз жөн. Қашанда әр халықтың өзіндік түйсігі, мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, қалыптасқан заңдары болады. Ол заңдар алдымен имандылық, ар-ұят, намыс секілді көздерден бастау алып, өзінің ұрпақтарына ғана арналады.