Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС материалдары негізінде)
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 8
ҚОРЫТЫНДЫ 21
РЕЗЮМЕ 24
SUMMARY 28
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы қажет.
Алайда, экономикалық әдебиетте «еңбекке ынталандыру» мәнін анықтауда ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде «экономикалық мүддерлер», «қажеттілік», «ынталандыру», «материалдық ынталандыру», «уәж», «уәжділік» сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы да бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, «ынталандыру» категориясын нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді, зерттеу шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени, құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын экономистерді қолдаймыз.
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек, ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, «еңбекке ынталандыру» дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың күшті құралы.
Өйткені жаңа технологиялық жетістіктер, ресурс үнемдейтін технологиялар, еңбек өнімінің жоғары сапасы, барған сайын, адамның творчестволық қабілетіне тәуелді болып барады. Олардың деңгейі қаншалық жоғары болса, өндіріс нәтижелері соншалық маңызды. Әлемнің жетекші мемлекеттерінде интеллектуалдық әлеует экономикалық өсімнің іргелі көзіне айналған. Демек, экономиканың тиімді дамуын ынталандырудың экономикалық механизмі ғылымға, жаңа технологияға, жаңа білімге, адам капиталын нәтижелі қолдануға негізделуі қажет.
Сапалық өзгерістердің көрінісі мынадай: аралық өніммен салыстырғанда түпкілікті өнімнің әлдеқайда алда болуы; өндірілетін өнім сапасының тез өзгеруі мен түрлерінің жаңаруы; ғылыми-техникалық прогресс жылдамдығын анықтайтын өндіріс салаларының өсуі. Сондықтан, экономикалық өсімнің жекелеген факторы заттық факторға қарағанда экономикалық өсудің жаңа сапасына қажетті басты шарты болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, адам капиталына жұмсалған инвестиция мен экономикалық өсім сабақтас құбылыстар. Сондықтан, экономикалық өсудің басты құралы адам капиталына жұмсалатын инвестиция.
Міне осы баяндалған тиімділік критерилерін негізге ала отырып, экономика тиімділігін ынталандырудың механизмінің мына моделін ұсынамыз (2-сурет).
Сурет 2 - Экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі
Модельден экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің экономикалық тиімділіктің өсуіне бағытталып тұрғанын аңғаруға болады. Механизм тиімділігінің критерилері экономикалық өсімнің сапалық анықтамсын көрсетеді, яғни экономикалық өсім үнемі экономикалық дамуды қамтамасыз ету қабілетіне байланысты. Экономикалық өсімді ынталандыру механизмі қызметінің нәтижелері тек сандық емес, әсіресе сапалық өсімде де көрінеді, бұл өз кезегінде, адамдардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне, өмір сапасының жақсаруына, халықтың тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуінің анағұрлым азаюына серпінді ықпалын тигізеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген зерттеу мына төмендегі тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
1. Жұмыста «экономикалық мүдде», «ынталандырма», «уәж», «уәждеме», «ынталандыру» категориялары нақтыланды. «Ынталандырма» категориясының екі жақты екені анықталды: біріншіден, объективті (материалды заттық) жағы, оның негізінде экономикалық мүдде қалыптасады; екіншіден, субъективті жағы, аз уәж және ынталандырманың өзара байланыстарын сипаттайды. Экономикалық ынталандыру дегеніміз адамдарды өнімді еңбекке құлшындыратын, олардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған әдістер мен тетіктердің жиынтығы.
2. Тұтынушының жоғары стандарты мен техноло¬гиялық дамуы, адамдардан шаруашылық процесінде, тек ғылыми (біліктілік) дайындығы ғана емес шығармашылық басқару қызметтеріне араласуын да талап етеді.
Жұмыскердің еңбек белсенділігін ынталандыру үшін уәждемелер мен ынталандырудың жаңа жүйесін жасау қажет, оның теориялық әдістемелік принциптеріне мыналар жатады:
РЕЗЮМЕ
на автореферат на соискание учёной степени кандидата экономических наук
по специальности 08.00.05 – Экономика и управление народным хозяйством
Экономическое стимулирование повышения эффективности
производства на промышленных предприятиях
(на материалах ТОО «Корпорация Казахмыс»)
Актуальность темы исследования. Для решения стратегической задачи вхождения Казахстана в число наиболее конкурентоспособных стран необходим его экономический рост, устойчиво опережающий рост мировой экономики. При выработке стратегии ускоренного роста для отечественной экономики ориентиром остается ряд общих черт индустриально развитых стран. Устойчивая положительная динамика социально-экономического развития должна быть обеспечено за счет упрочнения позиций Казахстана с широким использованием частной инициативы; активной роли государства в обеспечении благоприятных условий хозяйствования, включая финансовую и социальную стабильность; его участия в международном разделении труда на выгодных для страны условиях.
SUMMARY
on the author's abstract on a scientific degree competition of Cand.Econ.Sci.
on a specialty 08.00.05 - Economics and national economy management
Economic incentives of production efficiency increase at the industrial enterprises (on materials of "Corporation Kazakhmys" Ltd.)
Urgency of research theme. Its economic growth steadily advancing growth of economic is necessary for the strategic task solution of Kazakhstan entering in the number of the most competitive countries. A reference point is a number of the general features of industrially developed countries at development strategy of the accelerated growth for domestic economy. Steady positive dynamic of social and economic development should be provided due to hardening positions of Kazakhstan with wide use of the private initiative; an active role of the state in maintenance of favorable management conditions including financial and social stability; its participation in the international labour division on favorable terms to the country.
However the concrete definition of such conditions of economic development causes discussions. We support opinion of those scientists and experts which allocate as key factors maintenance of the accelerated economic growth motivation to high-efficiency work and strengthening of economic incentives system of labour activity. The modern postindustrial society for a long time has realized necessity of maintenance of work estimation concerning high in relation to the capital.