Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 21 стр.

Полный просмотр работы

Қаржылық құқықтық нормалары, түрлері, жіктелуі және құрамы

Мазмұны
Кіріспе 3
1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржы - құқықтық нормалар 5
1.2 Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы
жүзеге асыру әдістері 9
2. Қаржылық қатынстарды құқықтық қамтамасыз ету 12
2.1 Қаржылық құқықтың жіктелу құрамы 14
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиет 21

Кіріспе
Рыноктық қатынастардың құрылымында да, мемлекеттік тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - рыноктық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік сясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – эканомикалық мәнің түсіне білудің, оның іс - әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан эканомиксын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Негізінен теориялық курс болып табылатын және эканмикалық пәндер жүйесінде басты орындардың бірін алатын «Қаржы» курсында қоғамның өндірістік қатынастарының ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметтік ғылымдар құрамдастарының аса маңыздылырының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі «Қаржының» теориялық базасы болып табылатын эканомикалық теорияның (саяси эканомияның) негіздеріне сүйенеді. Ол тауар – ақша қарынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілмге негізделеді.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшаай қорланымдардың, табыстары және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерің қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын эканомикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән-мағынасы (предметі) болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсаты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндіістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі-материалистік диалистикалық тарих әдісі қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып,қаржылық қатынастар мен құбылыстарды олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.
«Қаржы» курсы «Ақша, кредит, банктер» теориялық курсымен және «Корпарациялық қаржы», «Қаржы менеджменті», «Қаржы құқығы», «Мемлекеттік бюджет», «Салық және салық салу», «Сақтандыру» сияқты арнаулы оқу пәндерімен тығыз байланысты.

1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржы - құқықтық нормалар
Қоғамдағы пайда болатын қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл орайда қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады.
Қаржы құқықтық нормалар – бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану үрдүсінде пайда болатын қаржылық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржылық қатынастарға жататын жеке бағыттар бойынша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына межеленіп айырылады; қаржының кең ұғыным тұрғысында жалпы ақша қатынастары ретінде баян етілуіне байланысты қаржы құқығына сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банк құқығын, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдерді де қосады.

1.2 Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы
жүзеге асыру әдістері
Мемлекеттің қаржылық қызметі ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылау функциясы болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктерімен анықталады. Мемлекет әр түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай-ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қаражаттары өзінің ықпалын жая отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.
Сол немесе өзге функциялардың мазмұнына, рөліне және іс-қимылының ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттін билік немесе мемлекеттік басқару түрінде жүзеге асырылады. Мемлекеттің биліктің жоғары органы - Қазақстан Республикасының Парламенті, мемлекеттік биліктің жер-жердегі органдары–депутаттардың жиналысы–мәслихаттар. Атқарушы биліктің басшысы Президент болып табылады, атқарушы-өкімгерлік қызметті Қазақстан республикасының Үкіметі, жергілікті жерлерде-басшылар және жергілікті әкімшеліктердің аппараты жүргізеді.
Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға:

2. Қаржылық қатынстарды құқықтық қамтамасыз ету
Қаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар өзінің өкілеттікті шегінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу, пайдалану оларды жұмсауға бақылау жүргізу, қаржы жоспарларын және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау жөніндегі қаржылық қатынастарды реттейтін, сонымен бірге қатынастардың қатысушыларына басшылық ететін белгілі бір қаржы-құқықтық актілерді қабылдайды.
Қаржы – құқықтық актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржы – құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқтатылуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржы - құқықтық актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.

2.1 Қаржылық құқықтың жіктелу құрамы
Қаржылық құқық жіктелу құрамы -заңдарда, мемлекетпен танылатын өзге де қайнар көздерде көрініс тапқан құқылы-рұқсатты жүріс-тұрыстың жалпыға міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтық жіктелу - құқықтың көмегімен қоғамдық қатынастарға, адамдардың жүріс-тұрысына құқықтық құралдардың барлық жүйесімен әсер етуді жүзеге асыру.
Құқықтық реттеу механизмі-бұл құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсатында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесі.
Құқытық реттеудің механизмнің мақсаты-субъектілерінің мүдделерінің құндылықтарға кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз ету. Құқықтық реттеу миханизмі-бұл табиғатты және функциялары бойынша әр түрлі заңды құралдардың жүйесі.
Құқықтық реттеу құрамының механизмнің келесі элементтерін бөліп қарастыруға болады:

Дегенмен, қәзіргі уақытта несие мөлшерлемелері жоғары болуына байланысты, ол шың мәнінде инвестиция көзі бола алмай отыр. Банктер үшін ұзақ мерзімді инвестициялық несиелендіру тәуекелділігі жоғары болатындықтан, банк қызыметіннің аталған дәстүрлі түрі іс-жүзінде кем дамымай отыр. Банктер мен өзге де несие институттары кәсіпоындарға дәстүрлі емес қызмет түрлерін де ұсынады. Олар:
- лизинг;
- факторинг;
- форфетинг;
- траст және т.б.
Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетін ұйымдастырудың маңызды міндеті- әр түрлі ақша қорларын қалыптастырып, оларды тиімді пайдалану. Олар арқылы кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекеті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, өндірісті өркендетуді қаржыландыру, бюджетпен есеп айырысу және т.б. іске асырылады.
Мұндай қорларға келесілерді жатқызуға болады:

Қорытынды
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі-материалистік диалистикалық тарих әдісі қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып,қаржылық қатынастар мен құбылыстарды олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды. Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшаай қорланымдардың, табыстары және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерің қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын эканомикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән-мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсаты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндіістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.

Қолданылған әдебиет
1. Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2006
жылдар
2. Булгакова Д.А «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы-2006ж.
3. Егембердиев Е.О. « ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы» Астана-2006ж.
4. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша Несие Банктер»: Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2005.
5. Атбаева, Гүлдана. Атауы әріден келген теңге тәуелсіздіктің тарихына айналды: [Қаражат] // Алтын орда. 2005-4-10 қараша. -4б.