Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бизнесті бағалау

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Бағалау процедурасы


Жоспар
1 Бағалау процедурасы 3
1.1 Бағалау процесінің кезеңдері 3
1.2 Бизнес желіні бағалау 6
1.3 Бизнесті бағалауды арнайы қолдану 11
1.4 Бизнестің нарықтық құнын бағалаудағы негізгі түсініктер 20
1.4.1 Бизнестің нарықтық құнын бағалаудың қажеттілігі және мақсаты 20
Әдебиеттер 25

1 Бағалау процедурасы
1.1 Бағалау процесінің кезеңдері
Бағалау процесін алты кезеңге бөлуге болады.
1. Проблеманы анықтау
2. Бағалаудың жоспарын құру
3. Ақпаратты жинақтау және растау
4. Нақты жағдайға байланысты бағалаудың сәйкес бағытын қолдану
5. Ұйғару
6. Құнды бағалау нәтижелері туралы есеп беру.
Бағалау кезіндегі мүліктің объектіні жете зерттеп, онымен байланысты заңдық құқықтарды анықтау керек. Нақты активтің мөлшері мен сипаттамасын айқындап, өлшеген жөн. Объектімен байланысты құқықтар бірлесіп жалға алуда немесе серіктесуде үлес ретінде қолданылуы мүмкін. Баланста болу, экономикалық мөлшер немесе экономикалық бөлістіру принциптері мәліметтердің қандай түрлерін жинау керектігін анықтайды.
Өзгеру принципі бағалаушы үшін тиімді бағалауды таңдаудың маңызын арттырады. Уақыт өте шарттар мен жорамалдар өзгеретіндіктен клиент құнды бағалау шынайы болатын уақыт шегін білуі тиіс.

1.2 Бизнес желіні бағалау
Бизнес желіні кең мағынада меншік құқықтарының, ұзақ мерзімді жеңілдіктердің және бәсекелестік артықшылықтардың, арнайы және әмбебап мүмкіндіктердің, технологиялардың, сондай-ақ нақты табыс легі не ақша легінің желісін – cash-stream немесе stream of cash-flows алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін келісім*шарттардың жинақтығы ретінде айтуға болады.
Мұндай кең мағынада бизнес желі өнімді желі деп те атайды. Инвестициялық талдауда бизнес – бағытты инвестициялық жоба деп атайды, ол өзінің өмірлік циклының түрлі кезеңдерінде болуы мүмкін (инвестиция процесінің басында бизнес-бағыт құрамасында, ортасында, инвестициялық процестің соңында және бұрын жасалынған инвестициядан қайтарым алу кезеңінде).

1.3 Бизнесті бағалауды арнайы қолдану
Бизнесті бағалауды арнайы қолдану заңмен қарастырылған және ол нарықтық экономикада өте сирек кездесетін шаруашылық жағдайларға қатысты болады. Осы жағдайлардың біршамасы нарықтық экономикадағы кез-келген мемлекеттерге тән, ал кейбіреулері өтпелі экономикадағы мемлекеттерге тән.
Арнайы қолдану келесідей алты негізгі жағдайларға тән:

Бизнесті бағалаудың қаржылық дағдарысты кәсіпорындарды санациялау процесіне қатысты міндеті өзгереді. Ол өзгеріс жоспарланған санациялық шаралардың кешені орындалып болған соң кәсіпорынның бағалық құнын болжамдауда байқалады.
Мұнда болжамданған құн қандай санациялық шаралар жүргізілгеніне қарай көп нұсқалы болады. Ресми түрде банкрот деп жарияланған кәсіпорында жоғарыда аталған міндет кәсіби дайындалған сыртқы басқарушылардың маңызды функциялардың бірі болып табылады. Сол басқарушыларды тағайындаған соң кредиторлар жиынына ұсынылатын банкрот кәсіпорынның бағалануы туралы есеп беруде олар кредиторлардың шешіміне кем дегенде екі альтернатив ұсынуы тиіс, яғни:

Бірақ бұл санацияны қаржыландырудың қызықты «стратегиялық» қайта құру схемаларының кемшіліктерін төмендегі екі жағдай көрсетеді:
Фирма және оның менеджерлеріне қатысты ақырғы шешім қабылданатын сәтте қайта құру күтілетін нәтижелерге жеткізбейді;
3-ші мүдделі тұлғалардың талаптары бойынша қолданылатын қайта құру тәсілі жиі заңсыз деп танылады.
Сондық санацияны ұйымдастыру және қаржыландыру кезінде, сондай-ақ оның кәсіпорын құнына әсерін болжамдау кезінде бизнес желі мен мүлікті талдауға басты назар аудару керек, өйткені оны іске асыру арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын және бағалануын жақсартуға болады.

1.4 Бизнестің нарықтық құнын бағалаудағы негізгі түсініктер
1.4.1 Бизнестің нарықтық құнын бағалаудың қажеттілігі және мақсаты
Кез келген меншік объектісінің құқын бағалау нақты нарықтағы белгілі бір уақытта алынатын потенциалды және нақты табысты ескере отырып объектінің ақшалай құқын анықтаудың реттелген және мақсатты процесі болып табылады.
Бағалау процесінде бағаланатын объект және бағалаушы субъект болады. Бағалау субъектісі ретінде арнайы білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгерген кәсіби бағалаушыларды танимыз. Ал бағалау объектісі бұл иесін түрлі құқықтармен қамтамасыз ететін кез-келген меншік объектісі болып табылады. Бағалау объектісі ретінде бизнес компаниялар, кәсіпорындар, фирма, банк, активтердің жеке түрлері (материалдық және материалдық емес) танылады.

Өтімділік. Кәсіпорынның құнын бағалау кезінде әсер ететін маңызды факторлардың бірі сол меншіктің өтімділік дәрежесі болып табылады. Тәуекел деңгейі өте төмен және ақшаға тез айналатын активтер үшін нарық сыйақы төлеуге дайын.
Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы. Кәсіпорынға сұраныс келесідей жағдайларға тәуелді болады: кәсіпорынның пайдалылығы, инвестолардың төлем қабілеттігі, ақша құндылығы, қаржы нарығына қосымша капиталды тарту мүмкіндігі.
Кез келген объектінің бағалау құнына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсер етеді. Егер сұраныс ұсыныстан артып кетсе, онда сатып алушылар ең жоғарғы бағаны төлеуге дайын.
Егер ұсыныс сұраныстан артып кетсе, онда бағаны өндіруші бекітеді. Бизнесті сатуға болатын минималды баға оны құруға кеткен шығындармен анықталады.